Тоқаев ауыл шаруашылығы министрінің жұмысын сөгіп, қызметтен босатты

Сапархан Омаров.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы министрі қызметінен алынды. Бұл туралы жарлық Ақорда сайтында 10 шілде күні, Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң іле-шала жарияланды.

Тоқаев үкімет отырысында елде биылғы қуаңшылық кезінде бірқатар аймақта малдың азық жетпей қырылғанына байланысты ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынап, "министр қызметінен кетуі тиіс" деп мәлімдеген.

"Жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылығы министрлігі дұрыс шешім қабылдамады, солардың кінәсінен шаруашылықтар зардап шегіп жатыр. Жұмыстың шынайы жайымен байланыс жоқ. Сондықтан фермерлер тікелей маған айтып жатыр. Министрлік тез, батыл шешім қабылдауы керек еді, бірақ қажет жұмысты атқара алмады. Сондықтан, бұл салаға жауапты министр Сапархан Омаров отставкаға кетуі керек деп есептеймін" деді үкімет отырысында Тоқаев.

Жиында премьер-министр Асқар Мамин қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстарында азық жетпей, мал шығыны болғанын хабарлады.

Your browser doesn’t support HTML5

Маңғыстауда мал қырылып жатыр деген ақпарат тарады

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат жетекшісі Марат Оразаев үкімет малы қырылған шаруаға шығынын өтемейді деп мәлімдеген. Кейінгі мәліметке сүйенсек, Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан мыңнан астам мал қырылған, Қызылорда облысында 500-ге жуық мал басы шығын болған.

– Мұндай жағдайда өтелмейді. Бұл жеке шаруаның өз мәселесі. Қазақстан заңына сәйкес, мал шығыны тек қана эпизоотиялық жағдай болса ғана төленеді. Басқа жағдайда ол төленбейді, – деді жұма күні журналистер сұрағына жауап берген Марат Оразаев.

9 шілдеде министрлік қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялау мәселесі шілдедегі жауын-шашын мөлшеріне байланысты шешіледі, онда да Қазақстан бойынша емес, тек қуаңшылық байқалған өңірлерде жарияланады деп хабарлаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Күні қайнап, суы тартылған Орталық Азияны қуаңшылық қысып тұрҚой да, оның еті де қымбаттап барады. Себеп неде?  "Мемлекет бизнесті шектемеуі керек". Орталық Азияда көкөніс неге қымбаттады?"Қолдан жасалған" қуаңшылық. Қызылорда облысында әкімдік мың адамды судан айырдыМамытбеков: Биыл қураған шөп те жоқ