Иранның қолдауымен бір топ тәжік зиялылары ұлттық жазуды кириллицадан араб әліпбиіне көшіру науқанын жүргізуде. Олардың айтуынша, бұл Тәжікстанға Иран мен Ауғанстан елдерімен тығыз мәдени қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Ал қарсыластар әліпби өзгертілсе, көптеген тәжік азаматтары сауатсыз болып қалады дейді.
Осылайша әліпбиге байланысты мәселе тәжік зиялылары арасында қызу пікір талас туғызып отыр.
Тәжік халқының тарихында көптеген әліпбилер, яғни ежелгі пахлави, араб, латын және кириллица қолданылған.
Араб әліпбиіне көшуді қолдайтындардың айтуынша, 10 ғасырдан астам уақыт бойы тәжік жазушылары мен ақындары және ғалымдары араб әліпбиінде жазған, ал Кеңес үкіметі кезінде енгізілген кириллицаны үйренген тәжіктердің жаңа ұрпағы ұлттық мұрасындағы тамаша шығармаларды оқи алмайды.
Сондай-ақ, олар тәжіктер көршілес Иран және Ауғанстан елдерімен мәдени қарым-қатынас жасауға талпынуы керек дейді. Тәжік тіліне өте ұқсас фарси-дари тілінде сөйлейтін бұл екі ел де араб әліпбиін қолданады.
Университетте дәріс оқитын бұрынғы саясаткер Тохир Абдужаббор араб әліпбиіне қайта оралуды қолдайтындардың бірі болып табылады.
Азаттық радиосына берген сұхбатында Абдужаббор араб әліпбиін үйрену арқылы тәжік халқының Иранда шығарылған ондаған мың кітапқа қол жеткізуге мүмкіндігі болады дейді.
“Иран жылына 50 мың жаңа кітап шығарады. Тарих, философия, химиядан бастап есептеу техникасына дейінгі тақырыптарда жазылған ол кітаптар әртүрлі тілдерден аударылған. Осындай көлемде кітап шығару үшін бізге шамамен 50 жыл керек болады. Біз ақшаны үнемдеуіміз мүмкін, себебі осы кітаптарды оқи алуға мүмкіндігіміз болу үшін біз тек қана араб әліпбиін үйренуіміз керек”, - дейді Абдужаббор.
Оның айтуынша, Тәжікстан араб әліпбиіне көшсе, университеттер мен кітапханаларға кітаптар тегін беріледі. Иран мұны қолдап отыр дейді Абдужаббор.
Бірақ бұл науқанға қарсылық танытып отырған адамдар да аз емес. Сыншылардың атап көрсетуінше, әліпбидің өзгеруі тәжік халқын сауатсыздандыруы мүмкін.
Олардың есептеуінше, тәжіктердің тек 10-20 пайызы ғана араб әліпбиін оқи алады.
Әліпбиге байланысты пікірталас туралы кітап шығарған Иброхим Усмоновтың мәлімдеуінше, араб әліпбиі тәжік тіліне сәйкес келмейді. Онда біздің тілімізде қолданылмайтын 7 әріп бар дейді ол.
Ал тарихи мұраға байланысты Усмонов маңызды кітаптардың көбісі кириллицада басып шығарылған, қалғандарын да солай жасауға болады дейді.
Қарапайым халық болса бұл мәселеге түрліше пікір білдіріп отыр. Мысалы 20 жастағы студент Фитраттың айтуынша, тәжіктер бәрібір араб әліпбиіне көшеді. Ал 35 жастағы журналист Әлидің пікірінше, осындай үлкен өзгерісті жүзеге асыруға Тәжікстанның ақшасы жоқ.
Таяуда президент Эмомали Рахмон Тәжікстан араб әліпбиіне әзірше өтпейді деп мәлімдеді.