11 қаңтарда үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Сейсенбі күні кешке қарай Ақорда сайтында арнайы жарлық жарияланды.
Оған сәйкес:
- Роман Скляр – премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды;
- Асқар Омаров – Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
- Қанат Мусин – Әділет министрі;
- Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;
- Қайырбек Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
- Әлібек Қуантыров – Ұлттық экономика министрі;
- Дәурен Абаев – Мәдениет және спорт министрі;
- Ерұлан Жамаубаев – Қаржы министрі;
- Болат Ақшолақов – Энергетика министрі болып тағайындалды.
Ал бірнеше ведомство басшысы өзгермеген:
- Ералы Тоғжанов вице-премьер қызметінде қалды;
- Ерлан Тұрғымбаев – Ішкі істер министрі қызметінде қалды;
- Мұхтар Тілеуберді – Сыртқы істер министрі, вице-премьер;
- Бақыт Сұлтанов – Сауда және интеграция министрі;
- Юрия Ильин – Төтенше жағдай министрі;
- Мұрат Бектанов - Қорғаныс министрі;
- Серік Шәпкенов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ;
- Бағдат Мусин – Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
- Ербол Қарашөкеев – Ауыл шаруашылығы министрі;
- Асхат Аймағамбетов – Білім және ғылым министрі қызметінде қалған.
Сейсенбі күні түске қарай мәжіліс Әлихан Смайыловты премьер-министр етіп тағайындаған болатын. Оны премьерлікке президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған.
5 қаңтарда Қазақстанда сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты наразылық өршіген тұста үкімет отставкаға кеткен болатын.
Қазақстанда бұл жолы үкімет бүкіл ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген кезде жаңарып отыр. Сейсенбі күні түстен кейін айтыла бастаған тағайындаулар Мамин басқарған үкімет мүшелерінің көбі кабинет құрамында қалғанын көрсетті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Билікке талас" па, басқа ма? Қазақстандағы оқиғалардың артында не тұр?Жасарал Қуанышәлин: Мұның бәрі - биліктің саяси ойыны, бейбіт шерушілердің өрт пен қиратуға қатысы жоқМәсімов ұсталды. Ақтау мен Жаңаөзенде наразылардың көбі тарады. 8 қаңтарда не болды?