Шахтинск қаласында мектеп оқушылары дәрі - дәрмектің кейбір түрін есірткі ретінде қолдануды әдетке айналдырған. Соның бірі тек рецептімен сатылуы тиіс трамадол дәрісі екен.
Дәрігердің қатаң рецептімен сатылуы тиіс трамадол дәрісі морфиннің баламасы ретінде саналады. Облыстық прокуратура жүргізген тексерістер нәтижесінде трамадолдың дәріханаларда дәрігердің рецептінсіз сатылып жүргендігі анықталды
Шахтинск прокуратурасына осы дәрі - дәрмекті қолданып жүрген балалардың ата аналары қала дәріханаларында трамадол дәрісінің дәрігерлік рецептсіз сатылуына қатысты шара қолдануды айтып арызданған. Құзырлы орын тексерісі нәтижесінде трамадолдың шын мәнінде ашық сатылып жатқандығы әшкереленіпті.
Трамадол адамның орталық нерв жүйесіне әсер ететін күшті дәрі және ол құрамында есірткі заттары бар морфин дәрісінің баламасы ретінде қолданылады дейді мамандар.
Дәрігерлердің белгіленген мөлшерінсіз қолданылған трамадол дәрісі адамдардың психикасының бұзылуына әкеледі және жөнсіз ашу ыза туғызады. Оны қолданған адам 4 тен 6 сағатқа дейін дәрі уытынан дел- сал күй кешеді дейді Шахтинск қаласы прокурорының міндетін атқарушы Нұрлан Чулдаков.
Қазір тексерілген дәріханаларда анықталған заң бұзушылықтарға байланысты әкімшілік іс қозғалып, фармацевтикалық департаментке де прокурорлық ескертулер жіберілген.
Осыдан соң Шахтинск қаласындағы дәріханаларды аралап трамадол дәрісін сұрап көрген бізге барлық жерде жоқ және болмайды деген жауап қайтарылды.