“Алматы Пауэр Консалитед” акционерлік қоғамының төңірегінде қалыптасқан ахуал апта соңында жарық көрген басылымдардың баса назар аударған тақырыбына айналып отыр. Мерзімді басылымдарда келтірілген мәліметтерге жүгінсек, бүгінгі таңда бұл компанияның кредиторлық қарызы 19 миллиард теңгені құрайды екен.
“Экспресс К” басылымында Алматы қаласының әкімшілігінде жұма күні “Алматы Пауэр Консолитед” энергокешенін қайта құрып, оны жекеменшік қолға сатқан дұрыс па, әлде мемлекет меншігінде қалдыру керек пе деген мәселенің талқыланғаны хабарланыпты. “Экспресс К” басылымы келтірген мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңдағы бұл компанияның кредиторлық қарызы 19 миллиард теңгені құрайды.
Автор өз мақаласында “Алматы Пауэр Консалитед” энергокешеніндегі жабдықтардың 80 процентінің, жылу жүйесіндегі жабдықтардың 90 процентінің ескіргендігіне тоқталыпты. Газет тілшісінің хабарлауынша, “Алматы Пауэр Консалитед” энергокешеніндегі қызметкерлердің айлығы басқа жерлермен салыстырғанда екі есеге дейін төмен болғандықтан, білікті мамандар жетіспейді. Мақала авторының сараптамасына сүйенсек, егер де “Алматы Пауэр Консалитед” энергокешені жеке меншік қолға берілсе, ондай жағдайда жылу мен электроэнергияның бағасы көтеріледі.
“Литер” басылымы болса, “Алматы Пауэр Консолитед” акционерлік қоғамының “Қазақстан Халық Банкіне” 8 миллиард теңге қарыз болып қалғандығына тоқталып, енді олардың энергетикалық нысандарды және онымен қоса екі қонақүйді сатып жіберуді ұйғарғандығына айрықша тоқталыпты. Сондай-ақ, мақала авторы осыған қарсылық білдіргендердің жұма күні Алматы қалалық әкімшілігінің алдына жиналғанын да жазыпты. Мақала авторының айтуынша, премьер-министр Даниял Ахметов осы оқиғаға байланысты Министрлер кабинетінің қаржылық ұжымымен жиналыс өткізіп, АПК-ң мүлігін республикалық меншікке сатып алу туралы мәселені талқылаған.
“Айқын” басылымы болса Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың АПК-і тек инвесторлар қолына беру арқылы ғана сақтап қалуға болатындығын айтқанын хабарлапты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, АПК жұмысын бір ыңғайға келтіріп, қарыздарды жабу үшін, инвесторларды жұмылдыру арқылы 15 миллиард теңге қаражат қажет. “Айқын” басылымының хабарлауынша, АПК акционерлік қоғамының мүліктерін сату 27 шілдеге белгіленген екен.
“Жас Алаш” басылымы болса “Әділетті Қазақтан” қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай және “Нағыз Ақ жол” партиясының тең төрағасы Ораз Жандосов қозғау салғаннан кейін ғана Парламент депутаттарының бұл мәселеге назар аударғанын айрықша атап өтіпті. Сондай-ақ, мақала авторы Үкіметтің “Халық банкін” аукционды кейінге қалдыруға көндіре алмағанына күдік келтіріпті. Автор өз мақаласында Үкіметтің бұл аукционның болатынын тек 15 маусымдағы газетте шыққан хабарландырудан білгеніне тоқталып, «осындай стратегиялық маңызы бар нысандардың кетіп бара жатқандығын ел тізгінін ұстағандар газеттен ғана біліп отырса, оларға қаншалықты сенуге болады» деген сауал қояды.
“Эпоха” басылымы келтірген мәліметтерге жүгінсек, осыдан он жыл бұрын Алматы энергокешені “Трактебель” компаниясына өте арзан бағаға сатылып кеткен. Ал, “Нағыз Ақ жол” партиясының тең төрағасы Ораз Жандосов осы оқиғаға орай “Эпоха” газетіне берген сұхбатында “Халық банкінің” қалыптасқан ахуалға қатысты жауап бере алмай отырғандығын және 20 маусым күні сауданы тоқтату туралы сотқа шағымданғандарымен сот орындарының ешқандай шешім қабылдамағанын хабарлапты.
“Алма-Ата инфо” басылымы болса “Әділетті Қазақстан” қозғалысы мен “Нағыз Ақ жол” партиясы басшыларының АПК компаниясының сатылуына қарсылық білдіру үшін қарапайым халықты Шоқан Уәлиханов атындағы ескерткішінің алдындағы алаңға шығуға шақырығандығын хабарлапты.
Бұл тақырыпқа айрықша тоқталған “Республика” басылымында жарық көрген мақаласында Мұхаметжан Әділов Қазақстан Халық Банкінің, шығынды мекемені қаржыландаруының күдік туғызатындығын атап өтіпті. Мақала авторы, акциялар пакетінің белгілі бөлігі республика президенттің екінші күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың қолындағы бұл банктің иелері, саналы түрде осындай қадамға баруы ықтимал деген өз пайымын жазады. Сондай-ақ мақала авторының бағалауынша, АПК, “Талғар ГРЭС” і мен Алматыдағы екі қонақ үй активтерінің бағасы 8 миллиард емес, кем дегенде 80 миллиард теңгені құрайды.