Кейбір қазақстандық сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасы көңіл толарлықтай емес.
22 сәуір күні Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Қазақстанға келіп, екі елдің арасындағы қарым-қатынас, сауда-саттық байланыстары, өзбек газын Оңтүстік Қазақстан арқылы Батыс мемлекеттеріне тасымалдау сияқты бұрыннан айтылып жүрген бірқатар келісімдер кезекті рет пысықталды. Бұл жолы екі жақтың тарапынан жаңа құжаттарға қол қойылған жоқ.
Одан соң, Бөріхан Нұрмахамедов пен Андрей Чеботарев секілді қазақстандық саяси сарапшылар Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің арасында ақпарат құралдарында айтылмаған келісөздер жүргізіліп, олар ойдағыдай жүзеге аспағандықтан, өзбек басшысы Ислам Кәрімовтың өз еліне көңілі толмай қайтты дегенді айтқан.
Бейресми ақпарат бұлақтарынан алынған деректерге жүгінсек, Ислам Кәрімов еліне оралған соң, Қазақстанның Өзбекстандағы кәсіпкерлеріне белгілі мөлшерде қысым көрсетіле бастапты. Ресми емес ақпарат көздеріне сенетін болсақ, соңғы екі айдың ішінде Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігіне қазақстандық кәсіпкерлердің тарапынан 170 жуық шағым түскен.
Маусымның 3-күні бір топ қазақстандық кәсіпкерлер Ташкент қаласындағы «Уртоқ» кондитерлік фабрикасы өзбек билігі тарапынан қиратылып жатқандығы туралы Алматыда мәлімдеме жасады. Кәсіпкерлердің айтуынша, олар 1994 жылдан бері жұмыссыз тоқтап тұрған және құр сыртқы қаңқасы қалған фабриканы 2005 жылы 6,5 миллион долларға сатып алған.
Жаңа меншік иесі 1,5 миллион доллар инвестиция салған соң жұмысы қайта жанданған фабрика жергілікті халық жұмыспен қамтамасыз еткен. Алайда, Өзбекстан жағы фабриканы жекешелендіру кезінде оның территориясындағы асфальт жол мен өсіп тұрған ағаштардың тиісті құжатқа енгізілмей қалғанын айтып, «Уртоқты» сотқа берген. Сот фабриканы түгелімен бұзып тастау туралы шешім шығарған.
Қазақстандық саясаттанушы Андрей Чеботаревтың айтуынша, ресми Ташкенттің Өзбекстандағы қазақтарға жасаған қысымы жалғыз бұл емес. Олар сонымен қатар, Ташкенттегі қазақ мәдени орталығын да жаптыртып тастаған.
Осы жағдайға байланысты хабарласқан «Азаттық» тілшісіне, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің іс жүргізу хатшысы Шухрат Тәңіриев Ташкенттегі қазақ мәдени орталығының жабылып қалуына байланысты ешқандай ақпарат білмейтіндігін айтып, бұл жайында толық мағлұматты Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінен алуға кеңес берумен шектелді.
Таяуда интернет басылымдардың бірінде, тәуелсіз журналист Усман Хакназаровтың «Кәрімовтың хунтасы Өзбекстанда басқарылатын ұлтаралық қақтығыстың отын тұтандыруды жоспарлап отыр» деген мақаласы жарық көрді. Онда президент Ислам Кәрімовтың Қазақстанға сапарынан соң, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы генерал-майор Мурод Атоевқа, өзбектер мен өзге ұлт өкілдерінің арасында қақтығыс ұйымдастыру туралы тапсырма берілгені жазылыпты.
Сондай-ақ мақалада Мурод Атоев президенттің аузынан шыққан тапсырманы орындауға, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің консультанты Ирина Адинаева, Президент жанындағы стратегиялық және аймақ аралық зерттеу институты директорының орынбасары Шафоат Нуруллаев және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Рустам Иноятаевтарды жинап алып, ұлтаралық қақтығыстың жоспарын жасағаны айтылған. Мурат Атоев өзінің жұмысшы тобымен бірге, қақтығысты өзбектер мен тәжіктердің арасында ұйымдастыру керек деген шешімге келіп, осы мәселеге қатысты барлық жоспарды президент Кәрімовтың алдына жайып салғаны баяндалыпты.
Сондай-ақ бұл материалда, Атоев пен оның көмекшілері тәжік ұлтын таңдағаны бекер емес, өйткені, Ислам Кәрімов Тәжікстан президенті Эмомали Рахмановты өлердей жек көреді. Бірақ, бұл күндері Назарбаевқа қатты ашуланып жүрген Ислам Кәрімов жоспарға өзгеріс енгізіп, тәжіктердің орнын қазақтармен алмастырады деп жазылыпты.
Хакназаровтың материалында президент Ислам Кәрімов Атоевқа қақтығыс өзге ұлт өкілдерінің кесірінен орын алғандай болып көрінсін деп бұйырғандығы айтылған. Жоспарға сәйкес, қақтығыстарды қазақтар көп шоғырланған Новоий, Жизақ, Сырдария және Ташкент облыстарында ұйымдастыру керектігі де айтылған. Бұл істі жүзеге асыру 90 жылдары Кәрімовтың бұйрығымен Тәжікстанда қантөгіс жасаған полковник Махмут Худайбергеновтың мойнына жүктелгені жазылыпты.
