“Қырғиқабақ соғысынан” кейінгі Ресей мен Батыс елдерінің арасындағы бәсекелестік, негізінен, қуат көздері төңірегінде жалғасты. Ондай бәсекелестік барған сайын мұнай мен табиғи газ қорына бай Каспий теңізінің бассейні үшін жүріп жатыр. Көмірсутегі шикізатына деген сұраныстың арта түсуі мен шикізат бағасының бұрын-соңды болмағандай қымбаттауы, сондай-ақ Орта Азияның мұнайы мен газына Қытайдың көз тігуі – Каспийдің шикізат қоры үшін бәсекелестікті күрделендіре түсті. Көмірсутегі төңірегіндегі осы бәсекелестіктің алдағы уақытта қалай жалғасуын талқылау үшін осы аптада бірнеше сарапшы Нью-Йоркке жиналды. Осы жиынды біздің тілшіміз де бақылаған болатын.
“Американың Каспий аймағындағы саясаты – құбыр желісі. Бұл – стратегияға жататын құбыр. Ал стратегияның мақсаты – осы аймақты Ресей мен Иранның арасындағы тәуелсіз экономикалық территорияның“батысшыл” арнасына айналдыру...”.
Бұл – ресми Вашингтонның Каспий аймағындағы саясатын суреттеген баяндаманың авторы Стив Левайн (Steve LeVine). Бұрын “Wall Street Journal” газетінің Орта Азиядағы тілшісі болған С.Левайн осы саясатты қолдайды және “қырғиқабақ соғысынан” кейін Батыс пен Ресейдің арасындағы бәсекелестікте осындай саясаттың рөлі басым болып барады. Үстіміздегі жылы ол энергетика проблемасына арналған “Мұнай және даңқ: империяның мүддесі мен Каспий теңізінің әл-ауқаты” (“The Oil and Glory: The Pursuit of Empire and Fortune on the Caspian Sea”) атты кітап басып шығарды. Халықаралық қатынастар бойынша Кеңесте 13-інші қараша күні болып өткен конференцияда С.Левайн Батыс пен Шығыстың арасындағы талас-тартыстың әсіресе Каспий теңізінің аймағында қыза түскенін атап көрсетті.
Нью-Йорктегі конференцияның барысында мұндай пікірмен келіспегені некен-саяқ болды. Оған себеп: бұл бәсекелестік - бастапқыда Батыс Ресейді айналып өтетін “Баку-Тбилиси-Джейхан” мұнай құбырын тартып, таяуда Мәскеу өзінің осы аймақтағы ықпалын қайта күшейтуімен дамып келеді. Соңғы жылдары Ресей президенті В.Путин Каспий теңізінің табанымен құбыр тартуға деген Батыстың жоспарына бөгет жасай алғандай болды. Оның орнына өзінің көмірсутегі шикізатын Еуропаға, негізінен, Ресейдің мұнай-газ құбырларымен тасымалдауға көндіру үшін ресми Мәскеу Орта Азия мемлекеттеріне қысым жасап келеді. Бірақ бұл күрес-тартысқа Батыс пен Ресей немесе Каспий жағалауындағы мемлекеттер ғана емес, бірнеше сарапшы атап көрсеткендей, іс-қимылын болжап айта қоюға болмайтын бірден-бір ел - Қытай да араласа бастады. Өзінің өнеркәсіп саласын дамыту үшін қуат көзіне деген орасан зор сұранысы бар Қытай - таяу болашақта – Каспий аймағында Батыс пен Ресейге терезесі тең бәсекелеске айналады.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия істері бойынша екінші көмекшісінің хатшысы Эван Фейгенбаумның (Evan Feigenbaum) мәлімдеуінше, мұнай мен газға бай Орта Азия мемлекеттерін несімен “қызықтыра” алатынын ресми Бежин жақсы біледі. Онысы – шикізат өндірушіге қажетті өзінің зор сұранысы.
Қазірдің өзін де Қытай газ экспорты бойынша Түркіменстанмен белсенді келіссөз жүргізу үстінде және Қазақстанмен бірге мұнай экспортына қатысты жобаларды іске асырып жатыр. Ішкі зор проблемаларына қарамастан келіссөздер нәтижелі жалғасып келеді.
Э.ФЕЙГЕНБАУМ: “Қазақстанды ең аз дегендегі қызықтыратыны – ол Қытаймен көрші болуы, олардың ортақ шекарасы бар. Түркіменстан газ құбырын тарту мүмкіндігімен қызықтырады. Өйткені, олар, қытайлықтар, газ құбырын өзінің шекарасына дейін жеткізу үшін транзит мәселесін өзге елдермен келісуге тиіс. Ал түркімендер газын шекараға жеткізіп сатуды жақсы көреді. Демек қытайлықтар газ транзиті жөнінде келісудің жолдарын табуға тиіс болады”.
Бірақ ресми Бежин Орта Азияның шикізат экспорттаушыларымен арадағы қарым-қатынасының тек бір бағытта ғана дамығанын қаламайтын сияқты. Арзан тауарларының осы елдерге деген экспортын арттыруды көздейді. Фейгенбауымның атап көрсетуінше, Орта Азия елдерінің базарларында онсыз да, негізінен, Қытай тауарлары сатылады.
Демек бұл географиялық жағынан Орта Азияның ең алыс экономикалық әріптесі болып табылатын Батыстың мұндай күшті картасы жоқ деген сөз бе? Оған Эван Фейгенбаум “Жоқ?” –деп жауап береді. Өйткені, мұнай мен газ бизнесі –шикізаттарды жер қойнауынан өндіру процесімен тығыз байланысты. Фейгенбаумның атап көрсетуінше, өзінің қазба байлығын қарқынды да тиімді игеруі үшін Түркіменстан сынды елдің технологиясы жоқ. Алдыңғы қатарлы ондай технология батыстың мұнай-газ компанияларында бар.
Міне осының бәрі Орта Азияның шикізат көздеріне қол созған Батыс пен Ресейді және Қытайды қызық жағдайға қалдырады. Осы үш жақтың да өзіндік артықшылықтары бар, бірақ Орта Азия елдері олардың біреуімен ғана келісімге отыруға тиіс. Сол себепті де осы бәсекелестіктен кімнің жеңіп шығатынын болжап айту өте қиын.