Грузия, Украина және Қырғызстанда өткен төңкерістерден кейін, Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінде үкіметтің жастарға көбірек көңіл бөле бастады. Аталған екі ел басшылары жастарды елдегі режим өзгерісін көздейтін саяси қозғалыстардан алыс ұстап, үкімет қолдаушылары қатарына тартуға үміттеніп отыр.
Қырғызстанда бірнеше аптаға созылған наразылық шерулер наурыздың 24-де ереуілшілер Бішкектегі үкімет үйін басып алғанда шырқау шегіне жетті. Дәл сол күні, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан Астанада парламентте сөйлеген сөзінде, қырғыз президенті Асқар Ақаевтың биліктен кетірілуінің артында жастар болды деді.
Сондай-ақ, ол Грузия мен Украинадағы төңкерістерді де жастар ұйымдастырды деген ойын айтты. Бекболат Тілеухан Қазақстанда мұндай көтерілістерге жол бермеу үшін мемлекеттік стратегия жасауға шақырды. Ал, Әзірбайжанда үкімет жастар арасында тууы ықтимал наразылықтың алдын-алу шаралары саясатын жүргізіп келеді.
Швецияда шығатын “Орта Азия және Кавказ” атты журналдың редакторы Мұрад Есеновтің айтуынша, Әзірбайжан үкіметі бұған дейін жастарды саясатқа тартып келген.
- Әзірбайжанда жастар мен студенттер көбінесе саясатқа тартылған, бірақ, олар үкіметті қолдаушылар қатарында. Мәселен, Жаңа Әзірбайжан партиясының жастар қанатының барлық жоғарғы оқу орындарда өкілдері бар. Олар белсенді түрде студенттермен жиналыстар өткізіп, жастармен, тіпті президент Әлиевтің жұмыстарын да талқылайды. Олар кез-келген төңкерістің негізгі күшін жастар құрайтынын біледі, сол үшін үкіметті қолдайтын партия жастарды барынша өз жағына тартуға әрекет жасайды. Ал, Қазақстанда мен мұндай ұйымдастырушылықты көрген жоқпын, - дейді М.Есенов.
Әзірбайжан және Қазақстан үкіметтері тек қана саясатқа назар аударып отырған жоқ, олар сондай-ақ жастарға экономикалық жеңілдіктер ұсынуда.
Алматыдағы “Трансперенси Қазақстан” ұйымының директоры Сергей Злотниковтың айтуынша, елдегі жетекші Отан партиясы жастарды саясатқа көбірек араластырудан қорқады.
- Көп жағдайда, Отан партиясы жастарды саясатқа араластырғысы келмейді, өйткені олар қандай да бір төңкерістің орын алуынан қорқады. Бірақ, бұл партияның көптеген проблемаларды шеше алатындай қаржы көздері жетерлік. Ол жастардың өмірін жақсарта алады, мәселен, олардың стипендиясын көтеруге мүмкіндігі бар, сол себепті жастар саясаттан алшақ, - дейді Злотников.
Өткен аптада Қазақстанның білім министрлігі студенттердің шәкіртақысын көтеретіндігі туралы хабарлады. Сондай-ақ, үкімет олардың көлікке жұмсайтын ақшасының 50 пайызын төлейтін болады.
Тәуекелдікті бағалау тобының директоры Досым Сәтпаевтың айтуынша, Қазақстан үкіметі Қазақстанның Жастар Конгрессі сияқты жергілікті жастар ұйымдарын ақшалай қолдайды.
- Үкіметтегілер өзін қолдайтын жастар ұйымдарын оппозициялық жастар ұйымдарына кедергі болу үшін пайдалануға тырысады. Мемлекеттік органдар президентті қолдайтын ұйымдарға көп ақша береді және оларға көп қолдау көрсетеді, - дейді саясаттанушы Сатпаев.
Оның айтуынша, енді Қазақстан үкіметі түрлі жастар ұйымдарын, әсіресе, оппозициялық қозғалыстармен байланысы болған ұйымдарды өз бақылауына алуға тырысады.
Ал, Әзірбайжан өкіметі биылғы қараша айында өтетін парламент сайлауларына дайындалып жатыр. Хабарланғанындай, президент әкімшілігінің басшысы Рамиз Мехдиев үкіметтік агенттіктерге жастарды, әсіресе, студенттерді жұмылдыру әрекеттеріне қосылыңдар деген тікелей нұсқаулар жіберген.