Талдаушылардың айтуынша, Украина үкіметі уәде еткендей реформалар өткізуге тырысып жатыр, сондай-ақ олардың кейбір салаларда енгізген өзгерістері сәтті көрінеді. Бірақ, украиндықтардың көбі елде бұдан да көбірек өзгерістер тезірек болуын қалайды.
Украинада “қызғылт-сары төңкерісі” өткеніне 3 ай болды. Сол кездегі ереуілшілерге жетекшілік еткен Виктор Ющенко мен оппозицияның басқа өкілдері енді билікте отыр.
Игорь Лосев Киевтегі Могилян Академиясында тарих және философия пәндерінен дәріс береді. Лосевтің айтуынша, елде өткен қызғылт-сары төңкеріс Украинаға оң әсер еткен, әсіресе сөз бостандығы саласында:
- Украинада бұған дейін ешқашан мұндай сөз бостандығы болмаған. Бізде биліктегілерді жартылай оппозициялық газеттер түгіл, құрмет ететін ақпарат құралдары да сынамайтын. Ал қазіргі кезде сынды материалдар көбейіп кеткен.
Президент В.Ющенконың таққа жайғасу салтанатты рәсімінен кейін, Украинаның жаңа үкіметі өзгерістер енгізе бастады. Ресмилер индустриялық салық міндеттемелерін қысқартып, жекешелендіру мәселелері бойынша келісімдерді қайта қарауды бастаған. Өткен аптада елдің парламенті түзетілген 2005 жылдың бюджетін мақұлдады.
- Украина үкіметінің сайлаушыларға деген көзқарасы да өзгерді, - дейді Экономикалық зерттеулер ұйымында жұмыс істейтін Стюарт Хенсел.
Дегенмен, сарапшылар Украинада айтарлықтай реформалар болды деуге әлі ерте дейді. Хенсел мырза жаңа үкімет әлі де бос сөздікпен айналысып, үлкен қимылдарға барудың орнына ұсақ өзгерістерге назар аударғанын айтады.
- Нақты бір өзгерістер күту әлі де ерте. Олар, яғни жаңа әкімшілік, іс жүзінде өткен 2 айда кадрлық өзгерістермен айналысып, негізінен нақты заңнамалар жасай алған жоқ, - дейді Хенсел.
Сонымен қатар, Украинадағы жаңа үкімет полиция, құпия қызмет, шекара және кеден ресмилерін өзгертуді бастады. Сондай-ақ, елдің сыртқы саясатында да елеулі бір өзгерістер болды. Атап айтқанда, Украина Еуроодақ елдері азаматтарына визасыз тәртіп енгізбекші.
Дегенмен, украиндықтардың көбі елде бұдан да көбірек өзгерістердің тезірек болуын қалайды дейді Игорь Лосев:
- Менің ойымша, Украинада көп нәрселер өзгерді, бірақ, адамдардың күткені одан да көп еді. Біздің менталитетіміз ерекше ғой, сол үшін адамдар егер бүгін наразылық акция өткізсе, ертесінде елдегі барлық нәрсе өзгере қалады деп ойлайды. Алайда, Украина халқы өз жаңа жетекшілеріне сенім білдіреді.