Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасына қол қойды деп хабарлады оның ресми сайты.
Президент әуелі 7 маусымда осы заң жобасына қол қоймай, парламентке қайтарған еді. Ол "әйелдердің зейнетке шығу жасын ерлермен теңестіруге наразылық туғанын" айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев әйелдердің зейнет жасын 63-ке бұрын айтылғандай 2014 жылдан бастап емес, 2018-2027 жылдар аралығында ұзартуды ұсынған.
Парламент президент Назарбаев айтқан өзгерістерді заң жобасына енгізіп, құжатты 12 мамырда қайтадан президентке жіберген.
14 мамырда бұл реформаға наразылар сенатқа хат тапсырды. Оған дейін де кейбір қалаларда қарсылық акциялары өтті. Реформаны түсіндіру жұмыстары кезінде шенеуніктер мен жұрт арасында пікірталастар болды.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болған Серік Әбденов заң жобасын түсіндіру үшін аймақтарды аралаған. Сәуірдің 26-сында Алматыға келген министр Әбденовке қоғамдық белсенді Андрей Цуканов жұмыртқа лақтырды.
Қазіргі сәтте Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер 58 жаста шығады.