Чикаго университетінің психология лабораториясындағы 2 зерттеушінің жасаған қорытындысына сәйкес, өзіміз туып-өскен мәдени орта біздің өзге адамдардың жайын түсіну қабылетімізге әсер етеді. Психологтардың жорамалы бойынша, Қытайдағы сияқты ұжымшыл мәдени ортада тәрбие көріп өсу адамның өзгенің артықшылығына түсінікпен қарай білетін тумысынан пайда болатын қабылетін жетілдіре түседі екен.
Бұл қабылет - өзгенің ауруын сезіне білу қабылеті емес. Оны профессор Боаз Кейзар (Boaz Keysar) былай деп түсіндіреді.
Б.КЕЙЗАР: “Біз өзгелердің келешегін түсіне білу қабылетіне, өзін басқаның кебісіне сыйғыза алу қабылетіне назар аудардық. Мысалға, айталық, Сіз басқаның тар аяқ киімін оған онша аяныш білдірмей-ақ өзіңізге кигізе алар едіңіз”.
Профессор Кейзар мен оның шәкірті Шали Ву колледж студенттерінің 2 тобын қатыстыра отырып коммуникациялық “ойын” өткізді. Бір топқа Америка Құрама Штаттарында туып өскен, ал екінші топқа Қытайда туып өскен студенттер тартылды. Осы “ойынға” сәйкес, бірінші ойыншы болып жатқан нәрсенің бәрін көре алса, екіншісі толық көре алмады. Бірінші ойыншы екіншісінің толық көруіне бөгет қойылғанын білсе де, америкалық студенттердің 65 пайызы екінші ойыншының көруіне бөгет қойылғанын түсіне білмеді, қабылдай алмады.
Қытайлық студенттердің 5 пайызы ғана солай қателесті. Оған қоса америкалық студенттер бұл ойынды қытайлықтарға қарағанда әлдеқайда баяу ойнады, олар ойынды аяқтау үшін орта есеппен екі рет көруге мәжбүр болды. Профессор Кейзардың атап көрсетуінше, таң қалатын нәрсе – 2 мәдениет өкілдерінің арасындағы осындай айырмашылық – мәдени ғаламдануға қарамастан сақталып отыр.
Б.КЕЙЗАР: “Біз ашқан жаңалық, менің ойымша, шынында да ғажайып және қызық! Алайда біз оны түрлі мәдениеттің арасындағы ерекшелік-айырмашылықтардың барған сайын азайып бара жатқанына қарамастан тапқынымызды Сіз түсінуге тиіссіз”.
Кейзардың ізденісі қытайлықтармен салыстырғанда америкалықтардың тапқырлығы, зеректігі төмен екеніне көз жеткізген ең бірінші зерттеу емес. 2002-нші жылы жүргізілген зерттеу бойынша, қытайлықтар үшінші бір адамды қандай келешек күтіп тұрғанын дәл көре білсе, ал америкалықтар болса жақын адамының ғана болашағын айта алды.
Дегенмен де, профессор Кейзар одан қытайлықтарға қарағанда америкалықтардың қабылет-қасиеті туралы түпкілікті тұжырым жасауға болмайтынын ескертеді. Өйткені, ешбір мәдениет өзгеріссіз қатып қалмайды. Сонымен бірге профессордың жорамалы бойынша, қытайлықтардың ерекшеліктерін ашқан зерттеу өзге ұжымшыл мәдениет өкілдеріне де сәйкес келуі мүмкін.
Б.КЕЙЗАР: “Менің ойымша, бәлкім біз тек қытайлықтарға ғана тән емес құбылысты көріп отырған болармыз, бұл – шынында да ұжымшыл мәдениеттің әсер-ықпалы болса, онда ол құбылыс Жапонияға, Кореяға және, бәлкім, ұжымдық салт-дәстүрі күшті кейбір араб мәдениетіне, сондай-ақ ұжымдық дәстүрі бар бірқатар Еуропа еліне де тән қасиет болуға тиіс”.
Профессор Боаз Кейзардың бұл зерттеуі “Психология ғылымы” журналының осы айдағы санында жарық көрді.