АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығы (CDC) коронавирус жылдам тарап жатқан "қауіпті елдер" тізімін жаңартты. Орталық америкалықтарға Грекия, Ирландия, Иранға бармауға кеңес берді. Вирустың таралуы бойынша "төртінші деңгейдегі елдер қатарына" сонымен бірге Ливия, Қазақстан, Андорра, Мальта, Лесото да енген.
АҚШ мемлекеттік департаменті де 2 тамызда соған ұқсас ескерту хабарлама жариялады.
Маусым айында CDC 110-нан астам мемлекетке бару ережелерін жұмсартқан еді, бірақ көп ұзамай коронавирустың өршуіне байланысты ескертуді жаңартуға мәжбүр болып отыр.
Ересектердің 70 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алуы тиіс деген президент Джо Байденнің тапсырмасы бір айға кешігіп орындалды. Бірақ соған қарамастан елде вирустың беті қайтқан жоқ.
Ақ үйдің коронавируспен күрес жөніндегі жұмыс тобының үйлестірушісі Джефф Зинтс 2 тамызда ауруханаға түскендер артып барады, күніне 300-ден астам адам қайтыс болып жатыр деп мәлімдеді.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, індет басталғалы бері АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар 35 млн-нан асқан. 613 мың адам қайтыс болған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Байден АҚШ-та індет вакцина салдырмағандар арасында ғана тарап жатыр деді"Екпе алмағандар биореакторға айналады". Қауіпті штамдар қалай пайда болады? "Екпе алмаса, қауіп көп. Басқа амалымыз жоқ". Иммунолог вакцинаның пайдасы мен "чиптеу" жайлы не айтты?Америкалық Novavax вакцинасы коронавируспен күресте 90,4% тиімді