Париж іргесінде халықаралық Ла Бурже авиа көрмесінде “Эйрбас” компаниясы соңғы үлгідегі жолаушы ұшағы – 555 орынды А380 әуе кемесін жұртшылыққа ұсынды. Жаңа ұшақ бүкіл әлемнің авиация өнеркәсібі саласындағы алдыңғы қатардағы әуе кемесіне айналады деген үміт бар.
Парижде ашылған ұшақтар көрмесіне авиация саласындағы мамандар мен Франция президенті Жак Ширак қатысты. “Эйрбас” компаниясының А380 жолаушы ұшағы әуеге көтерілген кезінде президент Ширак мақтанышпен қарап тұрды, өйткені, бұл ұшақ Францияның Тулуза қаласында жинақталған. “Эйрбас” компаниясының айтуынша, шығын болмауы үшін бұл ұшақтың 300-ін сату керек, ал қазіргі уақытқа дейін компания жарымынан көбін сатыпты. “Эйрбас” компаниясының өкілі Фернандо Алонсоның көңілі қуанышқа толы.
- Бұл ұшақтың үлкендігі өте ерекше. Оның үлкендігі, инновациясы жақсы. Біз бұл ұшағымыз үшін өте қуаныштымыз, сенімдіміз. Біз бұл көрсетуге келіп отырғанымыз біздің сенімділігімізді және барлық істеріміздің жақсы жүріп жатқанын көрсетеді, - деді Алонсо.
Сарапшылардың айтуынша, “Эйрбас” компаниясының бұл ұшағына “Боинг” компаниясы жаңа Боинг 787 ұшағын шығарып, бәсекелестік тудырып отыр. Боинг компаниясының мақсаты үлкен ұшақтарды шығару емес, көлемі орташа болған ұшақтарды шығару болып табылады.
Боинг компаниясының вице-президенті Майк Блэр Боинг-787 Эйрбасқа қарағанда жолаушыларға ыңғайлы дейді.
- Біздің ұшағымыз бәсекелесіміздің А330 немесе А350 ұшақтарына қарағанда жолаушыларға өте ыңғайлы, өйткені оның орындықтары кең, - деді Блэр.
Аталған екі компания Вашингтон мен Брюссель арасында сауда саласындағы пікірталасты тудырып отыр.
АҚШ үкіметі қолдайтын “Боинг” компаниясы Еуропалық үкіметтерді өзінің А380 және А350 ұшақтарын дамытуға көмек ретінде миллиардтаған доллар ақша берген деп айыптап отыр. Бұл заңсыз субсидиялар дейді “Боинг” компаниясы.
Ал Брюссель болса, “Боинг” жасырын түрде Америка әскерінен субсидиялар алады дейді. Бұл даулы мәселелерді енді Дүниежүзілік Сауда ұйымы талқылайтын болады.