Жексенбі күні түс кезінде Алматыда Қазақстандағы сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігін қорғау мақсатында «Журналистер тәуелсіз ақпарат құралдарын қудалауға қарсы» деген ұранмен митинг болып өтті.
Сенбі күнгі кештен бастап үздіксіз себелеген жауынға қарамастан, жексенбіде өткен митингке мыңға жуық адам жиналды. Митингке қатысушылар оны бастамас бұрын жақында Өзбекстанның Әндіжан қаласында қырғында қаза тапқан марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұдан кейін митингте сөз алған қазақстандық журналистер мен оларды біріктіретін қоғамдық ұйым өкілдері, қоғам қайраткерлері және қатардағы азаматтар Қазақстандағы сөз бостандығының қазіргі жай-күйіне қатысты өз пікірлерін білдірді.
Митингті ұйымдастырушыларға – осы мамыр айының 5 күні үкімет жапқан «Республика. Деловое обозрение» газетінің редакциясы мен «Сөз бостандығын қорғау жөніндегі қоғамдық комитетіне» қала билігі бұл митингті Алматының орталығынан шеткері орналасқан «Сарыарқа» кинотеатрының сыртындағы саябақта өткізуге ғана рұқсат беріпті. Митингте сөйлегендердің барлығы қазіргі Қазақстан қоғамында баспасөзге билік тарапынан қысым жасалып отыр деген баға берді.
- Бұл сөз еркіндігін қашанда сақтап келген, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген сөзді берік ұстанған қазақ халқының дәстүріне қарсы әрекет. Біз аузымызды буып, тілімізді кесіп ұстаған кешегі кеңестік жүйенің қандай екенін көргенбіз. Ал бүгінгі билік сол кезді басымызға қайта орнатқысы келіп отыр ма? Егер солай болса, ондай биліктің бізге керегі бар ма? - деді «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі, Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы төрағасы Жармақан Тұяқбай.
Ресми деректер бойынша Қазақстанда екі мыңнан астам ақпарат құралдары тіркелген.
- Ал соның ішінде оппозициялық басылымдардың саны оншақты болса да бар болуы – жақсы, - деді Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев.
Қазақстандағы сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Қалеева қазір Қазақстан парламентінде мемлекеттік қауіпсіздікті сылтау етіп, баспасөз құқығын күрт шектейтін үш бірдей заң жобасы қарауда жатқанын айтты.
- Егер біз қазір белсенділік танытып, ондай әрекеттерді тоқтатпасақ, ертеңгі күні біз оқитын, біз көретін ештеңе қалмайды. Сондықтан мұндай әрекеттерге қарсы тұруға тиіспіз, - деді Тамара Қалеева.
«Азат» газетінің бас редакторы Батырхан Дәрімбет демократиялық қоғам мен баспасөз бостандығы егіз ұғым, бұл қағиданы үкімет берік ұстануы керек дегенді айтты. Сондай-ақ, митингте сөйлеген қоғам қайраткерлері - Болат Әбілов, Заманбек Нұрқаділов, Ғани Қасымов, Төлен Тоқтасынов және қазақстандық журналистер Ермұрат Бапи, Рамазан Есіргепов, Галина Дырдина, Жүсіпбек Қорғасбек, Жасарал Қуанышәлин және басқалары, қазіргі кезде Қазақстан қоғамында көкейкесті тақырыпты қозғап, соның ішінде әсіресе, билік басындағылардың сыбайлас жемқорлығы мен заңсыз әрекеттерін әшкерелейтін өткір мақала жазған журналистер мен басылымдар үнемі қуғын көретінін айтты.
Өз сөздерінде шешендер барша жұртты әділетсіздік пен заңсыздыққа қарсы тұрып, өз құқықтарын қорғай білуге шақырды.
- Бостандық пен сөз еркіндігіне ұмтылысты адамзат тарихында әлі ешкім біржолата тоқтата алған емес, себебі, адамның өмірлік мұраттарына тоқтау салу - мүмкін емес, - деді осы митингті ұйымдастырушылардың бірі, «Сөз бостандығын қорғау жөніндегі қоғамдық комитетінің» төрағасы, саясаткер Болат Әбілов.
Митингке келген азаматтардың арасынан Азаттық радиосына пікір білдірген театр режиссері Болат Атабаев:
- Адамның ақпарат алуға құқығы - үкімет емес, табиғат сыйлаған еркіндік. Ал үкімет ол еркіндікке ешкімнің қол сұқпауын, қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Менің арманым – Қазақстанда осындай митингтер өткізу қажеттігі тумайтын күн орнаса деймін, – деді.
Қазақстандық журналист Сергей Дуванов Қазақстанда кезекті президент сайлауы қарсаңында үкімет дағдылы тәсіліне басып, өз ықпалына тәуелсіз басылымдарға қысымды күшейтіп жатыр деп санайды.
- Бірақ та осы митинг және келешекте болатын осындай жиындар – керек, себебі, олар елге қоғамдағы жағдайдың әлі де болса үмітсіз емес екенін және адамдардың ойлауға, қарсыласуға әлі де болса қабілеті бар екенін көрсетеді, - деді Сергей Дуванов.
Бір жарым сағатқа созылған митинг соңында қабылданған арнайы қарарда Қазақстан президенті мен үкіметінен елде тәуелсіз басылымдар мен журналистерді қуғындауды тоқтатуды, сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігін қамтамасыз етуді талап етіп, бұл олардың тікелей міндеті екені атап көрсетілген.