Қыс маусымында үнемі электр қуатынан мұқтаждық көретін Тәжікстан 1-інші қарашаға қарай Өзбекстан жері арқылы Түркіменстаннан электр қуатын тасымалдап алып тұруға көп үміт артқан болатын. Алайда асыға күткен электр қуаты Тәжікстанға келіп жетпеді де, ресми Душанбе өзбек үкіметінен түсініктеме беруін сұрады. Тәжікстанның энергетика саласының басшылары бар проблеманың неден шыққанын анықтау үшін Ташкентке ұшып келді.
Өткен айда “Ынтымақтастық Шанхай Ұйымына” мүше мемлекеттер басшыларының Душанбедегі саммитіне келген түркімен және тәжік президенттері өзінің қыс маусымындағы энергетика проблемасын шешу үшін Тәжікстан электр қуатын Түркіменстаннан сатып алатынын мәлімдеген болатын. Тәжік президенті Э.Рахмон атап көрсеткендей, Түркіменстанның электр қуатын көрші Өзбекстан арқылы Тәжікстанға тасымалдау туралы ресми Душанбе, Ашхабад және Ташкент өзара келісімге келді және осы келісім бойынша электр қуаты 1-інші қарашадан Тәжікстанға экспортала бастауға тиіс еді. Алайда Түркіменстанның электр қуаты келіп жетпеді. Электр қуатын Түркіменстаннан тасымалдайтынын және осы қуатпен қыс маусымындағы мұқтаждық проблемасын жоятынын мәлімдеген тәжік үкіметі, енді, электр қуатын тасымалдау үшін “тағы бірқатар техникалық іс-шараны жүзеге асыру қажеттігін” айтып ақталуға мәжбүр болды. “Барқи тоджик” (“Barqi Tojik”) немесе Тәжікстанның мемлекеттік энергетика компаниясындағы техникалық бөлім бастығының орынбасары Рашид Гуловтың хабарлауынша, пайда болған проблеманы өзбек шенеунектерімен талқылау үшін “Барқи тоджик” компаниясының басшысы өткен бейсенбі күні, яғни 1-інші қарашада Ташкентке ұшып шықты. Р.Гуловтың сөзіне қарағанда, тәжік премьер-министрі Акил Акилов (Oqil Oqilov) та бұл проблеманы “Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымына” мүше елдердің үкімет басшыларының 2-нші қараша күні Ташкент қаласында басталуға тиісті басқосуының сыртында түркімен әріптесімен талдауды жоспарлаған.
Р.ГУЛОВ: “Олар Ташкентке осындай ниетпен аттанды. Олар бұл мәселені Өзбекстанда талқылайды. Бұл – жоспар. Проблема премьер-министрлердің арасында да талқылануға тиіс. Олардың бірқатар келісімге келуі де мүмкін”.
Өткен айда Душанбеде “Өзбекэнерго” немесе Өзбекстанның мемлекеттік энергокомпаниясының жоғарғы лауазымды өкілі Исо Садуллоевтың мәлімдегеніндей, өзінің электр қуатын тасымалдау желілерін қайта құру жұмыстарын Өзбекстан негізінен аяқтады. Садуллоевтың сөзіне қарағанда, түркіменнің электр қуатын Өзбекстан арқылы тасымалдаудың басты 2 желісі бар. Өзбек шенеунегінің мәлімдеуінше, 2 электр желісінің бірі қазан айында пайдалануға берілсе, екінші желіні іске қосудың ақырғы жұмыстары 1-інші қарашаға қарай аяқталуға тиіс.
