Сейсенбі күнгі сайлаудың бастапқы қорытындысына қарағанда, оппозициядағы Демократиялық партия АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы барлық 435 депутаттық мандаттың кемінде 227-сін жеңіп алды. Бірақ, демократтар президент Дж.Буштың Республикалық партиясы үстемдік құрып келген Сенатты қадағалауына ала ма, жоқ па - ол әзірше беймәлім. Әзірше Сенатқа берілген дауыстар есептелу үстінде. Сенат сайлауының қорытындысы бірнеше сағаттан кейін, тіпті бірнеше күннен кейін мәлім болуы мүмкін.
Н.ПЭЛОУСИ: “Бүгін кешкісін Америка халқы үлкен жеңіске жетті... Бүгін Америка халқы өзгеріс үшін дауыс берді; біздің елімізге жаңа басшылықты отырғызу үшін олар демократтарға дауыс берді...”.
Бұл – таяуда Өкілдер палатасының келесі спикері болуға тиіс Калифорниядағы демократтардың өкілі Нэнси Пэлоуси (Nancy Pelosi). Сейсенбі күнгі жаппай сайлаудың нәтижесінде Демократиялық партияның Өкілдер палатасын өзінің бақылауына алуы арқасында Н.Пилоузи – Америка Құрама Штаттарының тарихында Өкілдер палатасына спикер болатын тұңғыш әйел болайын деп тұр. Бастапқы нәтиже бойынша, демократтар Республикалық партиядан 20-дан асатын мандатты ұтып алды. Республикалық партия басым дауысқа ие болып келген Сенаттың тағдыры әлі белгісіз. Сенатта қай партияның басым дауысқа ие болатыны әлі белгісіз. Бірақ соңғы сәтте келіп түскен мәліметке қарағанда, демократтар республикалық партияның Сенаттағы 4 орнын жеңіп алды, енді Сенатта да басым дауысқа ие болу үшін оларға тағы 2 мандат жетпей тұр. Соңғы екі мандаттың тағдыры бірнеше сағаттың, тіпті бірнеше күннің ішінде шешілуі мүмкін. Қазір берілген дауыстар есептелу үстінде.
Демократтар, сондай-ақ, штаттардың әкімдерін немесе губернаторларын сайлауда да көш бастап келеді.
Ортақ пікір бойынша, Республикалық партия абыройының осылайша күрт құлдырауына президент Дж.Буш бастаған АҚШ әкімшілігінің Ирақтағы саясаты мен республикалықтар басым болып келген Конгрестегі жанжал ең үлкен себеп болып отыр. Американың жаңалықтар агенттіктері жүргізген сауалнамалардың қорытындыларына сәйкес, сайлаушылардың ¾-і өзінің дауыс беруіне Конгресте таяуда шыққан жанжалдың ықпал еткенін мәлімдеген. Сондай-ақ, сайлаушылардың шамамен 60 пайызы Дж.Буштың Ирақтағы соғысына деген өзінің көзқарасын білдіру үшін дауыс бергенін атап көрсеткен.
Терроризмге қарсы қалай тайтарыс беру керектігін өзі мен өзін қолдаған республикалықтардың кімнен болса да жақсы білетінін Дж.Буш көптен бері айтып келді және Ирақты “терроризмге қарсы соғыстың ең басты майданы” деп атады. Өткен апта бойы Дж.Буш, “демократтар үстемдік ететін Конгресс 2 соғыста да ұтылып қалуы ықтимал” деген уәжбен, Өкілдер палатасы мен Сенатқа Республикалық партиядан ұсыныслған бірнеше үміткердің үгіт-насихат науқанын жүргізді. Бірақ өткен сейсенбі күні өзінің Кроуфордтағы (Тексас штаты) ранчосында зайыбы Лорамен бірге дауыс беріп шыққан соң президент Дж.Буш партия тақырыбын аузына алмады.
ДЖ.БУШ: “Сіздің партияға жатуыңызға немесе жатпауыңызға қарамастан, Сіз өзіңіздің сайлау бюллетеніңізді тастауға міндеттісіз. Сөйтіп, Сіз өзіңіздің үніңізді естіртесіз”.
Конгрестің Өкілдер палатасының барлық 435 депутаты және 100 орынды Сенаттың 1/3-і немесе 33 депутаты қайта сайланды. Бірақ бірнеше жердегі сайлау ерекше болды. Мысалға, республикалық сенатор Рик Санторум (Rick Santorum) дауысқа түскен шығыстағы Пенсильвания штатын айтуға болады. Сенатор Санторумның әрбір АҚШ азаматының жеке өміріне қатысы бар ультра-конвсервативтік әлеуметтік саясаты ащы сынға тап болды. Демократиялық партия оның қарсыласы болған кіші Боб Кэйсиге (Bob Casey Jr.) қаржылай және басқа да зор көмек көрсетті де, ол сайлауда жеңіп шақты. Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында қолдаушыларының алдында Санторум өзінің жеңілгенін мойындады.
Р.САНТОРУМ: (NC110802) “Мен оны құттықтаймын және мен шын жүректен айтып отырмын! Мен оны құттықтаймын! Ол науқанын керемет жүргізді. Оның тамаша адам екенін мен білемін және ол Пенсильвания штаты үшін жақсы жұмыс атқарады. Оған қол соғыңдаршы! Өтінемін!”
Экс-президент Билл Клинтонның зайыбы әрі 2008-інші жылғы президент сайлауына үміткер болып дауысқа түсуі мүмкін Хиллари Клинтон ханым Сенатқа оп-оңай қайта сайланды. 36 штатта әкімдер немесе губернаторлар қайта сайланды, оның ішінде Калифорния штатында атақты әртіс Арнольд Шварценеггер де жеңіл қайта сайланды.
Бұл сайлаудың барысындағы күтпеген жайттар Республикалық партияның жеңілуімен аяқталмайды. Кем дегенде 12 штат дауыстарды есептейтін компьютерлендірілген жаңа жабдықтың істен шыққанын хабарлады. Осындай мәшинелер істен шыққан соң, 2 штатта дауыс беру созылып, сайлаушылардың кейбірі қағаз бюллетеньді пайдалануға мәжбүр болды. Бүкіл АҚШ-та барлық сайлаунының 1/3-і электрондық тәсілмен дауыс береді.