Ресми Вашингтон БҰҰ-ы Қарарының Еуропа елдері ұсынған жаңа жобасын қолдап отыр. Жобада егер Иран уран шикізатын байытудан бас тартпаға күнде, оған Ұлттар Ұйымының жазасын қолдану шарасы қарастырылған. Ресей болса жаңа жобаны сабырлықпен қабылдап, оның әлі де болса кемшіліктері бар деген пікір білдіреді.
Вашингтон мен оның еуропалық одақтастары БҰҰ-ы Қарарының жаңа жобасы таяуда дауысқа қойылады деп үміттенеді. Дүйсенбі күні Франс-Пресс агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ханым таяуда Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде ондай шешімнің қабылданатынына өзінің сеніммен қарайтынын мәлімдеді. Райс ханым Қауіпсіздік Кеңесінде оған қашан дауыс берілетіннін нақты айтқан жоқ, бірақ: “Ол жақында мақұлдануға тиіс. Мен бұл тым ұзаққа созылып кетті ғой деп ойлаймын”, - деп атап көрсетті.
Ресми Вашингтонның мұндай сенімі мен үміті Ұлыбритания мен Францияның және Германияның өткен аптаның соңында бірлесіп ұсынған Ұлттар Ұйымы Қарарының жаңа жобасына Ресейдің онша көп қарсылық білдірмеуіне негізделіп отыр. Иранды жазаға тарту шарасы қарастырылған Еуропалық “үштіктің” алдыңғы жобаларына Ресей әлдеқайда табанды қарсы шыққан болатын. Өзінің жаңа бастамасына сәйкес Еуропалық “үштік” БҰҰ-ының уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтату шартын орындауды талап етіп Теһранды қысымға алуды ұсынады және өзге мемлекеттерді Иранға уран шикізатын байытатын, өңдейтін немесе жалпы ядролық технологияға қатысты материалдар мен технологияны сатпауға шақырады. Атап айтқанда, Иранға халықаралық келісім-шарттарға сәйкес дамытуға тиіс технология мен материалдарды сатпауға шақырады. Ал бірақ бірқатар Батыс елі атом қуатын өндіремін деген желеумен Иран ядролық қару жасауды көздейді деп күдіктенеді. Еуропа елдері ұсынған жоба, сондай-ақ, Иранның ядролық немесе зымырандық бағдарламасымен байланысты адамдардың сапарға баруына немесе олардың қатысы бар қаржы-қаражаттың ары-бері аударылуына тыйым салуды қарастырады.
Сондай-ақ, Ресей мен Қытай жағының қолдауына ие болу үшін Қарар жобасының үлгісінде Ұлттар Ұйымының Иранның “ядролық проблемасын” тек дипломатиялық жолмен шешуді көздейтіні айтылады. Жоба БҰҰ-ы Ережесінің жекелеген елді қайсыбір іске әскери күш қолданбай, мәжбүр ету шарасы айтылған 41 бабының 7-нші тармағын басшылыққа алады. 11-інші желтоқсан күні Мәскеуде журналистермен кездескенінде Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров жаңа жобаның көп жаза қолдануды ұсынбайтынын атап көрсетті.
С.ЛАВРОВ: “Ол (яғни Қарардың жаңа жобасы) көп жаза қолдануды ұсынбайды да, мен жоғарыда айтып кеткен және МАГАТЭ-нің алаңдаушылығын туғызып мәселелермен байланысы бар технологияларды сатуға жол бермейтін нақты шараларды тізіп келтіреді”.
Алайда, Мәскеу жобаның кейбір тармағымен, оның ішінде адамдардың сапарға шығуына тыйым салу немесе оларға қаржылай жаза қолдану туралы тармақтарымен келіспейтінін мәлімдеді. Кремльдің пікірінше, мұндай шаралар Иранға коммерциялық ядролық бағдарламасын іске асыруға бөгет болуы мүмкін. Ресми Мәскеу Еуропаның оның алдындағы бастамасына да қарсы шыққан болатын. Ираның коммерциялық ядролық бағдарламасының басты бөлігі – Бушер портындағы ядролық реакторы болып табылады. Жалпы құны шашамен 800 млн. доллар тұратын ол реакторды Ресей тұрғызып жатыр. Иранның бірінші атомдық электр стансасы ретінде 2007-нші жылдың соңына қарай іске қосылуға тиісті ол реактор туралы Еуропаның ұсынған әлгі жаңа жобасында ештеңе айтылмайды.
Бұл жобаға Қытай да өзінің көзқарасын ашық білдіруге тиіс. Бірақ ресми Бежиннен бұрын Мәскеу Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарыстың тек дипломатиялық жолмен шешілуін талап етуде. Ал осы айдың басында Иран билігі жаңа жобаның авторларын – Еуропаы елдерін - өзіне қарсы жаза қолданудан аулақ болуға шақырды. Иранның Мазандаран аймағында болған сапарында президент Махмуд Ахмадинеджад былай деп мәлімдеді.
М.АХМАДИНЕДЖАД: “Егер сіздер (яғни еуропалықтар) Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатуға күш жұмсауды жалғастыра берсеңіздер және егер сіздер үгіт-насихаттарыңызда немесе халықаралық ұйымдарыңызда Иранның ұлттық мүддесіне қарсы қандайда бір қадам жасайтын болсаңыздар, онда Иран халқы оны өзінің жауызы санайды”.
Егер атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры Иранның уран шикізатын байыту жұмыстарын және “ауыр суға” негізделген ядролық реакторын салуды тоқтатып, келіссөзге қайта оралғысы келетінін баяндайтын болса, БҰҰ-ы Қарарының жаңа жобасындағы Иранға қарсы жаза қолдану шаралары жойылуы да мүмкін. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі бұл жобаны мақұлдаған соң МАГАТЭ-нің Бас директоры Мухаммад Әл-Барадидің “еншісінде” Иран бойынша жаңа баяндамасын жасауға 60 күн уақыты болады. Ресей мен Қытай жобадан “сапарға баруға тыйым салу” тәрізді тармақтарын алып тастай ала ма әлде оны қолдап дауыс бере ме немесе оған тоқтау қою – яғни “вето қою” құқын пайдалана ма – ендігі бар мәселе осы! Не Ресейдің, не Қытайдың кез-келген “вето қоюы” – БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесін ол Қарарды мақұлдап, іске асыру мүмкіндігінен айырады.