Таяу Шығыстан Оңтүстік Азия аймағына дейін шоғырланған барлық АҚШ күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалған адмирал Уильям Фоллон (William Fallon) сейсенбі күні “жаңа стратегияны” Ирақтағы ахуалды тығырықтан шығаруы мүмкін деп есептейтінін мәлімдеп, бірақ нәтижеге жету үшін Америка Құрама Штаттары шұғыл әрекет етуге тиіс деп ескертті. Бұдан былай бүкіл Тынық мұхиты аумағындағы АҚШ әскерлерінің бас қолбасшысы болып табылатын адмирал Фоллон АҚШ Сенатының қарулы күштердің істері бойынша комиссиясы алдында берген түсініктемесінде осылай деп атап көрсетті.
Өз түсініктемесінлде адмирал У.Фоллон елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін Ирақтың қауіпсіздік күштерінің өз жауапкершілігіне алуға мәжбүрлейтін уақыттың келгенін атап көрсетті. Оның айтуынша, осы мәселеге “тың көзқараспен қарайтын мезгіл жетті”.
У.ФОЛЛОН: “Меніңше, дәл осы кезде бұл халықтың айтылған барлық міндетті өз мойнына алуға деген қабылетін бағалауға келгенде біз қателескен сияқтымыз. Және бұл, меніңше, өзім жауап іздеуге тиісті мәселенің бірі... ол үшін мен осы проблемамен айналысқан кісілермен, ненің шын екенін, нені іске асыруға болатынын анықтау үшін әсіресе біздің елшілермен, дипломаттармен кездесуім керек. Бәлкім, біз осындағы мақсат-міндетімізді қайта қарауға тиіс шығармыз және алға жылжу үшін кейбір нәрсені өзгертуге тиіс болармыз”.
Адмирал Уильям Фоллон атап көрсеткендей, Американың жаңа стратегиясы Ирақтағы бүлікті басып-жаншуға бағытталған жоқ. Өз кезегінде ол Ирақтағы коалициялық күштерге өзі қорғап отырған Ирақ халқымен әлдеқайда тығыз қарым-қатынас орнатуға тиіс деген ұсыныс жасады.
У.ФОЛЛОН: “Осы күш-жігеріңізде нәтижеге, тарихи нәтижеге жету үшін сіздердің қалың бұқара халықпен етене араласуыңыз қажет екенін көрсетіп отырған дерек-мәліметтер бар: сіздер сол өлке-аймақтан басып өтіп қана қоймай, өзіңіздің халыққа қамқор бола алатыныңызға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатыныңызға халықтың көзін жеткізуге тиіссіз”.
Кейбіреулер Ирақтағы саяси ахуалды тұрақтандыру үшін оның ықпалды 2 көршісі – Сириямен және Иранмен келіссөз жүргізуді ұсынды. Мұндай ұсынысты осыдан 2 айдай бұрын АҚШ-тың қос партиясы – Республикалық және Демократиялық партиялардың сарапшыларынан құрылған “Ирақты зерттеу тобы” жасаған болатын. Президент Дж.Буш өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпай отырған Иранмен келіссөзге баруға келіспеді. Ал Сирияға келгенде Дж.Буш Сирия “Хизболла” сынды қарулы ұйымды қолдаудан бас тартуға тиіс деген пікірін әлденеше рет қайталап айтты. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті “Хизболла” ұйымын террористік топтардың тізіміне қосқан болатын.
Сейсенбі күні қарулы күштердің істері бойынша Сенат комитетінің мүшесі, Массачусетс штатынан сайланған демократ-сенатор Эдвард Кеннеди адмирал Фоллоннан аймақтағы (Таяу Шығыс) дипломатиялық іс-әрекет Ирақта тыныштық орнатуға көмек бере ала ма деп сұрады. Оған У.Фоллон “ия” деп жауап берді. Одан кейін Кеннеди адмиралдан ирақтағы ахуал бойынша келіссөзге Иран да қатыстырылатын болса, ол туралы өзінің не ойлайтынын сұрады. Өзінің сөзінде У.Фоллон Ирақтың төңірегіндегі ахуалмен тиянақты танысып алуға тиіс екенін, ал әзірше әлгі сауалға толық жауап бере алмайтынын атап көрсетті.