Бірақ “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Душанбедегі Халықаралық қарым-қатынастар бойынша тәжік Институтының директоры Шокирджон Хакимов (Shokirjon Hakimov) мәлімдегендей, Түркіменстанның электр қуатын Тәжікстанға тасымалдауға техникалық бөгет жоқ, жападан-жалғыз саясат тосқауыл болып тұр. Оның атап көрсетуінше, өзбек президенті И.Кәрімовтің билігі үшін Өзбекстан арқылы өтетін транзиттік бағыт Тәжікстанға қысым көрсетудің ең басты құралы болып келеді. Өзбекстан арқылы өтетін көлік тасымалының бағыты бойынша екі елдің арасында көптен бері әлі шешімі табылмаған дау-дамай бар. Өзбек үкіметі алдын-ала ескертпей Тәжікстанға қарай тартылған көлік және темір жолдарды және шекараны талай рет жауып келді. Тәжікстанға немесе Тәжікстаннан тауар тасымалдаған көлік түрлері мен жүздеген жолаушысы бар поездар кейде өзбек-тәжік шекарасында ұзақ уақыт тұрып қалады. Соғыс қимылдары жалғасқан Ауғанстанмен арадағы шекарасын жапқан Тәжікстан электр қуатының және Батыспен арадағы қарым-қатынасының транзиті жағынан Өзбекстанға қатты байланып қалған. Өткен қыста Тәжікстан қыс маусымында өзінің тұтынысына жетпейтін электр қуатын Қырғызстаннан сатып алу туралы келісімге келді. Алайда, қырғыз шенеунектері мәлімдегендей, өзбек жағының электр қуатын өз жері арқылы тасымалдануына рұқсат бермеуі салдарынан бұл жоспар іске аспай қалды. Көктем мен жаздың барысында өзендердің арналары суға толғанда, Тәжікстан электр қуатын әлдеқайда мол өндіреді және, таң қаларлығы, тәжік үкіметі осы қуаттың бір бөлігін іс жүзінде Өзбекстанға экспорттайды. Шокирджон Хакимовтің айтуына қарағанда, Қырғызстанмен бірге бүкіл Орта Азияның барлық су ресурсының басым бөлігі өз үлесіне тиетін Тәжікстан, қыс маусымында есесін қайтарады” деген үмітпен, бірқатар жыл Өзбекстанды сумен және электр қуатымен қамтамасыз етіп келді.
Ш.ХАКИМОВ: “Үстіміздегі жылы Өзбекстан аса мұқтаж болғанда, өзбек президенті И.Кәрімов Тәжікстанның су мен электр қуатын беретініне күмән келтірді. Тәжікстан Өзбекстанды тіпті әдеттегіден де әлдеқайда мол сумен және электр қуатымен қамтамасыз етті. Және күз бен қыста Тәжікстанның электр қуатына деген сұранысы артқанда, өзінің территориясынан электр қуатын тасымалдауға Өзбекстанның бастапқы келісім бар болды. Бірақ олай бола қоймады”.
З.Хакимовтің пікірінше, өзбек шенеунектерімен немесе тіпті өз жерінен өтетін электр қуаты транзитінің бағасын көтеруді талап еткен ресми Ташкенттің өзімен арадағы ауыр келіссөзінен кейін алдағы күндері, алдағы апталардың ішінде тәжік шенеунектері елге және экономикаға Түркіменстанның электр қуатын жеткізе алатын да шығар. Бірақ, алдағы уақытта электр қуатына деген өзінің барлық сұранысын толық және біржола қанағаттандыра алатын бір ғана жолы бар, деп мәлімдейді Ш.Хакимов, ол - өзінің жыл бойындағы сұранысын толық өтей алатын жаңа су-электр стансаларын салу.
Ең қызығы, Тәжікстан – бүкіл Орта Азиядағы су-электр ресурсы ең үлкен және жыл сайын 300 млрд. киловат сағат электр қуатын өндіре алатын әлеуеті бар бірден-бір ел. Соған қарамастан Тәжікстан – электр қуатынан көп мұқтаждық көретін және қалалары мен қышлақ-аймақтарына электр күші тек таңертең мен кешкісін бірнеше сағат қана берілетін Орта Азияның жалғыз елі. Тек қалалық ауруханалар мен мемлекеттік мекемелер және үкіметтің “старетегиялық маңызы бар” деп белгілеген кейбір кәсіпорын ғана элект қуатын үзіліссіз алады.
Осы күні Тәжікстанның су-электр стансалары шамамен 17 млрд. КВ сағат электр қуатын өндіреді. Бірнеше орта және қуатты су-электр стансасы негізінен Ресей мен Иранның инвестицияларына салыну үстінде. Тәжікстанның бұқара халқы қазіргі ахуалға үйреніп, электр қуатын тек күн батқанда ғана пайдаланады, ауқатты азаматтары болса бір жанұяны электр қуатымен толық қамтамасыз ете алатын генетарларды қолданып отыр. Қарапайым халықтың май шамдар мен балауыз шамды пайдаланудан басқа амалы жоқ.