Қазақстанда індет ушыққанда осы күнге дейін «сары аймақта» жалғыз өзі болған Түркістан облысы "қызыл аймаққа" өтті. Бұл туралы 1 шілде күні коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Осылайша елдің эпидемиялық картасында 17 өңір түгелдей "қызыл аймақта" тұр. Карта үш "жасыл", "сары" және "қызыл" дейтін үш аймақтан тұрады. Соңғысы өңірде аурудың ушығып жатқанын білдіреді.
24 шілдеден бері "қызыл аймаққа" бір ғана Түркістан облысы кірмей келген. Облыста 17 шілдеден бері күн сайын жүзден астам науқас тіркеліп келеді. 31 шілде күні коронавирус 124 адамның анализінен анықталды.
19 миллионға жуық халқы бар Қазақстанда 14 облыс және республикалық маңызы бар үш қала (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) бар.
Ресми статистика бойынша, елде індет басталғалы коронавирусқа 641 547 адам шалдыққан. Билік мәліметінде оның 9691-і қайтыс болған деп көрсетілген. Алайда бұл санға коронавирус жұқтырып, "өзге аурудан" көз жұмды деген екі мыңнан астам адам кірмей қалған. Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, олардың көбі жүрек-тамыр ауруынан қайтыс болған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Covid рекорды тағы жаңарды: 8 мыңнан астам науқас, 104 өлім тіркелді