Сенат комитетінде болып өткен осы тыңдаудың барысында комитеттің вице-төрағасы, Аризона штатынан сайланған сенатор Джон Маккэйн (Республикалық партия) адмирал Фоллонға комитет төрағасы, сенатор Карл Левиннің бірнеше қарапайым сауал қоятынын ескертті. К.Левин – Мичиган штатынан сайланған демократ.
Дж.Маккэйн У.Фоллоннан осы сауалдарға шынайы жауап беруге дайын болуын өтінді. Ол атап көрсеткендей, Сенат комитеті алдында президент Дж.Буштың әкімшілігінен келіп түсініктеме берген алдыңғы өкілдер, көбіне, ақиқат жауап беруден гөрі, өздерінің оптимистік көзқарастарын көрсетуге тырысып бақты.
Дж.МАККЭЙН: “Өткен жолдары бұл комитет ақиқат жауаптар ала алған жоқ. Мен оны үлкен өкінішпен қабылдаймын. Өйткені, мен Америка халқы мен оның өкілдері ақиқатты білуге құқылы деп ойлаймын. Менің тілегім: комитет төрағасы, сенатор Карл Левин сізден сұраған кезде, оның толық көзін жеткізуіңіз керек. Оның сауалдарына Сіз ахуалға деген өзіңіздің шынайы да айқын бағаңызбен жауап берсеңіз деймін. Осы комитет пен Америка халқының алдына келген Әкімшілік өкілдері, көбіне, болмаған нәрсені айтып келді”.
Өз кезегінде Уильям Фоллон ақиқатты айтуға сөз берді. Бірақ бірнеше сауалға қайтарған жауабында адмирал оларға тиянақты жауап бере алатындай, Таяу Шығыстағы ахуалмен жақын таныс емес екенін айтып ақталды. Сондай сауалдардың бірі Ирақтың қауіпсіздік күштерінің дайындығы туралы болды. Өзінің жауабында адмирал Фоллон Ирақ күштерінің қаншалықты жақсы жаттыққаны туралы немесе ол күштердің қанша пайызының бүлікке қарсы күреске және сүнниттер мен шийттердің арасындағы жанжалға төтеп беруге дайын екенін толық білмейтінін ашық айтты. Оның мұндай жауабы Флорида штатынан сайланған демократ-сенатор Билл Нельсонның ызасын туғызды. Ол 21500 жауынгерден тұратын қосымша АҚШ әскерін Ираққа уақытша жолдау туралы президент Дж.Буштың жоспарына қарсы шыққан болатын.
Қосымша әскер Ираққа сүнниттер мен шийттердің арасындағы жанжалды басу және Бағдад төңірегіндегі ахуалды тұрақтандыру үшін жолданбақшы. Ал сенатор Нельсонның мәлімдеуінше, АҚШ-тың қосымша күштері Ирақтан шығарылған жағдайда, Ирақтың өз күштері Бағдадтың қауіпсіздігін қорғауға әлі жарамаса, онда қосымша әскерді қысқа уақытқа жіберудің ешқандай қисыны болмайды. Бірақ, сонымен қатар, сенатор Нельсон елдің қауіпсіздігін қорғауға Ирақ үкіметінің қабылеті жете ме, жоқ па, оны ешкімнің кесіп айта алмайтынын мойындады. Міне осындай проблемаларға қарамастан, қарулы күштердің істері бойынша Сенат комитеті мүшелерінің көпшілігі Уильям Фоллонға жақсы бағасын беріп, оның тағайындалуын қолдайтындарын мәлімдесті. Сенат комитеті У.Фоллонның осы лауазымға тағайындалуына ұсыныс береді де, Сенаттың өзі аз ғана қарсы дауыспен оны мақұлдауға тиіс.