Осы аптада атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры Мухаммад Әл-Баради басты назар Иран мен Солтүстік Кореяға аударылып отырғанымен де, әлемдегі 30-ға жуық мемлекеттің айтарлықтай қысқа уақыттың ішінде ядролық қару жасап алуына мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге қол қойған елдердің көпшілігі жойқын қару шығармау жөніндегі өз міндеттемелерінде тұрды. Бірақ мұндай жағдайдың өзгеруі әбден мүмкін. Әлемде ядролық қару жасау жағынан жаңа бәсекелестіктің басталып кетуі мүмкін екенін сарапшылар мойындайды.
Ядролық қаруды таратпау жөніндегі күшіне 1970-інші жылы енген Келісім-шартқа сәйкес, тек 5 мемлекеттің ғана ядролық қару ұстауына болады. Сол кезде ядролық қаруы болған мемлекеттер - АҚШ, Совет Одағы, Ұлы Британия, Франция және Қытай – ядролық қарудың технологиясын өзге елдерге таратпауға және жойқын қаруды мүмкіндігінше жоюға келісті. Әлемнің шамамен 190 мемлекеті аталған Келісімді мақұлдады. Алайда, 36 жылдан кейін әлемнің алдынан жаңа проблема шықты. Енді 9 елдің жарағында ядролық қаруы бар, олардың төртеуі әлгі Келісімге қол қоймаған және атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры Мухаммад Әл-Баради мен басқа да сарапшылардың ортақ пікіріне сәйкес, мұндай елдердің тізімі әлдеқайда ұзын болуы мүмкін. 16-ншы қазан күні Венада болып өткен конференцияда Әл-Баради көптеген мемлекеттің ядролық қаруды аңсайтынын ескертті.
М.ӘЛ-БАРАДИ: “Өкінішке қарай, қоршаған саяси орта онша қауіпсіз емес. Өткен 10-жылдықта немесе шамамен сондай уақытта біз мемлекеттердің ядролық қаруға ұмтылуына деген көп себептің болғанын көрдік. Бұл Ирақтан басталды, оны біз Ливиядан да көрдік. Біз 20 жылдай уақыттан бері Иранның ядролық бағдарламасын іске асырып жатқанына куә болып келеміз. Біз Солтүстік Кореяның ядролық сынағын көрдік”.
М.Әл-Барадидің айтуынша, АҚШ, Ресей және Қытай сынды елдер өздерінің ядролық қаруларына сенім артып келеді. Өйткені, жойқын қарудың ұлттық қорғаныстың негізгі де шешуші бөлігіне айналуы - ядролық қару - мемлекеттің ең берік қорғанысы деген көзқарастан туып отыр.
Сарапшылардың көпшілігі, халықаралық қауымдастық Пхеньян мен Теһранға ықпал ете алмай отырған тұста, Солтүстік Корея мен Иранның ядролық қаруға деген ұмтылыстары жойқын қарау жасау жолындағы жаңа аймақтық бәсекелестіктің басталуына түрткі болмай ма деп алаңдайды. Солардың бірі – Лондонда орналасқан Халықаралық стратегиялық зерттеулер Институтының ядролық сарапшысы Марк Фитцпатрик.
М.ФИТЦПАТРИК: “Мемлекеттер көршілерінің ядролық қаруға ие болғысы келмейтінін білетін болса, әлем әлдеқайда қауіпсіз болатын еді. Егер, әсерісе, шырқы бұзылған Таяу Шығыста және беймаза Солтүстік-Шығыс Азияда, көрші елдер сол келісімдерді бұза бастаса, одан сақтанғысы келген елдердің қандай іс-шараға баратынын және олардың ядролық қару жасау үшін нені дамытатынын Сіз дәл біле алмайсыз”.
Сонымен қандай елдің ядролық қару жасай алатын мүмкіндігі бар?
Бір жақсы жаңалық, деп санайды сарапшылар, осы елдердің көпшілігі бейбіт ядролық бағдарламалары бар және демократиясы берік қалыптасқан мемлекеттер болып табылады. Олар, теориялық тұрғыдан, жойқын қаруға қажетті плутонийді оп-оңай-ақ өңдей бастар еді, бірақ олар өздерінің халықаралық міндеттемелерінде тұруды қалайды. Ондай елдердің қатарында көптеген Еуропа мемлекеттерімен қатар Жапония, Бразилия және Аргентина бар. Бірақ көп алаңдататындар – Таяу Шығыс елдері. Оның себебін Фитцпатрик былай түсіндіреді.
М.ФИТЦПАТРИК: “Шын алаңдаушылық бар. Өйткені, Иран ядролық қаруға қол жеткізетін күнге жақындап келеді, ал Таяу Шығыстың өзге елдері өздерінің қауіпсіздік саясатын қайта қарауға міндетті болады. Және олардың кейбірі ядролық қару жасау қажеттігі өздерінің мүдделеріне жауап бере ме деген мәселені, сөзсіз, қарастырады. Бұдан былай Мысыр ядролық қуат өндіруге толық заңды әрі экономикалық өміршең себептерімен қарайды. Бірақ, сөзсіз, ойда қауіпсіздік мәселесі де бар. Түркия да өзінің ядролық қуат өндірісін кеңейтпекші, тағы да заңды, тиянақты әрі ашық жолмен. Мен Түркияның да, Мысырдың да көздегені ядролық қару деп толық айта алмаймын. Бірақ, олардың осы технологияларға деген ұмтылыстарында қауіпсіздік мүддесі де бар”.
Марк Фитцпатриктің пікірінше, Сауд Арабиясының да ядролық қаруды ойлайтын сыңайы бар.
М.ФИТЦПАТРИК: “Сауд Арабиясының пәкістандық қару сатушы Ханды қабылдағаны мәлім. Ол жақта Ханның нені талқылағаны туралы еш мәлімет жоқ. Сауд Арабиясының ядролық қаруды көздегенін растайтын ешқандай дәлел жоқ. Бірақ, егер Иран атом қаруына қол жеткізетін болса, Саудия оған қалай қарау керектігін ойлауы мүмкін”.
Сонымен, халықаралық қоғамның іске асыра алатын қандай да бір шарасы бар ма? - Әзірше, ол Солтүстік Корея мен Иранның іс-әрекетіне наразылық білдіріп қана отыр. Бірақ, Марк Фитцпатриктің мәлімдеуінше, ядролық қаруды таратпау туралы Келісім-шарт пен оның механизмдерін нығайтуға қажетті бірқатар шара бар, соны іске асыра алады және іске асыруға міндетті.