Үндістанда жұмысқа орналасу үшін Салам Мухсиннің бармаған жері, баспаған тауы қалған жоқ. Ол орта білім алды, азды-көпті ағылшын тілін үйренді, қазір енді коммерциялық колледжде оқып жүр. Дегенмен де ол үшін ежелгі Хайдарабад қаласының рикша немесе дүкендерден басқа жұмыстарынан өзге жұмыс орындарының есіктері жабық болды.
Салам Мухсин зейнетке шыққан әкесінің жергілікті үкіметте істеген бұрынғы қызметіне оның зейнетақысын көтеруді өтініп барғанында, өтінішін қанағаттандырмай қайтарғаны аздай, әкесінің зейнетақысын қайта бұрынғысынан да қысқартты. Банктер оған жабылып қалған фабрикті сатып алып, қайта ашуға несие беруін сұраған бірнеше өтінішін қанағаттандырмай қайтарды. Үндістандағы мұсылмандардың көрген күні осы, деп мәлімдейді Салам Мухсин. Міне содан бері Үндістан қоғамы, бәлкім, алғаш рет оған сенім білдіре бастаған сияқты. Өткен 60 жыл бойы үнді мұсылмандары, жақсы көзқарастан гөрі, терроризм үшін және 1947-нші жылы Пәкістанның бөлініп шыққаны үшін “айыпты” болып келді.
Әйтсе де, өткен қараша айында үкімет тағайындаған арнаулы комитет немесе “Сахар комитеті” мұсылмандарға деген осындай көзқарас пен надандықтың оларды үнді қоғамындағы ең төменгі де кедей қауымдастығына тең люмпен тобына айналдырғанын ашық мәлімдеді. Енді осы мәселеден көптен бері теріс айналып келген саясаткерлер мұсылмандарға көңіл бөлу керектігін, оның ішінде мұсылмандардың мектепте оқуына қаржы бөлу және олардың саяси ұйымдарына рұқсат беру керектігін ашық айта бастады.
Бұл аса маңызды мәселе. 20 жылға созылған әлеуметтік толқулардан кейін Үндістан үкіметі мұсылмандардың өз елінде, өз жерінде өздерін жат, өгей сезінуіне қайтып жол беруге болмайтынын түсінді.
Делидің Джавахарлал Неру атындағы университетінің саясаттанушы ғалымы Раджив Бхаргава: “егер біз ештеңе істемесек, оларды жаугер топтар өздеріне тартады – бізді осы мәселе алаңдатып отыр”, -деп мәлімдейді.
Мұсылмандардың кейбірі ел ішіндегі терроризмге қатысса да, Пәкістан мен Таяу Шығыс аймағы үшін үйреншікті құбылыс болып табылатын халықаралық терроризмге онша көп атсаласпады. Өткен аптада үнді үкіметінің бас министрі мәлімдегендей, 150 млн. мұсылман халқы бар және мұсылмандарының санымен бүкіл әлемдегі 3-інші мемлекет болып отырған Үндістанда әлі де “Әл-Қаида”-ның ізі жоқ.
Дегенмен де, “Сахар комитетінің” қараша айындағы баяндамасы көрсетіп бергендей, үнді мұсылмандары жоқшылықтан жапа шегіп, азаматтық құқынан айрылып, терроризмге бет бұруға мәжбүр болады. Бұл, бір жағынан, күтпеген жайт. Өйткені, Үндістанның президенті мұсылман, Үндістандағы ең бай адам – компьютер бағдарламасының магнаты болып отырған Әзим Премжи де мұсылман. Жұртқа ішкен асын жерге қойғызатын үнді фильмдерінің ордасы – “Болливуд” киноөнеркәсібі мен спорттық “крикет” ойынынан ұлттық құрама команданың басым көпшілігі де – мұсылмандар.
Бірақ, сонымен бірге, “Сахар комитетінің” есебі бойынша, мұсылмандардың басым көпшілігі сауатсыз, орта мектептері жоқ және дәрігерлік қызмет көрсетілмейтін аймақтарда, ал қалалық елді-мекендердің ең кедей аудандарында тұрады. Жергілікті үкіметте немесе тұрақты жалақы алатын мекемелерде қызмет істейтін және тұрақты түрде зейнетақы алатын мұсылмандардың үлес-салмағы Үндістандағы жалпы мұсылман халқының санына сай емес. “Сахар комитетіне” мәлімет беруден негізсіз бас тартқан қарулы күштердің қатарында да дәл осындай жағдай. Бірақ, түрлі мәлімет бойынша, мұсылмандар Үндістан халқының 13 пайызын құраса да, үнді қарулы күштерінің қатарындағы мұсылмандардың үлесі 2 пайызға тең. Банк саласында несиені ең аз алатындар да мұсылмандар көрінеді. Үндістан банктеріндегі барлық ақша салымының 29 пайызы мұсылмандардікі болса да, банк несиелерінің 9.2 пайызы ғана мұсылмандарға берілген.
Өткен аптада сөйлеген сөзінде үнді премьер-министрі “Сахар комитетінің” осы баяндамасын мысалға келтіріп, үкімет осындай “келіспеушіліктерге назар аударуға тиіс” деп мәлімдеді. Одан 1 күн өткенде азын-аулақ халықтардың істері бойынша министр “Сахар комитетінің” барлық ұсынысы келесі жылы ескерілетін болады деп атап көрсетті.
Үндістер мен мұсылмандар ұзақ жылдар бойы бір-біріне қарсы талай рет бүлік шығарып, бірін-бірі қырып, бір-біріне қарсы талай рет соғыс ашса да, оларға ортақ, оларды біріктіретін бір нәрсе бар, ол – үндістердің де, мұсылмандардың да туған еліне деген шексіз махаббаты.
“Ия, біз – мұсылманбыз, бірақ біз – Үндістан мұсылмандарымыз! –дейді Үндістандағы Хайдарабад тұрғындарының бірі Зубайыр, - Өз үлесімнің көпшілігінен айрылсам да, мен әлі де болашағымның Үндістанмен тығыз байланысты болатынын сеземін”.