Ұлыбританияның мұсылмандары өз ішіндегі экстремизмге қарсы бұрын-соңды болмып көрмеген белсенділікпен күрес жүргізе бастады. Осы күресі үшін олар барша мұсылманға ортақ жаңа ұйым – мұсылман қауымдастықтарының даму желісін құрып, ендігі жерде нәтижеге жетеміз деп үміттенеді. Өйткені, экстремистік секталардың Ұлыбританиядағы ислам семинарлары мен мешіттеріне кіріп алғаны туралы айғақтар бар.
Ұлыбританияда байыпты көзқарас ұстанатын талай мұсылман ұйымы бар. “Экстремистік ұйым” деп бағаланған құрылымдар да жоқ емес. Оны британ үкіметі мен баспасөз құралдары да, мұсылмандардың өздері де айтады. Мысалға ресми билік рұқсат берген және “Ислам халифатын” құруды көздейтін “Хизб-ут-Таһрир”, сондай-ақ “Жама’ат әл-и-Хадит” (Jama’at al-e-Hadith), “Муджаһирун” (Mujahiroon) немесе ірі болса да, жұрт онша көп білмейтін “Деобанди” (Deobandi) сектасы бар.
“Деобанди” сектасы британ мұсылмандарының мешіттері мен ислам семинарларийлеріне бойлап кіру арқылы оларға басшылық еткісі келді және олар, сарапшылардың есептеуінше, ең қауіптісі болып табылады. Оксфордтағы мұсылмандық білім Орталығының жетекшісі Тадж Харджи (Taj Hargey) сондай сарапшының бірі.
Т.ХАРЖИ: “Олар сөзсіз Ұлыбританиядағы мешіттердің көпшілігіне басшылық етеді, олар іс жүзінде төзімсіз болады және олардың келешегі бұлыңғыр болып табылады. Олардың көздеген мақсаты Шығыстан Батысқа келіп жеткен ислам мәдениетін орнату...”
Доктор Харджидің түсіндіруі бойынша, “деобандистердің” мәдени ұстанымы Ұлыбританиядағы мұсылмандардың көпшілігі келген Пәкістан, Кашмир, Үндістан, Ауғанстан және Бангладеш сынды елдердің мәдениеттерін арқау етеді.
Харджидің ерекше атап көрсетуінше, олар көбіне аталған елдердің нашар дамыған, мысалға Пәкістанның солтүстік-батыс аймағынан келгендер. Ол аймақта британ империясының 19-ыншы ғасырдағы құлдық ережесін жеккөрушіліктен рух алу кең етең жайған.
“Деобанди” сектасы Ауғанстандағы Талибан қозғалысының ережесін негізге алған және деобандистер өзге кез-келген діннің өкілдерімен, оның ішінде христиандармен, еврейлермен немесе үндістермен еш байланысқысы келмейді. Оған қоса сектаның көсемдері қарулы джиһадты жиі насихаттайды. Ұлыбританиядағы мұсылман қауымдастықтарына осы сектаның қаншалықты терең бойлап кіре алғанын күнделікті “Таймс” газетінің таяудағы зерттеуі көрсетіп берді. Осы зерттеуге сәйкес, Ұлыбританиядағы 1350 мешіттің 600-ін және Мидлэндс пен Солтүстік Англиядағы мұсылман қауымдастықтарының көпшілігін деобандистер басқарады. Мұсылман парламентінің лидері әрі мұсылман Институтының директоры Гаяссуддин Сиддиқуидің (Ghayasuddin Siddiqui) атап көрсетуінше, “Таймс” газетінің мәліметіне сәйкес, Ұлыбританиядағы 26 семинарийдің немесе медресенің 17-сін деобандистер басқарады. Доктор Сиддиқуи мұны “өте қауіпті құбылыс” деп бағалайтынын атап көрсетті және оған үкімет қарсы тұруға тиіс деп мәлімдеді.
Г.СИДДИҚУИ: “Мен мешіттер мен медреселерде не оқытылып, не істеліп жатқанын саралап отыратын арнайы комиссияны тағайындауды үкіметтен талап еткен жалғыз біз ғой деп ойлаймын”.
Оксфордтағы мұсылмандық білім Орталығының директоры доктор Харджидің мәлімдеуінше, Ұлыбритания мен Еуропадағы ислам экстремизміне қарсы күресудің негізгі 2 стратегиялық жолы бар. Ең алдымен британ мұсылмандары “британ исламын”, яғни исламның негізгі принциптері мен ережелерін басшылыққа алатын, бірақ Ұлыбританияның мәдени және әлеуметтік базасының құрамдас бөлігі болып табылатын исламды құруға және дамытуға тиіс. Осы стратегияның өте маңызды екінші бөлігі, доктор Харджидің айтуынша, британ мұсылмандары өзін-өзі басқару құқына ие болуға тиіс.
Тадж Харджи, сонымен қатар, “Деобанди” ұйымы мен басқа да экстремистік құрылымдардың ықпалына қарсы тұру мақсатымен Ұлыбританиядағы барлық мұсылман ұйымын өзара байланыстыратын және таяуда ғана құрылған баршаға бірдей ұйымға үміт артады. Өткен айда Бермингем қаласында құрылған осы ұйым “Мұсылман қауымдастықтарының даму желісі” деп аталды. Мохсин Аббас (Mohsin Abbas) - оның ұлттық үйлестірушісі болып табылады. Оның түсіндіруінше, “Мұсылман қауымдастықтарының даму желісінің” жұмысын осы күнгі мұсылман ұйымдары қамтамасыз етеді. Бұл ұйымдар “Мұсылман қауымдастықтарының даму желісінің” күресін жеңілдетуге тиіс.
Өз кезегінде бұл желі мұсылман ұйымдарының өзара байланысы мен ынтымақтастығын нығайтуға тиіс. Ал “Мұсылман қауымдастықтарының даму желісінің” көздеген ғаламдық стратегиясы ретінде, Мохсин Аббас, 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі террорлық қастандықтан кейін дінге сенбейтіндер мен діншілдердің арасындағы түсінбеушіліктің алшақтай түсуі сияқты өте қауіпті, бірақ Ұлыбритания мен жалпы Еуропаға тән құбылысты ерекше атап көрсетті. Мұндай құбылыс, Мохсин Аббастың пікірінше, мұсылман қауымдастығында ғана емес, христиан, еврей қауымдастықтарында да байқалады. Сол себепті де олардың барлығы жиналып, қандай қатерлі ахуалдың қалыптасып отырғанын мойындап, кең диалог өткізу қажеттігін талап етуге тиіс, деп мәлімдейді “Мұсылман қауымдастықтарының даму желісінің” үйлестірушісі Мохсин Аббас.