Өзбекстан 9 мамырда әскери парад өткізбейді

Өзбекстан биыл 9 мамырда әскери парад ұйымдастырмайды.

Өзбекстан қорғаныс министрлігі Идеология және тәрбие жөніндегі бас басқарма басшысының орынбасары Ойбек Мамадәлиев 25 сәуірде Ташкенттегі баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

9 мамыр Өзбекстанда "Жеңіс күні" емес, "Еске алу және құрмет күні" екенін еске салған подполковник Мамадалиев биыл бұл күні қарт кісілерге құрмет көрсетуді көздейтін шаралар өтетінін айтты.

Қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, елде әскери парад былтыр да, оның арғы жылы да өткен жоқ.

Мұның алдында Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері биыл 9 мамырда әскери парад өтпейтінін мәлімдеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қорғаныс министрлігі әскери парад өткізбеу себебін бюджет қаржысын үнемдеу ниетімен байланыстырдыАқтау билігі биылғы "Мәңгілік полк" акциясы онлайн-форматта өтетінін айтадыҚырғызстан да 9 мамырда әскери парад өткізуден бас тарттыҚазақстан билігі 7 және 9 мамырда әскери парад өткізуден бас тарттыПутин Жеңіс күні парадтағы сөзінде СССР-дің одақтастары жайлы айтпады