Біз осы материалдың кейбір тұсын сөзбе-сөз аударып беруді жөн санадық.
«Новоий облысындағы қазақ ұлтының өкілдерін өлтіру операциясын өзбек халқының атынан М.Худайбердиевтің Зарафшан тауларында қоныстанған содырлары жүзеге асыруға міндетті. Ал Жизақ, Сырдария және Ташкент облысындағы қантөгісті Фарише және Бекабадеде орналасқан Худайбердиевтің құпия бөлімінің жауынгерлері ұйымдастыруы керек. Олардың негізгі міндеті, қазақтарға қарсы өзбектерді айдап салуы тиіс.
Ал, қазақтар шоғырланған жердің ойранын шығаруға келіспеген бейбіт өзбектерді қорқыту да, немесе өлтіріп тастау да бұйрықта бар. Сондай-ақ екі ұлттың арасындағы қақтығыс басталып кеткен соң, президент Кәрімов қарапайым халықты бейбітшілікке шақырып және қантөгісті тоқтатуға барын салып, оны ұйымдастырғандар мен арандатушыларды бүкіл жұрттың алдында жазалап, осы арқылы өзін әлемдік қауымдастықтың алдында жақсы қырынан көрсету де жоспардың негізгі міндеті болып саналады».
Материалдың авторы Хакназаров, біздің қолымыздағы мәліметтер бойынша, Кәрімовтың жоспары осы жылдың жаз айларының бірінде жүзеге асырылады. Дегенмен, қазірдің өзінде-ақ ол - осы зұлым жоспарды іске қосқанын радио және телеарналар арқылы Өзбекстандағы тұрақтылық туралы айта бастағанын сөзінен байқауға болады деп жазыпты.
Интернетте жарияланған бұл материалдың қаншалықты шындыққа жақын екені, әрине, белгісіз. Алайда бұл жағдай қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Осы мәселеге орай, біз саяси сарапшылардың пікірін сұраған едік:
Андрей Чеботарев, «Альтернатива» актуальды зерттеу орталығының директоры:
«Менің білуімше, Ислам Кәрімовтың Қазақстанға сапарынан соң, Ташкентте қазақтардың ұлттық мәдени орталығы жабылып қалды. Мұны өзбек билігінің Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы бүгінгі қарым-қатынасқа байланысты жасаған әрекеттері деп білу керек. Сонымен қатар, Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы ұсынысын қолдаудан Ислам Кәрімов үзілді-кесілді бас тартты. Ал екі елдің арасындағы сауда-саттық және шекаралық қатынастар әзірше тұрақты. Өзбек билігінің Ташкенттегі мәдени орталықты жауып тастауына байланысты Кәрімов Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы байланысы қанағаттандырарлықтай болғанымен, ішкі жағдайда барлық мәселенің өзінің қалауы бойынша шешілетіндігін көрсеткісі келген сияқты. Одан соң, ресми Ташкентке Астананың жүргізіп отырған саясатында тағы бір нәрселер ұнамай қалатын болса, журналистің материалында жазылғандардың жүзеге асырылуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды».
Бөріхан Нұрмұхамедов, Ұлттық зерттеу институтының директоры:
«Екі авторитарлы мемлекеттің арасындағы кез келген қарым-қатынас олардың басшыларының көңіл күйіне байланысты жүзеге асырылады. Өзбекстан президенті Кәрімовтың Қазақстанға сапарының ресми жағын айтпағанда, ол Назарбаевпен басқа да мәселелерді шешуді жоспарлады.
Осыған байланысты тәуелсіз ақпарат құралдары әр түрлі жағдайларды айтты. Соның қайсысы рас екенін тап басып айта алмаймын. Қазақстанда дағдарыс басталып кеткен соң, бидайды сыртқа экспорттауға тиым салынғаны барлығымызға белгілі.
Маған жеткен ақпараттар бойынша, Кәрімов Назарбаевтан бидай сұраған сияқты. Осыған байланысты екі басшы бір мәмілеге келе алмаған болу керек деп ойлаймын. Ислам Кәрімовтың өз елінде өзге ұлт өкілдеріне қарсы жүргізіп жатқан саясаты екі халықтың мүддесімен ұштаспайды.
Осындай пікірлер көп айтылып жатыр және мен соларға қосыламын. Бірақ, Хақназаров айтқандай қан төгіс бола қоймайтын шығар. Өйкені, туысқан халықтардың ұқсас тұстары өте көп, қазақтар мен өзбектердің шекаралас жатуы, олардың бір-бірімен етене байланысуы мақалада жазылғандай оқиғаға алып келмейді деп ойлаймын.
Жалпы, Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы қарым-қатынастың нығаюына сыртқы фактілердің де кедергісі бар. Бұл екі мемлекеттің достық байланыста болуын кейбір сыртқы күштер қаламайды. Бүгінгі болып жатқан, айтылып жатқан жағдайлардың барлығы соның бір көрінісі.