27 шілдеде Алматының Алмалы аудандық сотында "тыйым салынған ұйымның ісіне араласты" деп айыпталған 13 белсендінің ісі бойынша сот басталады.
Белсенділерге Қылмыстық кодекстің 405-бап 1-бөлім ("экстремистік ұйымның ісін ұйымдастыру") және 405-бап 2-бөлімі бойынша ("экстремистік ұйымның ісіне араласу") баптары бойынша айып тағылып отыр:
- Дархан Уәлиев (405-бап, 1, 2 бөлім)
- Бақдәулет Әлібеков (405-бап, 2-бөлім)
- Ноян Рахымжанов (405-бап, 1, 2 бөлім)
- Марат Курбанов (405-бап, 2-бөлім)
- Ермек Козиев (405-бап, 1-2 бөлім)
- Диана Баймағамбетова (405-бап, 2-бөлім)
- Қайрат Қылышев (405-бап, 1, 2 бөлім)
- Асхат Жексебаев (405-бап, 1, 2 бөлім)
- Нинагүл Жұманиязова (405-бап, 1, 2 бөлім)
- Гүлзипа Жәукерова (405-бап, 1, 2 бөлім)
- Абай Бегімбетов (405-бап, 1, 2 бөлім)
- Дәметкан Аспандиярова (405-бап, 1, 2 бөлім)
- Болат Смағұлов (405-бап, 2-бөлім).
Оларға тағылған айыптар Қазақстанда "экстремистік ұйым" деп танылған Еуропарламент "бейбіт оппозициялық қозғалыстар" деп атаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" мен "Көше партиясы" қозғалыстарымен байланысты.
Сот онлайн өтеді. Оған Zoom желісімен кез келген адам қосыла алады деп хабарланған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, 9 жарымға белгіленген сот 10 жарымда да басталмаған. Техникалық ақауға байланысты сот отырысының басталуы кешігіп жатқаны хабарланды.
Сотқа тартылып жатқан 13 белсендінің барлығы-дерлік – қоғамдық-саяси мәселелерге байланысты пікір-көзқарасын ашық айтып, акция-митингілерге қатысып жүрген адамдар.
Бұған дейін құқық қорғаушылар Диана Баймағамбетова, Асхат Жексебаев, Ноян Рахымжанов, Қайрат Қылышевті "саяси тұтқындар" қатарына қосқан. Сотқа тартылып жатқан белсенділер арасында Шыңжаңдағы туыстарын іздеп, Алматыда бірнеше рет пикет өткізген және өзге де наразылықтарға қатысқан Марат Құрбанов та бар.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Саяси өзгерісті қалау – қылмыс емес". HRW Нұр-Сұлтанды белсенділерді қудалағаны үшін сынадыQaharman құқық қорғау қорының мәліметінше, белсенділер "бейбіт наразылыққа қатысқаны үшін, шақырғаны үшін, марқұм Дулат Ағаділдің асына қатысып, оның отбасына қолдау көрсеткені үшін, Қазақстан билігін сынағаны үшін, саяси тұтқындар мен олардың отбасына қолдау көрсетіп, адам құқығы мәселесін қозғап, саяси тұтқындарды босатуды талап еткені үшін" қуғындалып отыр.
Істі судья Ернар Қасымбеков қарайды.
Шілде айының басында халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Нұр-Сұлтанды Қылмыстық кодекстегі "Экстремизм" бабын билік сыншылары мен белсенділерді қудалауға қолданады деп айыптаған.
Қазақстанда жоғарыда аталған екі ұйымға қатысты қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгісіз. Кейбір құқық қорғаушылар кейінгі бірнеше жылда 300-ге тарта адамның жазаланғанын айтады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Оралда ҚДТ мен "Көше партиясына" шыққан шешімді жоюды талап етіп, аштық жариялаған белсенді ұсталды Нұр-Сұлтанда белсенділер АҚШ елшілігіне барып, "ҚДТ ісіне араласты" дегендерге араша сұрадыШымкентте "ҚДТ ісіне араласты" деп айыпталған үш белсендіге үкім оқылдыҚазақстанда "саяси тұтқындар" көбейді"Әблязов деген кім?" және "пенопластан салынған Керуен-сарай"