Кейбірлеулер үшін күтпегендей болып көрінуі мүмкін, бірақ НАТО альянсы Орта Азия аймағында Түркіменстан сынды жаңа әріптес тапты. Осыдан 2 жылдай бұрын ғана бүкіл әлемдегі ең жабық ел болып, өзін “бейтарап мемлекет” деп жариялаған Түркіменстанға санаулы ғана шетелдік аяқ баса алатын. Елді “ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағандай болып” билеп келген С.Ниязов осы “мәртебесін” Түркіменстанды экономикадан басқа кез-келген халықаралық ұйымға немесе қайсыбір құрылымға қатыстырмау үшін пайдаланды. С.Ниязов 2006-ншы жылдың соңында дүниеден өтіп, оның орнына Г.Бердімұхаммедов жаңа президент болып сайланды. Жаңа президенттің сыртқы саясаты С.Ниязовқа қарағанда әлдеқайда ашық та қарқынды болып көрінеді. Сонымен бірге НАТО мен Түркіменстанның арасындағы ынтымақтастық орнағаны туралы хабар – әсіресе екі жақты ынтымақтастықтың қаншалықты тез дамығанын ескеретін болсақ, Түркіменстанның бұрынғы “бейтарап” мәртебесінен алға қарай үлкен қадам басқанын аңғартады.
Бұрынғы совет республикаларының бірі болған, ал қазір ТМД-ның мүшесі болып табылатын Түркіменстан – жерінің басым бөлігі құм мен шөл даладан тұратын, бірақ табиғи газға өте бай ел. Әйткенмен осы көгілдір отынын экспортқа шығару үшін Ресейдің газ құбырына кіріптар болып келеді.
Сонымен қатар НАТО-ның басқаруына қарайтын күштер соғыс қимылдарын жүргізіп жатқан Ауғанстанмен арада Түркісменстанның ұзын шекарасы бар. Орта Азия елдерінің ішінен Түркіменстан НАТО-ның “Бейбітшілік жолындағы әріптестік” бағдарламасына 1994-інші жылы ең бірінші болып қосылды. Бірақ С.Ниязовтың тұсында ондай әріптестік тек сөз жүзінде ғана болды. Г.Бердімұхаммедовтің өткен сәуір айында Бухаресте болып өткен НАТО-ның кезекті саммитіне қатысатынын жариялауы сол себепті де таң қалдырды. Соңғы жырты жылдай уақыттың ішінде НАТО-ның, АҚШ пен Еуропа Одағының бірнеше жоғары лауазымды өкілі Түркіманстанда сапарда болып, бірақ хабарлардың көбіне қарағанда, екі жақты келіссөздің барысында, негізінен, түркімен газын Еуропаға экспорттау мәселесі талқыланды. Әйтсе де ендігі жерде көгілдір отынның экспорты Батыс пен ресми Ашхабад арасындағы келіссөздің жалғыз тақырыбы болып қалмайтын сияқты. Өткен мамыр айында немістердің “Der Spiegel” журналы Түркіменстанның соғыс базаларына НАТО ұшақтарының қона бастағанын жазды.
Штаб-пәтері Бонн қаласында орналасқан Еуразиялық зерттеу тобының (ETG) Орта Азия бойынша сарапшысы Михаэль Лаубш “Der Spiegel” журналының ол хабарын растады.
М.ЛАУБШ: “Der Spiegel” журналындағы әлгі мақала Түркіменстанның соғыс базаларындағы НАТО-ның жағдайы туралы біздің таяуда ғана хабарлаған ақпаратымызға сүйенеді және, әлбетте, біз ол хабарды толығымен растаймыз. 15-інші мамырдан бері қарай біздің Түркіменстандағы тілшілеріміз бен тыңшыларымыз Батыс Еуропадан Ауғанстанға қарай Түркіменстан арқылы өтетін жүк тасымалының 20 пайызға өскенін хабарлады. Демек, НАТО Батыстан Түркіменстан арқылы Ауғанстанға қатынау үшін Түркіменстанның әуе базаларын көбірек пайдаланатын болды. Менің ойымша, бұл Түркіменстан үкіметі мен НАТО-ның арасындағы келіссөздің ең алғашқы жемісі болса керек”.
Г.Бердімұхаммедовтың күтпеген жерден НАТО-ға мүше мемлекеттер басшыларының Бухарестегі саммитіне баруы – тұңғыш рет. Мәскеуде тұратын тәуелсіз сарапшы Фархат Ильясов “Азаттыққа” берген сұхбатында атап көрсеткендей, Бухаресте Г.Бердімұхаммедовтің АҚШ президенті Дж.Бушпен кездесуі ресми Ашхабадтың Батыспен арадағы қарым-қатынасының күрт өзгергенін байқатты.
Ф.ИЛЬЯСОВ: “Г.Бердімұхаммедовтың Батыспен, әсіресе АҚШ шенеуніктерімен белсенді араласуы және НАТО-ның соңғы саммитіне барған сапарының барысында Г.Бердімұхаммедовтің президент Дж.Буштың жеке өзімен жүздесуі - үлкен саясатта кездейсоқ бола қоятын нәрсе емес. Бердімұхаммедовтің кім, ал Дж.Буштың – кім екенін ескерсек, Дж.Буш өзімен жүздесуіне мүмкіндік берсе керек. Бұл - дәл сол сәтке дейін көп мәселенің шешіліп қойғанын аңғартады және АҚШ пен НАТО-ның айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп үлгеруі де әбден мүмкін”.
“Бухарест саммиті” НАТО-ның Еуропадан Ауғанстанға қарай қару-жарақтан басқа жүгін тасымалдауына ТМД арқылы және Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан арқылы жол ашып берді. Дегенмен де Түркіменстанның соғыс базаларына НАТО ұшақтарының қона бастауы - Түркіменстан мен НАТО шенеуніктерінің жұрт алдында айтқан жетістіктерінен әлдеқайда маңызды. Тағы да М.Лаубштың атап көрсетуінше, бұл құбылыс – ресми Брюссель мен Ашхабадтың қарулы күштер саласындағы өзара ынтымақтастығының тек бастамасы болуы да әбден мүмкін.
М.ЛАУБШ: “Менің ойымша, түркімен үкіметі мен НАТО арасындағы келіссөз аяқталып үлгерді және, менің ойымша, біз таяу келешекте Түркіменстанға НАТО-ның қомақты күшінің ұзақ мерзімге орныққанын көретін боламыз”.
НАТО-ға өзінің соғыс базаларын пайдалануға рұқсат беруі ресми Ашхабадтың батыл қадамы болып табылады. Өйткені, Түркіменстанның Батыспен тығыз қарым-қатынас орнатуын Ресейдің және оңтүстіктегі көршісі - Иранның наразылығын туғызады.