Дүйсенбі күні тәжік үкіметі өткен жылы Хизб-ут-Таһрир ұйымының 99 мүшесі тұтқындалғанын хабарлады. Олардың көпшілігі “экстремистік іс-әрекеті үшін” ұзақ мерзімдерге сотталды. Сарапшылардың мәлімдеуінше, бүкіл Орта Азия аймағындағы ресми биліктің Хизб-ут-Таһрир тобын жаппай қудалауына қарамастан, оның мүшелері мен жақтаушыларының қатары соңғы жылдары өсе түсті. Міне осы жағдайдан “Ислам халифатын құруға шақыратын және заңнан тыс Хизб-ут-Таһрир ұйымының үндеуіне бұқара халық неге ереді? –деген сауал туады.
Хизб-ут-Таһрир ұйымының Орта Азияда қанша мүшесі барлығын нақты айту қиын. Кейбір саяси сарапшының айтуынша, бұл топтың түпкілікті мақсаты болып табылатын Ислам халифатын немесе Ислам мемлекетін құру уағыздамасын қолдайтын мыңдаған адам бар. Хизб-ут-Таһрир мүшелерінің мәлімдеуінше, олардың қатары 10-даған мыңды құрайды. 2005-інші жылы ғана Тәжікстанда Хизб-ут-Таһрирдің 99 мүшесі, оның ішінде 16 әйел тұтқындалды. Осы дүйсенбі күні тәжік үкіметі олардың шамамен 38-і “экстремистік іс-әрекеттері үшін” ұзақ мерзімдерге сотталғанын хабарлады. Қауіпсіздік министрлігінің өкілі Абдулқадир Мұхаммадиевтің айтуынша, ұсталғандардың екеуі Хизб-ут-Таһрирдің көсемдері болатын.
“Олардың бірі Тәжікстандағы үйірме лидерінің өкілі болғанын тергеу барысы растады және Соғд облысының прокуратурасы осы жайтты тергеу үстінде. Тергеуі аяқталып қалған екінші адам – Соғд облысындағы үйірменің лидері болып табылады. Олардың екеуі де ұсталды, олардың істерін тергеу соңына тақап қалды”, - деді Абдулқадир Мұхаммадиев.
“Хизб-ут-Таһрир” немесе “Азат ету партиясы” – 1950-інші жылдары Таяу Шығыста құрылып, Орта Азия аймағынан 1990-ыншы жылдардың ортасында қарайып көрінді. Хизб-ут-Таһрир тобының өкілдері ұйым өзінің көздеген мақсатына бейбіт жолмен ұмтылады және саяси қантөгіске бармайды деп мәлімдейді; Ислам халифатын құру үшін мұсылман қауымы арасында тек үгіт-насихат жүргізеді. Алайда Ресей сияқты Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан үкіметтері де бұл ұйымды “эксремистік топ” деп бағалайды.
Осы күні қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін “діни экстремистер” ретінде Орта Азия елдерінің абақтыларына 100-деген адам жабылды. Өзбекстан үкіметі “діни экстремистерді” Ташкент қаласында 1999-ыншы жылдың ақпанында және 2004-інші жылдың көктемі мен жазында Ташкент пен Бұқара қалаларында болған лаңкестік шабуылдарды ұйымдастырды деп айыптады. Ресми Ташкент, сондай-ақ, өткен жылдың мамыр айындағы Әндіжан қаласында болған халық толқуына да Хизб-ут-Таһрирдің қатысы бар деп айыптауға асықты. Бірақ, адам құқын қорғайтын жергілікті және халықаралық ұйымдар Әндіжандағы ұсталғандардың барлығының дерлік ресми билікті құлатуды мақсат еткеніне онша сенбейді. Олар өзбек үкіметін саяси өзгеше ойлайтындардың барлығын жаппай қудалады деп айыптап, мемлекеттің қадағалауына жатпайтын мешітте мінәжат еткен бейбіт мұсылманның барлығы да қудалауға душар болып отыр деп мәлімдейді. .
Алайда түрмеге жабылып, жаппай қудалануына қарамастан Орта Азия елдеріндегі Хизб-ут-Таһрирдің мүшелері мен оны қолдаушылардың қатары өсіп келе жатқанға ұқсайды. Оның сыры неде? Хизб-ут-Таһрирдің уағызы Орта Азия халықтары үшін неліктен тартымды?
Мына бір әйел – Хизб-ут-Таһрирдің мүшесі. Оның аталған топқа мүше болғаны үшін түрмеге жабылған 2 ұлы бар. Астыртын түрде “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында ол әйел өзі үшін Ислам халифатын құрудың тартымдылығын былай деп сипаттап берді:
“Топқа мүше болғандардың ғана емес, оның уағыздарын қолдайтындардың да саны өсіп келеді. Неліктен? Өйткені, жұртшылық әділ жүйе орнағанын тілейді, олар жақсы билігі бар әділ қоғамда ғана өмір сүргісі келеді. Қазіргі күні ешқандай әділ билік жоқ. Жемқорлық пен пара алушылық қаптаған. Жұмыссыздық – халықтың ең зор проблемасына айналған. Сондықтан да олар Құдайдың, Құранның сөзін оқиды. Себебі Мұхаммад пайғамбардың дүниеден өткеніне 700 өтіп, дүние онсыз ғұмыр кешті, халифат 14 ғасыр тұрды. Ол әділетті жүйе болатын. Егер жұрт осыны оқып білетін болса, онда халық әлдеқайда әділ болар еді, деп мен де ойлаймын”.
Саяси сарапшылардың атап көрсетуінше, Хизб-ут-Таһрир сынды діни ұйымдар – әсіресе экономикалық ахуалы мүшкіл, адам құқықтары жиі бұзылатын елдерде ресми биліктің саясатына қарсы наразылығын білдірудің бірден-бір жолына айналып барады. Өзінің аса қатаң қудалауға түсуіне қарамастан Хизб-ут-Таһрир Өзбекстанда ең белсенді ұйымға айналып отыр және, хабарларға қарағанда, өз мүшелері мен қолдаушыларының басым көпшілігі осы елде көрінеді. Сарапшылар Хизб-ут-Таһрирдің Өзбекстанда кең қолдау табуын бұқара халықтың ішкі наразылығын білдіре алатындай зайырлылық негіздің жетсіпеуімен түсіндіреді.
Бірақ та 2005-інші жылдың наурызында президент А.Ақаевтың биліктен кетуінен кейін оппозицияның тынысы кеңейген Қырғызстанда да Хизб-ут-Таһрир асқан белсенділік танытты. Халықаралық дағдарыс тобының Орта Азиядағы жобасының директоры Майкл Холл “Азаттық” Радиосына Бішкектен берген сұхбатында Қырғызстан сияқты әлдеқайда ашық қоғамда Хизб-ут-Таһрирді қолдаудың сырын былай деп түсіндірді:
“Саяси сипат. Ия, менің ойымша, бұл да, әрине, оның құрамдас бөлігі. Бірақ, оның кілті - әділ билік, жауапкершілік және әділдік, деп ойлаймын. Қазіргі билік жүйесінен осының көбін көре алмаған жұрт “ислам халифаты әділ билікті де, жауапкершілікті де, әділдікті де қамтамасыз етер еді” дегенге назар аударғыш болады ғой деп ойлаймын. Мемлекеттік мекемелері әлі әлсіз Қырғызстанда халық болашағына онша сеніммен қарай алмайды. Менің ойымша, міне осындай ахуал да Хизб-ут-Таһрир үшін қолайлы сәт болып тұр”.