Швейцарияның Давос қаласында өтетін “Дүниежүзінің экономикалық форумы” немесе қысқаша “Давос форумы” бүкіл әлемдегі экономикалық бәсекелестіктің жайы туралы соңғы есебін жариялады. Оған сәйкес, Орта Азияның бірқатар және Кавказ елдері дүние жүзіндегі экономикалық бәселестікке төтеп бере алмайтын ең әлсіздердің қатарына ілінді. Мұндай мәліметті “Давас форумы” - әлемнің 117 елінен келген 11 мыңға жуық жетекші іскерінің пікіріне арқа сүйеп жинап отыр. Бәсекелестік қабылеті жағынан барлық елдің ішінде Қырғызстан 116-ншы орында немесе Африканың Чад елінен ғана жоғары тұр.
“Давос форумы” деген қысқаша атауымен белгілі Дүние жүзінің экономикалық форумы (WEF) экономикалық бәсекелестіктің жыл сайынғы индексін немесе көрсеткішін жариялады. Бұл көрсеткіште тұңғыш рет Орта Азия мен Кавказ елдері де қамтылып отыр. Жаңа қамтылған елдердің көрсеткіштері онша мәз емес. Қырғызстан мен Тәжікстан экономикалық бәсекелестік қабылеті жағынан әлем елдерінің ең соңында тұр. Әзірбайжан мен Грузия, Армения мен Қазақстанның бәсекелестік қабылеттері де онша жоғары емес. Дегенмен де, Дүние жүзінің экономикалық форумының төрағасы Клаус Швабтың атап көрсетуінше, осы индекске қатысу - мемлекет басшылары мен іскер адамдардың ұтымды экономикалық саясатын таңдап алуына және экономиканың кемшіліктерін жоюдың жолын нұсқайды.
Нью-Йорктегі Колумбия университетінің экономика профессоры Ксавьер Сала-и-Мартин – Дүние жүзінің экономикалық форумы жобасының белсенді мүшесі болып табылады. Оның мойындауынша, экономикалық бәсекелестіктің нақты анықтамасы жоқ.
“Бәсекелестіктің ешқандай бірден-бір анықтамасы жоқ, өндірушілік қабылеттіліктің де ешбір айқындамасы жоқ және бұл – форумда біздің жұрт назарына ұсынған ең басты идеямыздың бірі... бұл оңай шаруа емес. Егер ұзақ жылдан бері жүргізілген экономикалық зерттеудің нәтижесінде біздің көз жеткізген бір нәрсеміз болса – ол бәсекелестіктің өте күрделі проблема екендігі”, - дейді Ксавьер Сала-и-Мартин.
Сала-и-Мартин бәсекелестіктің толық көрінісін жинақтау үшін қолданылған барлық факторды тізіп келтірді. Оның айтуынша, бұл факторлар айқын экономикалық көрсеткіштерді ғана емес, көздеген жетістікке қол жеткізетін тетіктерді шығаратын қоғамдағы түрлі элементтің өзара ынтымақтастығын да қамтиды.
“Бәсекелестіктің нағыз анықтамасы - өте көп. Мысалға, сыбайластық жемқорлықтың орны болатын жеке-меншікті және қоғамдық мекемелер – үкімет, сот мекемесі, корпоративтік сала. Жақсы мекеменің болуы – маңызды мәселе. Басқа маңызды мәселе – білім деңгейі; даму қарқыны төмен елдерге бастауыш білім жеткілікті болса, дамудың алдыңғы сатысы үшін көбіне сапалы жоғары білім қажет. Бәсекелестік үшін денсаулық та шешуші фактор болып табылады. Біз экономикалық жүйесі дертке ұрынған (яғни, денсаулық саласы артта қалған елдердің экономикалық жүйесі. Ред.) Африканың бәсекелестікке төтеп бере алмаған тәжірибесін білеміз”, - дейді профессор Ксавьер Сала-и-Мартин.
Сонымен, “Давос форумының” индексіне қатысқан Орта Азия мен Кавказ елдерінің экономикалық жүйелері оның бәсекелестік индексіне қарсы жауап бере ала ма? – Индекске сәйкес, Қырғызстан тізімде 116-ншы орында, яғни ең соңғы орыннан бір-ақ саты жоғары тұр. Оның ең басты кемшілігі неде? – Жемқорлық пен салық кодексінің аспандаған тарифтері. 79-ыншы орындағы Армения мен 61-інші болып тұрған Қазақстанның да күрделі салық заңдары жемқорлықтың кең етек жаюына түрткі болатын басты кемшіліктері болып отыр. 69-ыншы орында тұрған Әзірбайжан елінде қаржыландырудың қиындығын туғызатын жемқорлық проблемасы – тізімде бірінші тұрса, индексте 104-інші болып тұрған Тәжікстанда, керісінше, қаржыландыру проблемасы жемқорлықтың алдына шыққан. Грузия “Давос форумының” бәсекелестік индексіне бұрын да қатысқан жалғыз Кавказ елі. Биыл Грузия өзінің бәсекелестік қабылетінің көрсеткішін өткен жолғы 94-інші орнынан 86 орынға көтеріліп жақсартты. Бірақ жемқорлық пен салық бюрократизмі проблемалары әлі жетіп артылады.