Осыдан 5 жыл бұрын – 2002-нші жылдың 25-інші қарашасында – Ашхабадта “Түркіменстан президенті С.Ниязовқа қарсы қастандық” деп аталған оқиға болды. Сол кездегі баспасөз құралдары ол жөніндегі хабарларын “қастандық болды” деп аталған оқиға” деген айдармен беріп жатты. Өйткені, сол оқиғаны іле-шала Түркіместанда тәуелсіздік дәуіріндегі ең ірі қуғын-сүргін саясаты басталды. Түркіменстан билігі өзгеріп, елде талай рақымшылық жарияланғанымен де, С.Ниязовқа қарсы қастандық “жасамақ болды” деген айыппен 5 жыл бұрын түрмеге жабылғандар әлі де босатылған жоқ.
“С.Ниязовқа қарсы қастандық” деп аталған осы оқиғаның нәтижесінде сот болып, оның барысында “қылмысты ұйымдастырушылар” деп танылған тұлғаларға қылмыстық кодекстің ауыр қылмыстары бойынша, оның ішінде “отанын сатты”, “террормен айналысты”, “президенттің өміріне қастандық жасады”, “мемлекеттік билікті құлатпақ болды” және т.б. ауыр айыптар тағылды. Алдымен түрмеге бірнеше 10-даған адам жабылды, көп кешікпей олардың қатарына туыстары мен дос-таныстары қосылып, түрмелерге бас-аяғы бірнеше жүз кісі ұзақ мерзімдерге – 5 жылдан өмірінің соңына дейінгі мерзімдерге отырғызылды.
“Солармен байланысы болуы мүмкін” деген күдікпен тағы жүздеген адамның дүние-мүлкі тәркіленіп, жер аударылды. Ресми билік сотталғандардың заң жүзінде қорғануына ешқандай мүмкіндік бермеді, сот үдерісін Түркіменстаннан тыс бақылағандар оның әділ әрі бейтарап болмағанын, ал қылмыстық істің ойдан құрастырылғанын және нақақ айыптардың тағылғанын мәлімдеді. Сарапшылардың бірауыздан атап көрсеткеніндей, сол кездегі түркімен лидері С.Ниязовтың 25-інші қарашадан кейін жүргізген қуғын-сүргін саясаты – Ашхабадтағы ресми биліктің ол оқиғаны сөз бостандығы мен ел ішіндегі және шет елдердегі саяси оппозицияны біржола жою мақсатында пайдаланғанын айқын көрсетіп берді. Осы мақсатына жету үшін түркімен билігі тіпті оппозиция қайраткерлерінің ел ішінде қалған туған-туысқандарын кепілдікке алудан да тайынбады.
Өткен 5 жылдың ішінде “С.Ниязовқа қарсы қастандық жасады” деген айып бойынша сотталғандардың ішінен 10-ға да жетпейтіні ғана босатылды. Бостандыққа шыққан кейбірінің аты-жөнін ресми билік түркімен қоғамынан мұқият жасырып отыр. Мәлім болғандай, “қастандыққа” байланысты сотталғандардың басым көпшілігі Оводан-Депе түрмесінде отырған көрінеді. Ал билік тарапынан “ең басты қылмыскерлер” деп айыпталғандардың дені Совет Одағы КГБ-сінің Ашхабад қаласындағы бұрынғы абақтысының тергеу изоляторына жабылған. Ол туралы Түркіменстанның заң қорғау мекемесіндегі ақпарат көзі хабарлады. Осы тұста айта кету керек: таяуда АҚШ-қа барған сапарының барысында Колумбия университетінде түркімен президенті Г.Бердімұхаммедов елде саяси тұтқындардың бар-жоқтығынан тіпті “бейхабармын” мәлімдеді.
Өткен 5 жылдың ішінде Түркіменстандағы осы оқиға мен оның салдарына адамның құқын қорғайтын халықаралық ұйымдар мен дүние жүзінің баспасөз құралдары көп назар аударып келді. Оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы “Мәскеу миханизмі” деп аталған құралын қолданды, Еуропа Одағы арнайы Қарар қабылдады, БҰҰ-ның адамның құқы бойынша Комиссиясы 2 Қарар шығарды, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 3 Қарар қабылдады. Міне осы құжаттардың барлығында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдеріне түрмелерге кіріп шығуына рұқсат беру, сотталғандардың туған-туысқандарымен көрісуіне рұқсат ету және соттың өкімін қайта қарау сынды талап-шарттар қойылды. Алайда ол талаптар не С.Ниязовтың тұсында, не қазіргі президент – Г.Бердімұхаммедовтың кезінде орындалмай отыр.
Ал “Мәскеу механизмі” дегеніміз – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан арнаулы баяндамашыны тағайындап, Түркіменстанның рұқсатынсыз және Түркіменстанға бармай-ақ, өзінің ақпарат көздері мен сарапшыларын пайдалана отырып, сотталғандардың құқын қорғау ахуалын бағалау құзырын беру деген сөз. Міне осы механизмді іске қосуға – аталған Еуропалық ұйымның мүшесі болып табылатын Түркіменстанның 25-інші қарашадан кейін осы ұйымның тәуелсіз бақылаушыларын елге келуіне рұқсат бермей қойғаны негіз болды. Халықаралық қауымдастық 2002-ншің жылдың 25-інші қарашасынан кейін билік басында әлі 4 жыл отырған С.Ниязовқа әлгі талаптарын еш орындата алмады. Дегенмен де жаңа президент Г.Бердімұхаммедовтың билікке келгеніне 1 жылдай болып қалды. Түркіменстандағы ахуал өзгере қойды ма?
Өткен жылдың желтоқсанында билікке келуінен кейін Г.Бердімухаммедов Түркіменстанның халықаралық қоғамдағы бейнесін баяу болса да өзгерте бастады. Міне осы әрекеті 2002-нші жылдың қарашасындағы оқиғадан кейін түрмеге жабылғандардың тағдырын жеңілдете ме деген үмітті оятты. Мысалға, ауыр айыппен сотталғандардың бірі, Түркіместанның бұрынғы сыртқы істер министрі әрі оппозиция жетекшілерінің бірі болған Б.Шихмуровтың жары – Татьяна Шихмурадова: “Сіз білесіз бе, әрине, солай болғанын көргіміз келеді. Алайда, өкініштісі, менің және біздің басқа да туысымыздың сауалдарына деген түркімен билігінің ұстанымы бұрынғы қалпында қалды”, – деп мәлімдеді.
Таяуда БҰҰ мен Еуропа Одағында сапарда болған кезінде және елге оралысымен түркімен лидері Г.Бердімұхаммедов: “біз демократия жолымен өркендейміз және әлеуметтік сала мен Түркіменстан халқының тұрмыс деңгейін Еуропаға жеткіземіз”, - деп мәлімдеді.
Міне түркімен лидерінің осы уәделерін басшылыққа ала отырып, Батыс елдері өзінің экономикалық және геосаяси мүдделерін ғана көздемей, халықаралық ұйымдардан өздері қабылдаған құжаттарын, ал ресми Ашхабадтан сол құжаттарға сәйкес міндеттемелерін орындауын талап етуге, ал егер Г.Бердімұхаммедов өзін туған халқы мен бүкіл халықаралық қауымдастық сыйласын десе, онда Түркіменстанды қазіргі оқшау қалған халінен жарыққа жетелеуге тиіс. Туған халқын үрейдің құрсауында ұстамай, өзін күштеп емес, нақты ісімен сыйлатуға тиіс.