Сейсенбі күні (қыркүйектің 20-сында) Ташкентте “Әндіжан оқиғасына” қатысы бар деп айыпталған алғашқы 15 адам дәл осы күні басталған сот процесінде өздеріне тағылған айыптарды түгел мойындарына алды. Олардың айыптатырын тез “мойындай қоюы” - Өзбекстандағы терроризмге қарсы сот үдерісінің үйреншікті “сценариімен” жалғасатынын айқын көрсетіп отыр. Біздің жергілікті тілшіміз 1999-ыншы жылғы бірінші сот процестеріне куә болған кісіге - құқын қорғаушы белсендіге жолықты. Террористердің істері қаралған бұрынғы сот процестерін бақылаған адам сейсенбі күні Ташкентте басталған сот үдерісінің қалай жалғасатынын бағдарлай алса керек.
Қыркүйектің 20-күні Ташкентте басталған сот процесі өткен мамыр айында Әндіжанда болған қанды оқиғаға байланысты өтетін соттың алды ғана. Әлі 100-ге тарта айыпталушы соттың басталуын күтіп қамауда отыр. Өзбекстандағы терроризмге қарсы сот процестерінің “жолға қойылған” үлгісі сонау 1999-ыншы жылы Ташкент қаласында болған бомба жарылыстарынан бастау алады. Мұндай сот процесі “Өзбекстанның ислам қозғалысы” жасақтарының 1999 бен 2000 жылдардағы жорықтарын және 2004 жылғы Ташкент пен Бұхара қалаларындағы лаңкестік шабуылдарды қамтиды. Бір адам, атап айтқанда - штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан адам құқықтарын қорғайтын халықаралық “Хьюман райтс уотч” (Human Rights Watch) ұйымының Орта Азиядағы аға зерттеушісі Акация Шилдс (Acacia Shields) – осы сот мәжілістерінің көбіне барып бақылады. Оның айтуынша, сейсенбі күні басталған сот процесі де үйреншікті “үлгі” бойынша жалғасты:
“Бұл – шынында да осыған дейінгі “көзге шөп салуды” көздеген сот процестерінің жалғасы ғана емес, мамыр айында Әндіжандағы болған оқиғаны бұрмалап көрсетуді мақсат еткен өзбек үкіметінің үгіт-насихат науқанының айқын көрінісі болып табылады”.
Сотқа тартылған 15 айыпталушының өздеріне тағылған барлық айыпты түгел мойындарына алуы бейхабар адамды аң-таң қалдыруы мүмкін. Бірақ А.Шилдстің айтуынша, сот залына кірген айыпталушының өзіне тағылған нақақ айыпты “мойындаудан” басқа еш амалы қалмайтынын осыған дейінгі сот процестерінің тарихы айқын көрсетті. А.Шилдс пен “Хьюман райтс уотч” ұйымы бақылаған террористік қылмыстар қаралған сот процестерінде айыпталушы ақталып шыққан бірде-бір оқиға болған емес. А.Шилдстің атап көрсетуінше, айыпталушылардың жұртшылық алдында бар “кінәсін” мойнына алуында терең сыр жатыр.
“Олар полицияның құрығында отырғанда мойындауға мәжбүр болады. Ондай процестің қалай болатынын түсіндіру қиын емес: біз тіркеген бұрынғы сот процестерінде әбден қиналған айыпталушылар “кінәсін” мойындауға мәжбүр болды. Алайда, абақтыда өздерін қинап, зорлағанын туыстарына айтып қоймауы үшін полиция айыпталушылардың туыстарын да қинайды, айыпталушылардан өздерін қинағанын айтпауды, өзінің айыпсыз екенін айтпауды талап етсе, ал туыстарынан олардың тағылған бар айыпты мойындарына алуын талап етеді”, - дейді Акация Шилдс.
Сәрсенбі, қыркүйектің 21-і күні, айыпталушылардың бірі Мухитдин Сабиров ресми Ташкенттің сонау бастан-ақ айыпты деп нұсқап көрсеткен кісілерді “Әндіжандағы көтерілістің” лидерлері” деп “таныды”. Сондай-ақ М.Сабиров көрші Қырғызстанда террористік базада жаттығудан өткенін де “мойындады”. Бұл да - “Әндіжандағы көтерілісті ұйымдастырғандар көрші елде орналасқан әскери базада оқу-жаттығудан өткен жүзеге асырды” деген өзбек прокуратурасының мәлімдемесін сөзбе-сөз қайталайды. Бірақ Қырғызстан үкіметі ондай айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.