Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев пен адам құқықтарын қорғаушы Евгений Жовтистің пікірлері бір жерден шықты – Қазақстанда кезектен тыс сайлау өтуі мүмкін.
Қыркүйек айының басында парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “елде ешқандай сайлаудың болмайтынын” және “сайлаудың 2012 жылы өтетінін” мәлімдегені мәлім. Сол жолы президент “кезектен тыс сайлау өткізуге не саяси, не құқықтық негізді көрмей отырғанын” шегелеп айтқан еді.
Алайда Мемлекет басшысының мәлімдемесі сарапшыларды кезектен тыс парламент сайлауы өтуі мүмкін деген пікірлерінен тайдыра алмады. Міне сондықтан да билік басындағы соңғы тағайындаулар саяси көріпкел жорамалдардың дұрыстығын растай түскендей әсер қалдырады.
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі қарсаңында сайлаудың мезгілінен бұрын өтуі мүмкіндігін өздерінің саяси көзқарастары бойынша бір-біріне қарама-қайшы келетін 2 тұлға да теріске шығармайды. Олар – Ақорданың ресми үні, президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев пен белгілі заңгер, адам құқы және заңдылықтардың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис.
Екеуінің ойлары мен кезектен тыс сайлаудың өтуін болжайтын уәждері де бір-бірінікіне егіз қозыдай ұқсас.
Мерзімінен бұрын сайлаудың өтуі мүмкіндігі туралы өзінің пікірін Ермұхамет мырза алғаш рет жылдың бірінші жартысында, президенттің кеңесшісі болып екінші рет тағайындалуына санаулы-ақ күн болған мамыр айында айтқан-тұғын. Сол уақытта ол егер кезектен тыс сайлау бола қалса, оның 2009 жылы өтуі тиіс екенін жорамалдаған. .
Арада жарты жылдай өткен соң Азаттық радиосына берген сұхбатында Ермұхамет мырза сөзбе-сөз былай деп мәлімдеді: - Мен кезектен тыс сайлаудың мүмкін екені туралы өз көзқарасымды айттым. Сайлау теория тұрғысынан мүмкін, теория тұрғысынан...
Президенттің қыркүйектегі үзілді-кесілді мәлімдемесін негіздей келе оның кеңесшісі Мемлекет басшысының сөзін былай деп түсіндірді: - Ол кезектен тыс сайлау өткізудің не саяси, не құқықтық себептерін көрмей отырғанын мәлімдеді.
Ол не деген сөз? – Ол егер оның құқықтық жағын алсақ, сайлау не 5, не 6 жылда бір-ақ рет өтуге тиіс деген сөз.
Ал саяси себептеріне келсек, бұл жерде әңгіме не жөнінде болып отыр? – Егер Конституцияға түзетулер енгізілетін болса, сонда ғана кезексіз сайлау өтуі мүмкін және ондай жайттар бұрын болды.
Өзінің осы айтқаны жалаң сөз болып қалмауы үшін президенттің кеңесшісі осыдан 10 жыл бұрынғы тарихтан 2 мысал келтіреді: - 1999 жылдың қазан айында (1998 жылдың қазанында. Азаттық) Конституцияға бірнеше түзету (бас-аяғы 19 түзету. Азаттық) енгізіліп, президент сайлауы мезгілінен бұрын өткізілді. Өткен жылы Ата заңға бірнеше түзету енгізілді де, кезектен тыс парламент сайлауы болды.
Азаттыққа берген сұхбатында құқық қорғаушы Евгений Жовтис те президенттің сөзіне күмән келтірді: - Президент мырза кезектен тыс сайлаудың өту мүмкіндігін теріске шығарғанымен де, әсіресе сайлау туралы заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отырғаны ескерілсе, онда біздің елде бір нәрсеге сенімді болу өте-мөте қиын.
Мемлекет басшысының кеңесшісі Е.Ертісбаев сияқты Е.Жовтистің пікірі бойынша да, “егер өзгерістер мен толықтырулар түпкілікті болатын болса, ресми биліктің кезектен тыс сайлау өткізу қажет деп айтуына әрқашанда мүмкіндік болады, өйткені-міс, “заң өзгерді”.
Бірақ құқық қорғаушы ерекше атап көрсеткендей, ресми биліктің “солай деп айтуына да мүмкіндік бар, айтпауына да мүмкіндік болады. Өйткені, кезектен тыс сайлау тағайындауға желеу табылады. Ал өткен жылы Конституцияның өзі де өзгергенін айтпағанда...”
Міне сондықтан Е.Жовтис, кезектен тыс сайлаудың өтуі әбден мүмкін деген ой түйеді. Өйткені, менің жорамалым бойынша, егер сәл әзілге салсақ, біздің елде оппозиция серкелерінің барлығы да “жаппай сотталу қозғалысымен” түгел қамтылған жоқ, яғни әлі сотталмағандары да бар, демек бұл қозғалыс барлығын да соттаумен аяқталады”.
Қазақстандағы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина да осындай көзқараста. “Время” газетіне берген сұхбатында Фокина шамамен мынадай ойын айтып қалды: “егер Қазақстанда оппозиция жетекшілерін қудалау басталса, онда ол сайлаудың нышаны”.
Ал Азаттыққа берген сұхбатында Евгений Жовтис “оппозиция қатарында жүргендердің барлығы не түрмеге отырып шықты, не айыппұл төлеп үлгерді, не болмаса шартты түрде сотталды – міне бізде оппозиция серкелерін соттауды көздеген жаппай қозғалыс жүріп жатыр” деп күрсінгендей болды.
Оның ойынша, “дәл қазір Козловқа, Тоқтасыновқа және тағы басқаға қарсы қозғалған соңғы қылмыстық іс осыған дейін сотталып үлгерген оппозиция өкілдерінің қатарын толықтырғандай болады; осылайша оппозиция жетекшілерін бірте-бірте түгел “сотталғандардың” қатарына қосу жалғаса береді.
Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың бізге берген кеңесі бойынша, сайлау тақырыбын сөз еткенде оның “құқықтық жағына назар аудару керек – конституциялық өзгерістер болса, оған 2 мысал бар, онда біз сайлау өткізуден қаша алмаймыз”.