Полиция мен наразылық ереуіне шыққан саяси оппозицияның үлкен қақтығысынан кейін Грузия соңғы жылдардағы ең ауыр саяси дағдарысты бастан кешу үстінде. Грузин президенті М.Саакашвили ел ішіндегі саяси толқуды “ұйымдастырды” деп Ресейді айыптаумен келеді. Алайда жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, саяси бақылаушылардың басым көпшілігі бар айыпты осылайша Кремльге тағу арқылы М.Саакашвили өзі бастаған саяси биліктің жіберген қате-кемшіліктерінен жұрт назарын басқаға бұрғысы келеді деп есептейді.
Грузияда билік басына “батысшыл” М.Саакшвили отырған 2003-інші жылдан бері сауда байланысындағы дау-дамай – орыс-грузин қарым-қатынасының басты ерекшелігі болмаса да, осы күнге дейін жалғасып келе жатқан проблемасы. Грузия соңғы жылдардағы ең ауыр саяси дағдарысқа душар болған кезде бар айып тағы да Мәскеуге тағылды. Президент М.Саакашвили саяси оппозицияның Тбилисидегі 1 аптаға дерлік созылған наразылық ереуілін “ұйымдастырды” деп Ресейдің барлау қызметін айыптады.
7-нші қараша күні Грузияның қауіпсіздік қызметі көзден жас ағызатын газ бен су атқылайтын мәшинелерді қолданып және резеңке оқ жаудырып ереуілді аяусыз қуып таратты, түрлі жарақат-жара алған 100-деген адам ауруханаларға түсті. Оны іле-шала М.Саакашвили өзін биліктен тайдыру үшін саяси оппозицияның “қолтығына су бүркеп отыр” деп Ресейді қаралап, елге төтенше жағдай тәртібін орнатты. Нәтижесінде ресми Мәскеу мен Тбилиси әдеттегідей бір-бірін жатып-кеп қаралауға кірісті.
Кремль бейбіт наразылық ереуілінің күштеп қуылуын “демократияның грузин үлгісі” деп сипаттап, ресми Тбилисиді “ұстама ауруы қозды” деп айыптады. Бейбіт халыққа күш қолдануы, әрине, М.Саакашвилидің “батысшыл” саясатына кір тигізгені айдан анық. Өз кезегінде грузин лидері өз елін Жерорта теңізіндегі Кипр сияқты жікке бөлуді көздейді деп Ресей президенті В.Путинді әшкереледі.
М.СААКАШВИЛИ: “Енді мен сіздерге осыған дейін айтпаған сырымды ашып айтпақшымын. Өткен жылы, ТМД басшыларының Минскідегі бас қосуы кезінде, президент В.Путин Ресейдің Абхазияны “жаңа Кипрге” айналдыратынын маған ашық айтты”.
Ресейдің Грузиядан бөлініп шыққан Абхазия мен Оңтүстік Осетияның сепаратистік саясатын қолпаштауы ресми Тбилиси мен Мәскеудің арасындағы ұзаққа созылған дау-дамайға түрткі болып келеді. Билік басына келген кезінде осы республиканы қайта қосып алуға ант берген М.Саакашвили Кремльді Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тұрғындарына орыс паспорттарын беруімен Грузия территориясының тұтастығын бұзды деп айыптады.
Осы аптада Грузияның жанжалдарды үйлестіру министрі Давид Бакрадзе Ресей Абхазиядағы бітім күштерін нығайтты деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, танктері, зымырандық қондырғылары, зеңбіректері және тағы басқа соғыс техникасы бар және басым көпшілігін Ресей армиясының барлау басқармасында қызмет атқаратын этникалық чешендер құрайтын 200-дей жауынгер Абхазияның Қара теңіз жағалауындағы портына келіп табан тіреді. Грузия мен Абхазия арасындағы соғыс кезінде чешендердің грузин әскеріне қарсы соғысуын грузиндердің көпшілігі “Кавказ халықтарының ауызбірлігіне” деген зор сатқындық деп қабылдаған сияқты.
Бірақ Ресейдің сыртқы істер министрлігі Д.Бакрадзенің бұл мәлімдемесін “арандатушылық” деп бағалап теріске шығаруға асықса, Абхазияның басшылығы оны “бос дақпырт” деп сипаттады. Оған қоса Ресей грузин-абхаз жанжалы аумағындағы әскерін “бітімгершілік күштері” деп дәлелдеумен келеді. “Азаттық” Радиосының Солтүстік Кавказ редакциясына берген сұхбатында Абхазиядағы бітімгердің бірі, ұлты чешен Мовсар Усманов былай деп мәлімдеді.
