Өткен аптада Польша астанасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының “адамның өлшемдері” тақырыбына арналған жыл сайынғы конференциясы болып өтті. Бұл форум – ресми билік пен азаматтық қоғам өкілдерінің және үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың қатысуымен адам құқын талқылайтын Еуропадағы ең ірі жиын ретінде насихатталады. “Азаттық” Радиосы өзінің геостратегиялық маңызымен қатар, адам құқының аяққа тапталуымен де кең танылған Түркіменстандағы ахуал тақырыбы бойынша осы конференциядан тыс “дөңгелек үстөл” ұйымдастырды.
Түркіменстан өкіметінің кейбір жетекші тұлғаcы Варшаваға келгенімен, шақырылған қонақтардың тізімінде болса да, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болған жоқ. Келіп жеткен хабарға қарағанда, президент С.Ниязов пен оның әкімшілігіне қарсы сын айтылуы мүмкін конференцияға олардың баруы үшін Түркіменстаннан аттап шығуына рұқсат берілмеген.
Сыншылар құзыры кең қауіпсіздік қызметі, ресми биліктің іс-әрекетін жаппай насихаттайтын зор үгіт-насихат мәшинесі бар және жауларын аяусыз қудалайтын бұрынғы Совет Одағының ең нашар қасиеттерін Түркіменстан сақтап қалды деп көп арызданады. Солардың бірі – Түркіменстандағы ахуалмен жете таныс журналист Ақмұхаммет Вельсапар. Оның айтуынша, осы күні Орта Азиядағы советтік әкімшіл-әміршіл жүйенің тамырын күні кеше ғана советтік республика болған Түркіменстаннан табуға болады.
А.ВЕЛЬСАПАР: “Осы күні Түркіменстандағы бар нәрсе – егер бұрынғы совет республикаларымен салыстырса, ең ауыр жағдай Түркіместанда қалыптасып отыр және мұның барлығы бір күнде қалыптасқан жоқ. Мұның барлығы көп жылдан бері дайындалып, көп проблеманың тамыры сонау Совет дәуірінде жатыр”.
Түркіменстандағы ресми биліктің үгіт-насихат жұмыстарының барлығы президент С.Ниязовтың немесе Түркіменбасының қоғамдық бейнесін “сомдауға” бағытталған. Елді “гүлдену мен тыныштықтың оазисі” ретінде көрсеткісі келген мұндай науқан, адам құқын қорғаушы белсенділердің ортақ пікірінше, көбіне қуғын-сүргін саясатымен қарама-қатар жүріп жатады. “Азаттық” Радиосының тілшісі Огулсапар Мұрадова елдегі әлеуметтік ахуалдың нашарлай түскенін сипаттап келді. 3 баланың анасы, 58-жастағы Огулсапар “заңсыз түрде қару ұстады” деген айып бойынша бірнеше жылға кесіліп, түрмеге жабылды. Түрмеде отырғанына 1 ай болғанда ол күтпеген жерден көз жұмды. Түркіменстан үкіметі О.Мұрадова өз өлімімен қайтыс болды дегенге сендірмек болды. Бірақ оның жақындары денесінен қаншама жара мен дақты көргендерін мәлімдеді. Т.Бегмедова - штаб-пәтері Болгарияда орналасқан Түркіменстанның “Хельсинки қорының” жетекшісі болып табылады. Оның “Азаттық” Радиосы өткізген “дөңгелек үстөлде” атап көрсеткеніндей, түркімен билігі советтік жазалау амалының “жер аудару” сынды өзге түрін жиі қолданады.
Т.БЕГМЕДОВА: “Өзге облыстарға – солтүстікке қарай жер аударады немесе астанадан басқа жерге қуады. Бұл да өзгеше ойлайтындарға ықпал етудің бір құралы болып табылады”.
Сонымен қатар сыншылар Түркіменстандағы заң мен оның іс жүзіндегі орындалуының арасында үлкен айырмашылықтың барлығын жиі айтады. Мысалға, Түркіменстан конституциясына сәйкес, діни сенім-наным еркіндігіне кепілдік беріледі. Ал іс жүзінде исламның сүннит ағымы мен орыстардың православиелік христиан дініне ғана рұқсат берілген.
Үгіт-насихат – Совет өкіметінің қолындағы маңызды құрал болатын. Сыншылардың пікірінше, міне осындай құрал бүгінгі Түркіменстанда сақталып қалды. “Рух-наме” кітабы – түркімен мектептерінің барлық сыныбында түгел оқылатын ең басты пәннің бірі. Түркіменстанның “Хельсинки қорының” төрайымы Тәжігүл Бегмедова осындай келте оқу жоспарынаның қандай нәтиже бергенін былай деп сипаттады.
Т.БЕГМЕДОВА: “Сіздер бүгінгі жастардың - ал олардың қатары 3 миллионға жақындады - жаңа ұрпақтың Д.Менделеевтің, Нобель лауреаттарының кім болғанын, дүние жүзінің классикалық әдебиеті дегеннің не екенін білмейтінін көресіз, олар “Ұлы” деп аталатын Ниязовтың мазмұны күдік туғызатын туындыларын ғана біледі”.
Т.Бегмедованың айтуынша, Түркіменстанның халықаралық қоғамнан оқшау шығуы – бұқара халықтың “әлемнің басқа елдеріндегі тұрмыс-тіршіліктің жайын білсем екен” деген арман-мақсатын оятты.
Т.БЕГМЕДОВА: “...халықтың көпшлігі бүкіл әлемдегі шынайы өмірді көру үшін теледидардың, ең болмағанда, жартысағаттық арнасы болса екен деп аңсайды”.
Сыншылар Варшавада ресми тұлғалар жағынан ешқандай қарсылық көрген жоқ. Өйткені, түркімен билігінің өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адам құқы сөз болған жиындарына бармады. Т.Бегмедованың түсіндіруінше, ресми Ашхабатқа 2005-інші жылға арналған соңғы жылдық есеп онша ұнай қойған жоқ.
Т.БЕГМЕДОВА: “Өткен жылы Түркіменстанның елшісі келді. Ол жиынға қатысып, бізбен тілдесті. Түркіменстанға оралысымен бір аптадан кейін оны қызметтен босатты”.
Батыстың қысымы әзірше Түркіменстанның үкіметіне пәлендей ықпал ете алмай келеді. Түркіменстанның мұнай мен газ қорына бай болуы, елдің Иранға, Ауғанстанға және Каспий теңізіне жақын орналасуы – Ашхабатты көптеген ел мен фирмалар үшін өте тиімді әріптес етіп көрсетеді. Бірақ “Азаттық” Радиосы өткізген “дөңгелек үстөлде” штаб-пәтері Норвегияда орналасқан “Форум-18” ұйымының жетекшісі Джон Кинехэннің (John Kinahan) мәлімдегеніндей, түркімен елінен біржола түңілуге болмайды. Оның айтуынша, президент С.Ниязов халықаралық қауымдастықтың пікіріне немқұрайды қарамайды, кейбір жаққа құлағын түруге дайын.