Қырғызстан да 9 мамырда әскери парад өткізуден бас тартты

Қырғызстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 9 мамырда Бішкектің "Ала-Тоо" алаңында әскери парад болмайды.

Министрлік мәліметінше, бұл күні Жеңіс алаңында митинг-реквием ұйымдастырылады, сонымен бірге "Өшпес полк" шеруі өтеді.

Мұның алдында Қазақстан биыл Жеңіс күніне арналған дәстүрлі әскери парад өтпейтінін хабарлаған.

Қырғызстанда бұған дейінгі екі жылда 9 мамырда әскери парад және басқа да көпшілік шара ұйымдастырылмады. Мұндай шешімге коронавирус індеті себеп болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Путин Жеңіс күні парадтағы сөзінде СССР-дің одақтастары жайлы айтпадыМәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс парады өттіПандемия һәм парад. Постсовет елдері Жеңістің 75 жылдығын қалай атап өтті?Минскіде "Мәңгілік полк" шеруін өткізуге тыйым салдыПутин Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталу уақытын 3 қыркүйекке жылжытты