Бейсенбілік басылымдарда негізінен Астанада ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы жиынының қалай өткендігі туралы мақалалар жарық көріпті. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеевпен болған сұхбат жарияланып, 6 шілдеде өткелі жатқан Астана мейрамы тақырыбы да баспасөз назарынан тыс қалмапты.
«Түркістан» газетінің 3 шілде күнгі санында Есенгүл Кәпқызының «Мәжіліс мерзімінен бұрын таратыла ма?» деп аталатын мақаласы жарық көріпті. Мақалада Астанада президент Назарбаевтың Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының 17-ші сессиясында сөйлеген сөзінен кейін халықаралық және отандық сарапшылардың парламенттің мерзімінен бұрын таратылатындығы туралы қорытынды жасап жатқандығы айтылыпты. Сөйтіп, жарты жылдан астам уақыт ел арасында жүрген гу-гу әңгіменің расқа айналатын түрі бар екенін тілге тиек еткен мақала авторы саяси партиялардың қайта күш жинап, сайлаушылардың дауысына ие болу үшін қимылдап қалатын сәті келгені сөз болыпты.
«Айқын» газетінің бейсенбілік санында жарық көрген Мұстафа Нартайдың «Елбасы нені меңзеді?» деп аталатын мақаласында да парламенттің мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін екені айтылыпты. «Бір партиялы жүйе демократиялық талаптарға жауап бере алмайды, сондықтан көп ұзамай қазіргі Парламент таратылып, жаңа сайлау өтеді» деп жазады автор. Мақалада парламентке тек бір ғана саяси партия өтсе де, Қазақстан қоғамының демократиялық құрылымының негізгі іргетасының өзгеріссіз қалғандығы баяндалыпты.
Сонымен қатар, газеттің екінші бетінде, кеше Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Финляндия сыртқы істер министрі Александр Стуббты қабылдағаны хабарланыпты. Автор өз мақаласында Қазақстанның былтыр Мадридте өткен күзгі жиында өз мойнына алған міндеттемелерін орындамағанның өзінде 2010 жылы бұл ұйымға төрағалық ететіндігі жөнінде мәлімдеме жасалғандығына да тоқталыпты. Оны ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы Оливер Спенсердың жария еткені сөз болыпты.
«Экспресс К» газетінде де Президент Назарбаевтың Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының 17 сессиясында саяси реформалар төңірегінде айтқан сөзі талқыланыпты. Толғанай Үмбетәлиеваның «Президенттің жаңа бастамасы» деген мақаласында, жеті пайыздық өлшем өте үлкен, келесі парламентте де оппозиция болмай, ол тағы да бір партиядан құрылуы мүмкін екені айтылыпты. Осыған байланысты парламенттің қалыптасу механизіміне ғана емес, сонымен бірге, сайлау процесіне де өзгеріс енгізсе қисынды болатындығы хабарланыпты. Партиялардың парламентке сүрінбей өтуіне жеті пайыздық өлшем бесеуге дейін кемуі мүмкін екені сөз болыпты. Сонымен қатар, осы бес пайызды бағындырудың өзі де кейбір партиялар үшін қиын болатындығы баяндалыпты.
«Литер» газетінде Ресей Федерациясының Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеевпен болған сұхбат жарияланыпты. «Өзімнің шыққан тегімнен бас тартпаймын» деген мақалада Аман Төлеев биыл Кемеров облысының құрылғанына 65 жыл толғанын, соңғы он жылдың ішінде көмір саласында үлкен жетістікке қол жеткізгендерін әңгімелеп беріпті. Сондай-ақ, ол «бала кезімде түр келбетімнің жан-жағымдағыларға ұқсамайтыны сезілетін. Бірақ, ержеткен соң, бұған философиялық түрде қарайтын болдым. Дегенмен, солай бола тұрса да, маған қазақтан шыққанымды еске салуышылар табылып отырды. Тіпті, президент сайлауы кезінде, «сіз қазақ болып алып қалайша, ең жоғары билікке ұмтыласыз» деп айтқан адамдар да болғандығы» туралы сыр шертіпті.
«Жас алаш» газетіндегі «Назарбаев бір қала салдырды» деген мақалада, «Астана – елбасының ерлігі» деп аталатын тақырыппен Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ғылыми конференцияның өткені айтылыпты. Мінберге шыққандар президенттің Астананы салудағы ерлігін «ғылыми» тұрғыдан дәлелдеп, құлаш-құлаш баяндамаларын оңды-солды сілтеп, Назарбаевты жер-көкке сыйғызбаған екен.