Украинада Чернобыль апаты аймағындағы ауылдардың тұрғындары өмірлеріне қаншалықты қауіп-қатер төнсе де туған жерінен кеткілері келмейді.
Денсаулықтарына радиацияның келтіретін зиянына қарамастан, жүздеген адам Украинаның солтүстігіндегі радиациямен зақымданған аймақтарда тұрып жатыр. Чернобыль атом электр станциясында жарылыс болғаннан бері 20 жыл өтті, бұл ауылдардағы егде тартқан тұрғындар өздерінің осы жерде тамырлары тереңге жайылғандығын айтады.
Паришев ауылы Чернобылдың шығысында 20 шақырым жерде жатыр. Бұл бірнеше жүздеген адам мекендейтін тіршілік қайнап жатқан ауылдың бірі болған еді. Бүгін болса бұл ауылда ондаған ғана отбасы қалған. Ауылдың маңайында полицияның өткізу-тексеру бекеттері бар. Паришевке бару үшін сіз алдымен аймақ әкімшілігінен рұхсат қағаз алуыңыз керек болады.
Біз алғаш кездескен Галина Явченко ауылдағы кішкентай ғана үйінің алдында кешкі асын әзірлеу қамында екен. Үстінде көк көйлегі бар, басындағы ақ орамалын иек астынан тартып байлап алыпты. Көкке қарай шұбалған түтін арасында тұрып, ол бізге бұл өзгеше аймақтағы өмір туралы айтып берді.
Явченко ауыл тұрғындарының саны кеміп барады, өйткені адамдар бірінен соң бірі көз жұмуда дейді. Галина өзінің ұдайы басы ауыратынын және қан қысымының үнемі жоғарылап кететіндігін айтып, шағымданды. Бірақ ол радиоактивті аймақтың ортасындағы бұл тиым салынған ауылда тұрып, өмір сүруден қорықпаймын дейді:
- Біз бұл жерде тұруға үйреніп қалдық. Біз мұнда жабайы қасқырлар сияқтымыз. Өткен жылы қабан - жабайы шошқалар менің бағымнан тапқандарының бәрін жеп қойды.
Явченко радиациялық қауіп-қатер жөнінде айтқысы келмейді, ол радиацияны кім көріпті дейді. Егер мен сырқаттанып, өзімді жақсы сезіне алмасам, ол радиациядан емес, ол менің кәрілігімнен дейді ол бізге. Оның қорасында бірнеше тауығы, торайы мен ешкісі, екі иті бар. Осы малдарыма қарап, олардың күтімімен айналысудың өзі-ақ маған өлім туралы ойлатпайды дейді.
Галина мұнда өмір сүру қаншалықты қиын болса да, өзінің туған ауылында тұрып жатқанына риза кейіпте. Олена Шайло оның жақын көршісі. Ол басына шақпақ өрнекті орамал тартып алыпты. Жүзін терең әжім сызықтары жапқан, беті мен иегі күннің көзінде жұмыс істегендіктен, күреңітіп, қоңырқай тартыпты. Ол өз қолымен жасаған түрлі-түсті жастықтарын мақтанышпен көрсетіп, өзінің Паришевте тұрып жатқанына тіпті де өкінбейтіндігін айтады.
- Мен өз үйімдемін, бұл менің үйім. Мен өзімді қалай сезінемін, менің жасым 76-да болса, қалай сезінуім мүмкін? Мен өмірім түгесіліп келе жатыр деп білемін.
Олина өзінің ұлдары Чернобыль атом электр станциясында жұмыс істегенін айтады. Олардың екеуі де осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болыпты. Олар осында жерленген, қабірлері де осы ауылда. Бұл айрықша аймақтың Украинаның тұс-тұсына көшіп кеткен бұрынғы тұрғындары осы туған жерімізден топырақ бұйырсын деп қайтып келіп жатады екен.
Украиндық этнограф Олекси Долиа бұл Чернобыль апаты аймағында талай рет болған. Ол қазір де тіпті Украинаның өзінде адамдардың туған жерге деген сезімдері мен тартылыстарының күшті болатындығын айтады.
- Мен дәл осындағыдай туған жерге деген құштарлықты еш жерде кездестірмедім. Олар айтады: орманым мен өзенімді, кіндік қаным тамған жерді қалайша тастап кетемін деп.
Долианың айтуынша, мұнда қалғандардың басым көпшілігі жастары келген, егде тартқан әйелдер көрінеді. Ол мұның себебін түсіндіре алмайды, бірақ ол ер адамдар ішімдіктің салдарынан ертерек көз жұмып, қайтыс болып кететіні рас деген-ді.
Долиа радиация аймағында мекен еткендер үшін өмір сүру оңай емес дейді. Жабайы аңдар дәнді дақылдарды жеп кетеді, о жақ, бұ жақтан қашқан қылмыскерлер де осында келіп жасырынады.
Долиа өзінің өткен жылы осындағы ауылдарды аралаған кезінде қасына қарулы күзет алып жүргендігін айтады. Өйткені мұнда банды, бұзақылар көп кездеседі екен. Әр жолдың бойында бақылау бекеттерінің болғанына қарамастан, қылмыскерлердің бұл аймаққа өтіп кетуі, қайта шығып кетуі тіпті де оңай дейді ол.