Өткен мамыр айындағы “Әндіжан қантөгісінен” аман құтылған бір топ өзбек азаматының Өзбекстанның ішкі істер министрі Зәкір Алматовқа қарсы “адам құқын аяққа таптады” деген шағым беруінен кейін өзбек министрі Германиядан кетті. З.Алматов Германияға емделу үшін келген болатын. Алайда “Хьюман райтс уотч” ұйымы “Әндіжан қырғынына” байланысты З.Алматовпен бірге Өзбекстан үкіметінің 11 ресми өкілі сотқа тартылуға тиіс деп мәлімдеп отыр. “Азаттық” Радиосының тілшісі Гүлноза Сайдазимова Германиядағы адам құқын қорғаушы адвокат Вольфганг Калекпен осы туралы әңгімелескен болатын.
“Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Германиядағы адам құқын қорғаушы адвокат Вольфганг Калек соңғы рет Зәкір Алматовтың осыдан бірнеше күн бұрын Дубай қаласында көзге түскенін хабарлады. Адам құқын қорғайтын “Хьюман райтс уотч” ұйымы мен Әндіжандағы халық толқуын ресми биліктің аяусыз басып-жаншуы мен азаптау шараларының құрбаны болғандарын мәлімдеген 8 өзбек азаматы Германияда Өзбекстанның ішкі істер министрі З.Алматов пен ресми биліктің өзге 11 өкілін жауапқа тарту туралы шағым берді. Шағымда ресми биліктің 12 өкілі азаматтарды азаптап-қинап, “адамзатқа қарсы қылмыс жасады” деп айыпталады. “Хьюман райтс уотч” ұйымының атап көрсетуінше, бұл шағым Германияда 2002-нші жылы қабылданған неміс заңы негізінде беріліп отыр. Ол заң Германияға өзге елдердің ауыр қылмыс жасаған кез-келген ресми өкілін, ол қайда жүрсе де, ізін кесіп сот арқылы жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Неміс прокуратурасының айыптау актісіне З.Алматовты Германияға табыс ету туралы халықаралық ордердің берілуі ықтимал. Ал В.Калектің айтуынша, өзбек министрі З.Алматов Германияда жүрмесе де, неміс үкіметі оның ісін қарауға кірісуі мүмкін.
“Германия не істей алады және Германия не істеуге міндетті? Тергеу жұмысын бастайды, айғақ-дерек жинастырады, әсіресе “Әндіжан қырғынынан” қашып құтылған барлық босқынның көрген-білгендерін және өткен жылдары Өзбекстандағы азаптау-қинау жүйесін зерттеу сынды маңызды жұмысты атқарған ұйымдар мен кісілердің материалдарын тізіп жинайды; одан кейін немістер сот үдерісін осы жерде - Германияда өткізе ме әлде өзге елде өткізе ме, соны шешуге тиіс. Міне содан кейін барып Германия қолына халықаралық ордер алып З.Алматовтың ізіне түсе алады”, - дейді В.КАЛЕК.
В.Калектің айтуынша, қалай болған күнде де сот залында Алматовтың өзі отыруға тиіс. Министр З.Алматов – Еуроодақтың Әндіжан қаласындағы халық толқуын өзбек үкіметі “ешбір қисынсыз және шексіз күш қолданып басты” деп бағалағанынан кейін Еуроодақ аумағына келуіне тыйым салынған Өзбекстан үкіметінің 12 өкілінің тізімінде жүр және ол осы тізімде бірінші болып тұр. Ішкі істер министрі З.Алматов басқарған әскер 13-інші мамыр күні Әндіжан қаласындағы ресми билікке қарсы көтерілген толқуды аяусыз, қанға тұншықтырып басты. Адам құқын қорғаушылардың мәліметтері бойынша, осы шара барысында қарусыз бірнеше жүз адам, оның ішінде әйелдер мен балалар оққа ұшты. Ресми Ташкенттің мәлімдеуінше, “Әндіжан қырғыны” кезінде бар-жоғы 187 адам, оның өзінде де негізінен қауіпсіздік күштерінің жауынгерлері мен шетелдерден жалданып келген исламшыл топтардың жасақтары қаза болды.
Германия визасы З.Алматовқа өзбек үкіметінің 12 өкіліне Еуроодақ аумағына келуге тыйым салатын құжаттың қабылдануы ғана қарсаңында берілген. Неміс сыртқы істер министрлігінің өкілі Михаэль Ибердің атап көрсетуінше, Еуроодақ кеңістігіне келуге тыйым салу шарасын қайырымдылық жағдайларында ғана қолдануға болмайды. Ал өзбек министрі З.Алматов Германияға Ганновер қаласындағы неврологиялық ауруханасына қатерлі ісігіне операция жасату үшін келген. Өзбекстанның Берлиндегі елшілігінің өкілі Махмуд Бобоназаровтың хабарлауынша, З.Алматовтың Германияға қашан келіп, қашан кеткені жайынан елшілік бейхабар болған.
“Хьюман райтс уотч” ұйымының Еуропа мен Орта Азия аймағы бойынша директоры Холли Картнер (Holly Cartner) ханымның мәлімдеуінше, З.Алматовқа қарсы жиналған айғақ-дерек бастан асады. Оның айтуынша, Әндіжандағы халық толқуына қатысқан халық З.Алматовтың қолынан адам айтқысыз азап шекті; олар З.Алматовтың әділ жазаға тартылуын талап етуге құқылы және З.Алматов Германиядан кетіп қалғаны үшін ғана әділ жазасынан құтылуға тиіс емес.
Amnesty International деп аталатын тағы бір адам құқын қорғайтын халықаралық ұйымның атап көрсетуінше, Өзбекстандағы жүйелі түрде қолданылатын адамды азаптау-қинау сынды фактілерді тергеуге Германия халықаралық құқық негізінде міндетті және қажет болған жағдайда ресми Берлин З.Алматовты ұстауға халықаралық ордер бере алады. Amnesty International ұйымының мәлімдеуінше, З.Алматов - Әндіжандағы қырғынға жазықты көп шенеунектің бірі ғана болуы мүмкін. Германияның Федералдық прокуратурасы З.Алматовтың ісі қаралып жатқанын хабарлады. “Хьюман райтс уотч” ұйымының Еуропадағы директоры Лотте Лайхт (Lotte Leicht) ханымның хабарлауынша, осы ұйым Өзбекстанның ішкі істер министрлігінің азаптау шараларын тікелей жүзеге асырғанын бұртартпай дәлелдейтін айғақ-деректер молынан жинап отыр.
“Олар – біздің өткен жылдар бойы Өзбекстандағы зерттеу барысында жинаған материалдар – азаптаулар туралы айғақтар, Өзбекстан үкіметінің өкілдерімен арадағы азаптау жайттары көтерілген кездесулер туралы деректер және осындай кездесулердің өзбек үкіметі жағынан ешқандай оң өзгеріске жеткізбегені жөніндегі құжаттар. Бірақ бұлар тек біздің ғана жинаған куәліктер емес. Бұл деректерге БҰҰ-ының азаптауға арналған арнайы есептері тәрізді өзге де материалдар кіреді”, - дейді Л.ЛАЙХТ.