Кеше Қазақстанның бірқатар ресми ақпарат құралдарында «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының акцияларын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы сатып алады деген хабарлар жарияланды. Дегенмен мұндай сыңайдағы әңгіме осыдан екі жыл бұрын айтыла бастаған.
29 қаңтар күні премьер-министр Кәрім Мәсімов үкімет мүшелерінің кезекті отырысында, осы мәселені көтеріп, «Минералды рессурстар және энергетика министрлігіне, «Самұрық» холдингіне және «ҚазМұнайГаз» компаниясына «Манғыстаумұнайгаздың» акцияларын сатып алу керектігі жөнінде тапсырма беріп, бұл істі жүзеге асыруды кешіктіріп отырғандарын ескерткен болатын.
Сол уақытта «ҚазМұнайГаз» компаниясы «Маңғыстаумұнайгаздың» 72 пайыз акциясын сатып алатын болыпты» деген ақпарат тараған еді. Негізі, аталмыш компанияның 99 пайыз акциясы индонезиялық Central Asia Petroleum Ltd (САР) деген оффшорлық компанияның иелігінде. «ҚазМұнайГаз» үкіметтің тапсырмасын орындау үшін, индонезиялық компаниямен бірқатар хаттамаларға да қол қойып үлгерді. Бұл келісім-шарт әлі күнге дейін толыққанды жүзеге асқан жоқ. Кейінірек, САР пен ҚМГ басшыларының келіссөз үстеліне отырғандығын ұлттық компанияның баспасөз қызметі де растаған.
Президенттің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиев бас сауғалап Австрияға кетіп қалған соң, Қазақстандағы кейбір тәуелсіз басылымдар, осы компанияның басына қара бұлттың үйірілгені туралы жазып, «Маңғыстаумұнайгаз» акцияларының сатылатындығы туралы әңгімелдердің пайда болуын президенттің отбасындағы ішкі мәселелермен байланыстырған еді.
Кейбір тәуелсіз ақпарат құралдары осы компанияның Рахат Әлиевтікі екенін жазды. Мысалы, еxpert.ru сайтында «Манғыстаумұнайгаз» ресми түрде индонезиялық оффшорлық компаниясының еншісінде болғанымен, былайғы жұрт оны Рахат Әлиевтің Қазақстандағы бизнестерінің бірі ретінде біледі. Сондай-ақ, бұл компанияның бұрынғы күйеу баланыкі екені туралы «The Wall Street» журналында да жарияланды» делінген.
«Манғыстаумұнайгаз» компаниясы - Қазақстандағы мұнай өнімінің жеті пайызына иелік етеді. Сонымен қатар, мемлекеттегі 15 кен орнында жұмыс жүргізіп, бір тәулікте 115 мың баррель мұнай шығарады. Сондай-ақ, оның меншігінде павлодарлық мұнай өңдеу зауыты бар екенін ескерсек, компанияның басқару акциясын сатып алу үшін қыруар қаржы керек екені айтпаса да түсінікті.
2006 жылдың соңында, индонезиялық компания «Манғыстаумұнайгаздың» акцияларын сатуды жоспарлағанда, оның құны 4 миллиард долларға бағаланған еді. Сол уақытта, оны толық сатып алуға «ҚазМұнайГазбен» қатар, қытайлық CITIC Group және ресейлік «ЛУКОЙЛ», «Газпром» және«Роснефть» компаниялары да үміт артты. Бірақ, «әне сатылады, міне сатылады» деген компанияның акциялары әлі күнге дейін саудаға шығарылған жоқ.
2007 жылдардың басында ММГ-ні сатып алуға Қытайдың CITIC Group компаниясының мүмкіндігі мол болыпты. «Қаражамбасмұнай» АҚ-на қожалық ететін бұл компанияның ММГ-ді сатып алатындығы туралы ақпарат пайда болғанда, кейбір сарапшылар алаңдаушылық білдірген. Егер де сол уақытта Қытайдың айы оңынан туғанда, Қазақстандағы мұнайдың 30 пайызын иеленер еді. Алайда, белгісіз себептермен олардың мақсаты жүзеге аспады.
Сонымен, неше түрлі алып-қашпа әңгімелердің туындауына себепші болған компанияның акциялары таяу арада сатылып қалуы мүмкін. Қазіргі таңда оған үкіметтің өзі үлкен көңіл бөліп отыр. Оның басқарушы акциялары ұлттық компанияның меншігіне өтетін болса, Қазақстандағы жыл сайын жаз мезгілі кезінде аспандап кететін жанар-жағармайдың бағасын ауыздықтауға мүмкіндік туады. Неге десеңіз, дәл қазіргі уақытта мемлекеттегі үш мұнай өңдеу зауыты да шетелдіктердің қолында. Оларға қазақстандық биліктің осы уақытқа дейін сөзі өткен емес.