М.УСМАНОВ: “Біз халықтардың арасында бейбітшілік орнайды деген жұрттың үмітін оятуға тырысып жатырмыз. Егер фактілерге сүйенсек, біз соғыстың қайғы-қасыретін көрдік және оның не екенін жақсы білеміз. Бұл жанжалды шешуге мүмкіндігіміз бар және халық бейбіт өмір сүреді ғой деп үміттенеміз. Кейде біз күш қолдануға мәжбүр боламыз, бірақ көбіне біз сөзді қолданамыз”.
Күнделікті жаңалық хабарларында Грузиядағы саяси дағдарысқа басты назарын аударған Ресей өзін бейбіт көршісі ретінде көрсетуге тырысып бақты. Өткен сейсенбі күні Ресейдің қарулы күштері Қара теңіздің жағасындағы Батуми портында орналасқан соғыс базасын жауып, Грузиядан ғасырлардан бері тұрған әскери күшін шығарғанын мәлімдеді. Дегенмен де, “Абхазиядағы әскерін күшейтті” деген және Абхазияның Гудаута қаласындағы Ресейдің соғыс базасының мәртебесі туралы Грузияның күдігі бәрібір сейілмеді.
М.Саакашвилидің Мәскеуге деген өкпе-назы “Ресей Кавказдың алақандай еліне өзінің саяси мүддесіне жататын аумақ ретінде қарап, оның ішкі істеріне қол сұғады” –деген Грузияда кең қанат жайған көзқарастан туады. Грузияның саяси сарапшысы Темур Якобашвили де осындай пікір ұстанады.
Т.ЯКОБАШВИЛИ: “Ресейдің тыңшылары ішкі оқиғаларға ықпал етуге тырысады. Халықаралық және екі жақты барлық келісімді өрескел бұза отырып Грузияға ашықтан-ашық қырғиқабақ көрсетеді. Грузияның ішкі саяси тыныс-тіршілігіне араласып, түрлі саяси қозғалыс пен лидерге ықпал ету арқылы оның саяси билігін өзгертуді көздейтінін орыстар тіпті жасырмайды”.
Грузияны НАТО мен Еуропа Одағына мүше етуге ұмтыламын деген уәдесімен М.Саакашвилидің билікке келуінен кейін ресми Тбилисиге салқын қабақ танытқаны үшін Ресей өткір сынға тап болды. Мысалға, 2006-ншы жылы Кремль “санитарлық ережелерге лайық емес” деген сылтаумен грузин шарабының, жеміс-жидек, көкөнісінің және минералды суының экспортына тосқауыл қойды.
Тағы 3 ай өтпей жатып Грузиямен арадағы көлік қатынасына күрт шектеу қойып, ресми Тбилисидің “тыңшылық етті” деген айыппен 4 орыс офицерін тұтқындауына есе қайтару мақсатымен мыңдаған грузин азаматын Ресейден күштеп қуды. 3 грузин жолды көтере алмай қайтыс болды.
Абхазия мен Оңтүстік Осетиядағы ахуалға Ресейдің барлау қызметінің қатысы бар дегенге тіпті Ресейдің саяси сарапшыларының арасында да күмәнмен қарайтындар баршылық. Ал Грузиядағы соңғы саяси дағдарысқа Кремльдің қатысы бар дегенге Грузияның өз ішінде де, сырт елдерде де аң-таң болды. Солардың бірі Тбилисиде тұратын саяси сарапшы Марина Мусхелишвили.
М.МУСХЕЛИШВИЛИ: “Ресей мен Грузияның қарым-қатынасындағы нағыз проблема – Грузия үшін оның жанжалды аумақтарынан, Ресей үшін Грузияның НАТО-мен арадағы байланысынан туады. Біз осы 2 нәрсе мен билік үшін үкіметтің оппозициямен арадағы күрес-тарытысының жігін ажырата білуға тиіспіз. Оған Ресейдің тиіп-қашты қатысы жоқ.Грузиядағы өткен айда пайда болған саяси дағдарысқа Ресейдің ешқандай қатысы жоқтығына менің еш күмәнім жоқ”.