АҚШ-тағы Станфорд университетінде жұмыс істейтін физик 1000 жыл бұрын өмір сүрген атақты ғалым Архимедтің жазулары бар құжатты рентген сәулесінен өткізіп, зерттеп жатыр. Физиктің айтуынша, рентген сәулесінің көмегімен ғалымның пергамент қағазындағы жазуын оқуға болады екен.
Бұдан 1000 жылдай бұрын бір беймәлім ғалым Архимедтің кейбір жазуларын көп уақытқа сақталатын пергамент қағазына көшіріп алыпты. Бұл құжат бұдан 1300 жыл бұрын жазылған екен.
Сол дара туған ғалым өзінен кейінгі осы замандағы ғалымдар үшін тамаша бір сыйлық қалдырды десе болады. Бірақ, ол интеллектуалды вандализмнің тереңдігін ескермеген. Батыс күнтізбесі бойынша ХІІ ғасырда бір монах Архимедтің жазуы болған пергамент қағазында өзінің дұғаларын жазыпты. Сол заманда мұндай шара әдетке айналған болатын. Пергамент қағазын қайтадан пайдалану “палимпсест” деп аталады.
Жаңағы кітап жылдар бойы қаншама адамның қолына тиіп, түрі де өзгеріп кетіпті. Кітап құнды болу үшін оны көркемдеп, оған алтын да қосқан екен. Сол кітап 1998 жылы аукционда бір адамға 2 мың долларға сатылған. АҚШ-тың Балтимор қаласындағы Уолтерс өнер мұражайында істейтін Уиллиям Ноел деген кісі аталған кітапқа қызығып қалады.
Ноел жаңағы кітапты сатып алған кісіге барып, оны Уолтерс музейіне зерттеуге беруін сұрайды. Ноелдың пікірінше, Архимедтің жазуы бар кітап математиктер, тарихшылар және басқа да ғалымдарға қызық болуы мүмкін.
- Білесіз бе, математиктер мен батыс елдерінің мәдениетіне қызығатындар үшін Архимед - ғылым тарихындағы ең негізгі адам. Ол – мәдениетіміз бен қоғамымыздың дамуына үлес қосқандардың бірі боп саналады. Архимедтің жазулары – біздің технологиямыз, - дейді Ноел.
Ноелдың атап көрсетуінше, жаңағы жазуларды сақтап, оларды зерттеу керек:
- Біздің үш мақсатымыз бар. Ең маңыздысы: жазуды қолымыздан келгенше сақтап қалуымыз керек. Жазудың өзі өте ескі болғандықтан, Архимедтің текстін кітаптан оқуымыз керек, - дейді Ноел.
Ал, Калифорниядағы Станфорд университетінің физигі Уе Бергман мынандай пікірін айтты:
- Мен биологиялық және басқа жүйелерді зерттеу үшін рентген сәулесін пайдаланудың жаңа әдістерін дамытуға тырысамын.
Бергман аталған құжат туралы “Гео” деген неміс басылымынан оқыған екен.
- Мен Архимедтің “палимпсесті” туралы жазған мақаласын газеттен көрдім. Ол текст темір бояумен жазылғаны жөнінде сол мақаладан білдім. Білесіз бе, мақаланы оқып жатқанымда рентген сәулесін пайдаланып, “палимпсесті” оқуға болады деген ой келді, - дейді Бергман.
Архимедтің жазуы бар кітап туралы білгеніне физик өте қуанышты:
- Архимед - ең ақылды адамдардың бірі. Ол біздің жүзеге асырып жатқан шаруаларымыздың негізін салған кісі. Біз осы технологияны пайдаланып, оның миы қалай істегені туралы түсіне алатынымызға өте қуаныштымыз. Бұл расында да – тамаша, - дейді Бергман.
Архимед бұдан 2300 жыл бұрын Сицилия аралының Сиракузы қаласында туып, 75 жасында қайтыс болған.