Түркіменстан мемлекеті көгілдір отынын тек Ресейдің «Газпром» компаниясына ғана емес, бергісі Қытай, арғысы Еуропа мемлекеттеріне экспорттауды да жоспарлай бастады.
Ашхабад пен Пекиннің арасында түркімен газын Қазақстан және Өзбекстан арқылы Қытай территориясына жеткізу туралы келісім-шарт былтыр жазда жасалды. Екі тарап тиісті құжаттарға толығымен қол қойып, енді газ тасымалын қамтамасыз ететін құбыр жұмыстарын бастамақ. Онда да құбыр жұмыстарының басым бөлігін Қытай (4500 шақырым), тек соның аз ғана бөлігін (бар болғаны 188 шақырым) Түркіменстан жағы жүргізеді.
Кеше Ресейдің ақпарат құралдарында осы оқиғаға байланысты материалдар жарияланды. Олар Ресейдің Минпромэнерго таратқан мәліметіне сүйеніп, Түркіменстан бүгінгі таңда өзінің көгілдір отынының бағасын Ресей үшін 150 доллар деп белгілесе, Қытайға бар болғаны 90 долларға сатпақшы деп жазды.
Ақпарат құралдарында жарияланған мәліметте Түркіменстан мемлекетінің өз газын Қытайға ғана емес, Еуропа нарығына экспорттауға да қызығушылық танытып отырғандығы баяндалған. «Ресми Ашхабад еуропалық Nabukko жоспарына атсалысу арқылы, Орталық Азия газын Еуропаға тасымалдауға дайын екенін біраз уақыттан бері мәлімдеуде» деп жазды «gazeta.kz» интернет басылымы.
Кейбір сарапшылар Түркіменстанның Ресейдің алдындағы өз міндетін орындай отырып, газ экспортына байланысты балама жобаларға қатыса алатындығына күмәнмен қарайды.
«Түркіменстанның Газпромнан басқа да шетелдік компаниялармен әріптес болуға мүмкіндігі жоқ емес, бар. Бірақ, оның барлығы бүгін емес, болашақта атқарылатын жұмыстар. Ал түркімен газының Қытайға экспортталатынына келетін болсақ, оның мөлшері қанша болатындығы туралы әлі анықталған жоқ. Сонымен қатар, Ашхабадтың энергоресурстарға байланысты Ресеймен ортақ міндеттері бар. Егер де, Түркіменстан тарапынан бұл келісімдер бұзылатын болса, екі мемлекеттің арасы бірден салқындап кетуі мүмкін», дейді, Өзбекстандағы шекаралық әріптестік ассоциациясының өкілі Владимир Парамонов РБК daily-ге берген сұхбатында.
Ашхабадтың газын тасымалдауда Ресей аймағын өтетін жолдар іздестіру, Мәскеудің алаңдаушылығын туғызуы ықтимал.
«Орталық Азия мемлекеттері өздерінің сыртқы саясаты көпвекторлы және ешкімге тәуелді емес екенін бүкіл әлемге дәлелдегісі келеді. Шындығына келетін болсақ, көп векторлықтың астарында бір-бірімен бәсекелесіп отырған Ресей, АҚШ және Еуроодақпен ойын жүргізу арқылы, өздерінің ықпалын күшейту саясаты жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Түркіменстан мен Қытайдың арасыннан газ құбырының құрылысын жүргізу, бұл- Ашхабадтың тепе-теңдікті сақтауға бағытталған әрекеті. Бүгінгідей мәселенің туындауына Ресейдің де кінәсі жоқ емес. Өйткені, Мәскеу осының алдында Ашхабадпен тең құқылы әріптестік жағдай жасаған жоқ. Соның салдарынан Түркіменстанның сенімінен шығып қалды», - дейді.Владимир Парамонов.
Түркіменстан газы болашақта Еуропаға Ресейдің территориясын айналып өтетін құбырлар арқылы экспорттала ма, оны уақыт көрсетер. Былтырғы жылы Ресей мен Украина біраз уақыт бойы газдың бағасына келісе алмай жүрді. Ақырында 160 доллар деген баға екі жақты да қанағаттандырды. Былтырлары, Түркіменстанның газын тасымалдайтын Ресейдің «Газпром» компаниясы ресми Ашхабадтан көгілдір отының бір текше метрін 100 долларға сатып алып жүрген уақытта да, олар оны Украина үшін 120-130 долларға, ал Батыс Еуропа елдеріне 3 есе қымбат бағаға ұсынды.
Ал Түркіменстанның газ бағасын қымбаттату туралы мәселе көтеруі, Ресейге аса ұнай қойған жоқ. Және, ресейлік кейбір ақпарат құралдары да бірден Қытай мен Ресейге сатылатын газдың бағасын салыстыра бастады. Екі жаққа ұсынылған бағада айырмашылықтар бар болғанымен, Қытай Түркіменстанның газын Батысқа сату үшін емес, ішкі нарығына пайдалануды жоспарлап отыр.