Ресейдің батысындағы Смоленск қаласының соты радиожурналист Николай Гошконы жала жапқан деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сот Николай Гошкоға өзі жүргізген радиобағдарламаларда жергілікті үш ресми басшыны Смоленскідегі тәуелсіз радиостанцияның директорын өлтіруге тапсырыс берді деп кінәлаған хабарлар таратты деген айып тақты. Бұл үкімге шетелдік және ресейлік медиа бақылаушылар өз наразылықтарын білдіріп, бұл жайт Ресейде БАҚ еркіндігі жоқтығын, оларға қатаң тыйым салынып отырғанын көрсетеді деп айтып жатыр.
2000 жылғы шілденің 26-күні Смоленскідегі «Радио Весна» деп аталатын тәуелсіз радиостанцияның директорын белгісіз біреулер үйінің кіре берісіндегі баспалдақта атып, өлтіріп кеткен болатын. Келесі күні журналист Николай Гошко тікелей әуе толқынында хабар жүргізген кезде жергілікті губернатор мен ресми биліктің басқа да екі өкілінің бұл өлімге қатысы болуы мүмкін деген сөз айтқан. Міне, осы сөздері үшін енді оған бес жыл түрме жазасы кесіліп отыр.
Осы айдың басында Смоленск соты үш шенеунік оған қарсы қысым көрсеткендіктен, Гошконы 61 айға түрмеге жапқан болатын. Журналистке мұндай өте қатаң жаза қолданылуына ресейлік және шетелдік БАҚ бақылаушылары өз наразылықтарын білдіруде.
Бұрынғы Совет Одағының құрамында болған елдердегі журналистерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылық пен қудалау жайттарын бақылап отыратын "Журналистер қиын жағдайда" деп аталатын орталықтың директоры Олег Панфилов «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Гошкоға шығарылған үкім шектен тыс қаталдық болды және бұл соңғы кездері Ресейде журналистерді сын айтқаны үшін қудалау көбейіп кеткендігінің дәлелі дейді:
- Бұл Ресей журналисіне шенеунікке жала жапты деген айып үшін берілген ең үлкен жаза мерзімі. Дегенмен де Ресей заңдарында қазір жала жапқаны үшін дейтін бап кең тарап тұр. Соңғы бес жылдың ішінде түрлі деңгейдегі шенеуніктердің талап арызы бойынша қылмысты іс жиі қаралатын болды, орташа алғанда жылына кемінде 35 іске дейін барады.
Ал жалпы Ресейде жала жапқаны үшін кесілетін жаза ең көп дегенде үш жыл болуы керек. Алайда Олег Панфилов журналистке тағылып отырған айып мүлде қисынсыз деп атап көрсетеді.
- Бес жыл бұрын Николай Гошко эфирде отырып, Сергей Новиковтың өліміне осы облыстың губернаторының қатысы болуы мүмкін деп күмәнданғаны үшін ғана бес жылға бас бостандығынан айыру деген -мүлде қисынға келмейтін, ақылға симайтын үкім, ол тек қана өзінің солай болуы мүмкін деген ойын ғана білдірген, - дейді Олег Панфилов.
Панфиловтың айтуынша, президент Владимир Путин қол қойған ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заң-доктрина журналистерге қарсы қолдануға өте қолайлы, бұл ресмилер үшін таптырмайтын құжат болған:
- Әсіресе, Ресейдің аймақтарындағы шенеуніктер бұл құжатты журналистерге қарсы қимыл бағдарламасы ретінде қабылдады. Доктрина алдымен мемлекеттік басылымдарды қолдауды ойластырса, екіншіден, тәуелсіз басылымдарды жауапкершілікке шақырған-ды, ал Ресей шенеуніктері жауапкершілік десе, тек бас изеп тыңдай беру деп ұғады.
Бұл БАҚ бақылаушыларының жала жапты деген айыппен журналистің қатаң жазаға тартылғаны жөнінде дабыл қағуы бірінші рет емес. 2003 жылы Ресейдің Челябі қаласындағы газет редакторы Герман Галкин жергілікті екі ресми шенеунікке жала жапты деген айыппен бір жарым жылға сотталған болатын. Сол кезде «Журналистер қиын жағдайда» орталығы мен адам хұқтары топтары бірлесе отырып, Галкинді жан-жақтан қорғау шараларын жүргізді, сөйтіп ол қысқа мерзімде түрмеден босатылған еді.
- Николай Гошкоға қарсы жүргізілген сот ісі ерекше жағдай. Биліктің таралымы көп газеттер мен телекомпанияларды жапқан, журналистерді қудалаған мысалдарын көптеп келтіруге болады. Ал, қоғамдық пікір болса жұмған аузын ашпайды, сондықтан да мен Гошконың тағдыры Ресей журналистерінен гөрі халықаралық ұйымдарға көбірек байланысты болады деп қорқамын, - дейді Олег Панфилов.
Жариялылық қоры Смоленск сотына арнайы хат жолдап, Нью-Йорктегі журналистер наразылығы комитеті ресейлік журналиске шығарылған бұл үкімді қатты заң бұзушылық деп бағалады.