Өзбекстанда үкімет күштері мен ереуілшілер арасында қақтығыстар болған өткен аптадан бері Орта Азия елдерінің билік басындағылары мұндай толқулар үшін исламдық топтар айыпты деп мәлімдей бастады. Мұндай мәлімдеулер Ташкентпен қатар, Бішкек, Душанбе, Мәскеу тарапынан да естілді.
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Әндіжан аймағында және басқа да жерлерде болған қақтығыстарды өз үкіметін құлатуды көздеген радикалды исламдық топтардың ұйымдастырған қимыл-әрекеті дегенді жиі қайталауда. Ол жексенбі күні бұл толқулар жоспарланған деп атап көрсетті:
- Әндіжанда болған оқиғалар аяқ астынан бұрқ ете қалған жоқ. Бізде Әндіжандағы шерулерді ұйымдастыруға 3-6 ай бойына дайындық жүргізілгені жөнінде нақты ақпараттар бар.
Кәрімов қақтығыстар - тыйым салынған исламдық Хизб ут-Тахрир ұйымының ісі деп арнайы атап айтты. Өзбек үкіметі аталған топты өздері айтып жүрген Ислам халифатын, демек Ислам мемлекетін құрамыз деген мақсаттарын жүзеге асыру үшін осындай толқу-қақтығыстарды пайдаланады деп ұзақ уақыттан бері айыптап келеді. Бірақ, Хизб ут-Тахрир тобы өздерінің қақтығыстарға және ол оқиғаларды өршітуге араласпағандарын мәлімдеуде.
Қырғызстанның уақытша президенті Құрманбек Бакиев те сенбі күні Өзбекстанның Ислам қозғалысы, Әл-Қаидамен байланысы бар қандай да бір қарулы топ бұл жайттарға жауапты дегенді айтқан. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновтың жоғары кеңесшісі Ессамудин Салахиддинов те осыған ұқсас бағыт ұстанып, Азаттық радиосына берген сұхбатында Хизб ут-Тахрир бұған кінәлі дегенді айтқан.
- Біздің бұған дейін білетініміздей және барлау қызметтерінің деректеріне сәйкес: Өзбекстанда ереуілдердің етек алуы тиым салынған Хизб ут-Тахрир тобы басшыларының арандатушылық істері, - деген.
Аймақтық сарапшы-талдаушылар Орта Азияда радикалды исламдық топтардың әрекет ететіндігі және олардың Кәрімов үкіметіне қарсы шабуылдардың артында тұрғаны күмәнсіз болуы мүмкін дегенді айтады. Бірақ, олар аймақтық басшылардың тез арада исламдық топтарды айыптап шыға келгендері - бұл жайттар тиісті тұрғыда тексерілді ме, болмаса олар тек өз тұжырымдарына сүйеніп айтып отыр ма деген сұрақтар туғызады дейді.
"Форум 18" басылымының сарашысы Феликс Корлей мен бүкіл әлемде дін еркіндігін насихаттайтын тәуелсіз топ Орта Азияда жақында өріс алған оқиғаларға тереңнен талдап қарайды. Атап айтқанда, Корлейдің пікір-көзқарасы төмендегідей:
- Өзбек үкіметі исламдық топтарды айыптау бастамасын шындығында өз қолдарына алды, олар бейбіт шерулерден бастап, жасырын ұйымдардың бәрін де солардың әрекеті деп біледі, жақында Әндіжанда, Қарасуда болған көтерілістер үшін де Исламдық топтарды айыптайды. Бұл аймақтағы басқа үкіметтер де осындай айыптау көзқарас жағында. Олар құпия қимыл-әрекеттердің бәрін де солардан көреді.
Мәскеу де Өзбекстанның шығыс аймағындағы соңғы толқулардың артында исламдық радикалды топтар тұр дегенді айтты. Аймақтық басшылар осылайша күмәнді деген қарсыластар мен оппозицияға барлық жауапкершілікті жүктеу арқылы өздерінің авторитарлық билік жүйесіне адамдардың төзе бергендігін қалайды.
Дегенмен де кейбір талдаушылар мұндай саясат исламдық топтарды олардың шын мәніндегі бар күш-ықпалынан асыра көрсетіп, оларды мықты күштер деп танитындай кері әсерге жеткізеді деген ойды да айтады. Ал енді кейбіреулердің ондай топтарға деген қызығушылығын туғызуы мүмкін дейді.
Лондондағы Патшалық халықаралық институттың аймақтық талдаушысы Джэймс Никсей президент Кәрімовтың қазіргі ұстанып отырған саясаты - радикалды исламдық топтардың жаңа адамдармен толығу қаупін тудырады дегенді айта келіп, Ташкенттің үкіметке қарсы шыққандардың бірнеше себептерді алға тартқанын, оның ішінде саяси және экономикалық себеп-салдарлар бар екендігін мойындағаны дұрыс деген ұсыныс білдіреді.
Өзбек билігі Әндіжанда жұма күні 169 адам қаза тапқан, олардың басым көпшілігі лаңкестер деген болатын. Ал Өзбекстан оппозициялық партиясы зардап шеккен 745 адамның тізімін жасадық деп айтқан еді.