Дональд Рамсфельд – АҚШ-тың қорғаныс хатшысы, яғни қорғаныс министрі қызметінен кетті. Бірақ бірден кетпейді. АҚШ Сенаты оның орнына Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры Роберт Гейтстің тағайындалуын мақұлдағанша, Рамсфельд қорғаныс хатшысы міндетін әлі бірнеше апта бойы атқаруы мүмкін. Бірақ қазірдің өзінде-ақ оның кетуіне деген көзқарастар Өкілдер палатасын сайлаудың қорытындысы Вашингтонды “дүр сілкіндіргенін” бірауыздан айтып жатыр. Америка Құрама Штаттарында көпшілік жұрт бұл сайлауды Ирақтағы соғысқа қатысты “референдум” ретінде бағалады.
Дональд Рамсфельдтің қызметінен түсетінін сәрсенбі күні Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Буш хабарлады. Өз сөзінде ол: “Дон Рамсфельд өткен уақыттың барысында теңдессіз лидер болды. Дегенмен де, бұл соғыстың қиын кезеңі барысында тың өзгерістер енгізудің маңыздылығын ол да бағалай біледі. Дон Рамсфельд – біздің елімізге ар-ұжданымен қызмет еткен отаншыл адам. Ол – сенуге тұратын кеңесші әрі досым және мен оған біздің елімізге қызмет еткені үшін ризамын”, деп атап көрсетті.
Дон Рамсфельдтің қорғаныс министрі қызметінен түсетінін Дж.Буш Конгрестің сейсенбі күнгі Өкілдер палатасына депутат сайлауында Республикалық партияның ойсырай жеңілгені мәлім болған келесі - сәрсенбі күні хабарлады. Бұл сайлаудың нәтижесінде Демократиялық партия Конгрестің кем дегенде бір палатасында басым дауысқа ие болды, Сенатта да үстемдік орнатуы әбден мүмкін. Бірақ екінші палатаның тағдыры берілген дауыстар есептелген соң шешілеуге тиіс.
Дон Рамсфельдтің биліктен кетуі сан-алуан пікір туғызып отыр. Мысалға, бейсенбі күні Канберра қаласында Аустралия премьер-министрі Джон Хоуард (John Howard) былай деп мәлімдеді.
ДЖ.ХОУАРД: “Мен оны жақсы көрдім. Ол қарама-қайшы көзқарас туғызған қорғаныс министрі болды. Оның Бағдад құлағаннан кейін Ирақ армиясын тарату туралы шешіміне көпшілік сын көзбен қарады және бұл оның өзі туралы қарама-қайшы пікір туғызған шешімдерінің бірі болатын. Бірақ ол енді артта қалды және бұл, енді, Америка Құрама Штаттарының президенті шешетін мәселе”.
Бейсенбі күні Кабулда “Азаттық” Радиосының “Азат Ауғанстан” редакциясына арнайы берген сұхбатында ауған президенті Х.Қарзай Дон Рамсфельдті мақтады.
Х.ҚАРЗАЙ: “Рамсфельдтің кетуі - өздерінің шешімі, біз олардың шешімін құрметтейміз. Алайда, Рамсфельд мырза – Ауғанстанның досы, жақын одақтасы әрі терроризмге қарсы соғысында қолдаушысы. Мен оны зор құрметтеймін. Ол – хабары мол кісі, тамаша адам, нағыз нартәуекел кісі. Мен онымен дос болғанымды мақтан етемін”.
Әйтсе де Рамсфельдтің сыншылары да үнсіз қалған жоқ. Мысалға, Дж.Буштың Республикалық партиясынан 2008-інші жылғы президент сайлауына үміткер болып түсуі мүмкін АҚШ сенаторы Джон Маккэйннің мәлімдеуінше, Рамсфельд биліктен әлдеқашан кетуге тиіс еді.
ДЖ.МАККЭЙН: “Біздің көбіміз ұзақ уақыттан бері министр Рамсфельдке онша көп сенім артпай келдік. Мен де сенбедім, бірақ мен, сонымен бірге, президенттің өз командасын таңдау құқын сыйладым”.
Конгрестің Өкілдері палатасына сайлау науқанының барысында президент Дж.Буштың Ирақтағы стратегиясы төңірегінде қызу талас-тартыс болып, Дон Рамсфельдтің есімі осы дау-дамайдың басты тақырыбы болды. Оппозициядағы Демократиялық партияның жетекшілері талай рет оны қызметінен түсіруді талап етті. Демократиялық партияның жеңіске жеткені мәлім болған соң, Өкілдер палатасының спикері болуға тиіс Нэнси Пэлоуси (Nancy Pelosi) президент басшылықты өзгертуге деген өзінің әзірлігін, ең алдымен, Пентагонның “қожайынын” ауыстыруымен байқатуға тиіс дегенді қайталаумен болды.
Дегенмен де, Дж.Буштың сәрсенбі күні кешкісін Дон Рамсфельдтің қызметтен түсетінін хабарлауына дейін, президенттің қорғаныс министрін қызметтен алатыны туралы ешқандай нышаны болған жоқ-ты. Керісінше, сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны барысында Дж.Буш ондай пікірлерді үзілді-кесілді жоққа шығарып келді.
Дональд Рамсфельдтің Пентагонның әскери емес басшысы болған кезеңі және оның жүргізген саясаты мен басқару тәсілі қарама-қайшы көзқарастар туғызды.