Мәскеуде Жеңістің 60-жылдығына арналған үлкен әскери парадқа дүниежүзінен елуден астам мемлекеттің басшылары келмекші. Оған қатысатын АҚШ президенті Джордж Буш жұма күні ұзақ және дипломатия жағынан күрделі сапарын бастады. Сапар мақсаты – фашизм және коммунизмнің күйреулерін қатар атау.
Жұма күні кешке таман Буш Еуропа сапарын бастайды. Алдымен ол Латвия астанасы Ригаға келіп, сенбі күні сөз сөйлемек. Буш әлемде қанаушы үкіметтерді жою, демократия мен еркіндікті орнату деген ұзақ мерзімді мақсаттарды алға тартпақ.
Ригада Буш Латвия, Литва және Эстония президенттерімен жолығады. Буштың сапарының шарықтаған тұсы дүйсенбі күні болмақ, Буш Мәскеуге келіп, Екінші дүниежүзілік соғысының аяқталуының құрметіне өтетін мерекелік шараларға қатыспақ. Сапар қарсаңындағы сұхбаттарында Буш Ресей президенті Владимир Путиннің Балтық жағалауы елдерінің тағдырын есіне саламын, Екінші дүниежүзілік соғысы аяқталса да Совет Одағы Балтық жағалауы елдеріне өктемдік орнатқанын алға тартамын деген.
Ресей президенті Владимир Путин болса ИТАР-ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің Балтық елдерінің алдында кешірім сұрайтын жөні жоқ деді. Ал, сейсенбі күні Буш Грузия астанасы Тбилисиге ұшып келмек, Буш 2003 жылы болған "раушангүл революциясына" жылы сөз айтпақ. "Раушангүл революциясы" Грузия басшылығына батысшыл бағыттағы саясаткер Михаил Саакашвилиді әкелгені аян.
Буш осы сапарында екі дипломатиялық мақсаттың арасында тепетеңдік сақтамақ – Екінші дүниежүзілік соғыста болған Ресей құрбандарына тағзым етпек, сонымен қатар Совет Одағының Балтық жағалауы елдерінде жасаған басқыншылығын еске салмақ. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Стефен Хадлей Буш Ресейге бағыттап қандай да бір қимыл жасап отырған жоқ, бірақ Буш президенттік қызметінің екінші мерзіміндегі бас мақсаттарының аясында бостандық пен демократияны кеңейту жайында бірнеше рет сөз сөйлейді дейді.
Латвия және Грузияда Буш ұлттық азшылықтардың құқықтарын және жеке бостандықтарды, тәуелсіз қоғамдық салаларды құрметтеу маңыздылығын алға тартпақ. Буш Латвияны осында жасайтын орыс азшылығының мұқтаждықтарына кеңірек көңіл бөлуге шақырмақ.
Грузияға келетін болсақ, Грузияның ресейшіл бағыттағы сепаратистік аймақтармен арадағы араздықтарды шешуге үндеу айтпақ. Буш және сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Ресей басшылығымен болған сөйлесулерде демократиялық реформалар мәселелерін бірнеше рет көтерген болатын.
Дегенмен, Ресей ішінен шығып отырған үндеулер АҚШ әкімшілігін Путинге көбірек сөз салуға шақырып отыр. "Үлкен сегіздік" тобында төрағалықты атқару кезегі келесі жылы Ресейге тимек. Міне, осының қарсаңында АҚШ конгресмендері Том Лантос және Кристофер Кокс Ресейді "Үлкен сегіздік" тобынан шығарып тастауға шақырды. Том Лантос бейсенбі күні Конгресте болған тыңдауларда өз ұстанымын былай сипаттады:
- Президент Путинның басқаруы кезінде Ресей кертартпалық сипатқа түсті. Совет Одағындағыдай мұнда еркін баспасөз қалмады. Заң мәртебесі өктемдік қысымында, демократиядан ада сипат алды. Ресейде адам құқықтарын бұзу қатаң көрініс тапты.
"Үлкен сегіздік", яғни әлемнің өнеркәсіп экономикасы жағынан аса дамыған сегіз елдің қатарында болу Ресей үшін үлкен мәртебе. Ресей осы ұйымға қосылуға бұрынғы президент Борис Ельцинның тұсында бірден ұмтылды. Ресей қабылданбастан бұрын бұл ұйым "Үлкен жетілік" деп аталды. Сосын "Үлкен жетілік + бір" яғни "Үлкен жетілік" және шетте тұрған Ресей деп сипатталып жүрді.
"Үлкен жеті жарымдық" деп те Ресей мәртебесін төмендетіп айтылған кезең болды. Енді міне, АҚШ Конгресінің кей мүшелері Ресейді жоғары ұйымнан шығарып тастау керек дейді. АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Поула Добрянски ұсынысқа қосылмай, Ресейдегі мәселелерді Ресеймен бірге болып шешілуіне үміттенеміз деді.
Бас пәтері Вашингтонда орналасқан "Америка Құрама Штаттарының Германия Маршалл қорының" сыртқы саясат директоры Джонн Гленн Буштың Латвия және Грузияға баруы Еуропаны кеңінен демократияландыру жайындағы Буштың міндеттемесін көрсетіп тұр дейді:
- Буш Еуропаның жаңа шекараларында жаңа дуалдардың тұрғызылуын қаламаймын деген ұстанымын көрсетуге күш салып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының мерейтойын тойлап отырсақ та, ғасырлар бойы Еуропа шынайы жолмен бірігіп отырса да ондай саяси қауіп бар.
"Демократия үшін Ұлттық қолдау қордың" Еуропа және Азия бағдарламасының директоры Надя Дюк Буштың Грузияға баруы Грузияның реформашыл үкіметін қолдау боп табылады дейді.