Иранда тұтқындалған журналист Акбар Ганжи емделуі үшін уақытша түрмеден босатылды. Бұдан бұрын Иран үкіметі бұл журналистің емделуіне рұқсат бермеген болатын. Бірақ, Ганжи үкіметтің бұл бас тартуынан кейін аштық жариялаған еді. Түрмеден шығысымен Ганжи саяси себептермен қамауда отырғандардың бәрін босатуға шақырды.
Журналист Акбар Ганжи Иранның жоғары лауазымды шенеуніктерінің ар-ожданына нұқсан келтірді деген және басқа айыптармен 2001 жылы тұтқынға алынған болатын. Журналист елде бұдан бұрын кісі қолынан қаза болған зиялылардың өліміне Иранның бірнеше ресмилері, олардың ішінде қазірде президентке үміткер боп отырған Акбар Хашеми Рафсанжанидің қатысы болуы мүмкін деген сыни мақалалар жазған.
Журналист Акбар Ганжи өмірінің 5 жылын түрмеде өткізгенімен үкіметке бойсұнбайтын көрінеді. Жексенбіде абақтыдан босатылысымен-ақ, Ганжи үйінде баспасөз маслихатын өткізді.
- Түрмедегі уақыт мені бұрынғыдан да күштірек етті, енді мен Иранда демократиялық өзгерістер үшін күресе беремін. Өмірімнің қалған күндерін абақтыда өткізуім керек болса да, көзқарасымды өзгертпеймін, - деді Ганжи журналистерге берген сұхбатында.
Ганжи түрмедегі жағдайына наразылық білдіріп, аштық жариялағаннан кейін уақытша азат етілді. Журналистің айтуынша, түрмеде оған психологиялық қысым көрсетілген. Ол өзінің тұтқындалғанын заңсыз және әділетсіз деп санайды. Журналист Ганжи қазіргі уақытта елде саяси себептермен қамауда жатқан журналистер мен жазушылардың барлығы босатылуы тиіс деді.
Адам құқықтарын қорғаушы топтар, академиктер мен белсенділер Ганжидің денсаулығына алаңдаушылығын білдіріп, оны босатуға шақырған-ды. “Шекарасыз репортерлер” ұйымының өкілі Реза Моини Ганжидің уақытша босатылуына бірнеше себеп фактор болған дейді.
- Акбар Ганжидің аштық жариялауы, халықаралық қысымдар – міне, осының бәрі оның азат етілуіне әсер етті, - дейді Моини.
Бақылаушылар Иран жетекшілері алдағы келе жатқан президент сайлауы қарсаңында адамдарды дауыс беруге рухтандыру үшін диссидентерге шыдамдылық білдіруде дейді.
Журналист Ганжи Иранның жоғары лауазымды шенеуніктерінің ар-ожданына нұқсан келтірді деген және басқа да айыптармен 2001 жылы тұтқынға алынған болатын. Журналист елде бұдан бұран өлтірілген зиялылардың өліміне Иранның бірнеше ресмилері, олардың ішінде қазір президенттікке үміткер боп отырған Акбар Хашеми Рафсанжанидің қатысы болуы мүмкін деген сыни мақалалар жазған еді.
Вашингтондағы Джорджтаун университетінде жұмыс істейтін әлеуметтану ғылымының профессоры Мехрдад Машаехи Ганжи Иранның мәдени және саяси өміріндегі ықпалды тұлғалардың бірі дейді.
- Ганжи – Ирандағы құқық қорғаушылардың бірі. Оның зиялылардың өліміне қатысты мақалалары, сондай-ақ, оның қорықпайтындығы – тамаша. Ол Иранның саяси әдебиетіне үлес қосқан адамдардың бірі, - дейді профессор Машаехи.
Журналист Акбар Ганжидің қанша уақытқа босатылғаны белгісіз.