БҰҰ: Әлем халқының үштен бірі азық-түлік тапшылығына ұшырады

Сомалиде аштықтан өлген әпкелі-сіңлілілердің зираты. Мамыр айы, 2022 жыл.

2021 жылы әлемде 2,3 млрд адам азық-түлік тапшылығына ұшырады, кемінде 702 миллионы тұрақты түрде аштыққа ұшыраған. Бұл жөнінде БҰҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі жайлы есебінде айтылады.

Есепке сәйкес, әлем бойынша әйелдердің 31,9 пайызына, ерлердің 27,6 пайызына тамақ жетпейді, коронавирус індеті басталғалы бері олардың арасындағы айырмашылық бір пайызға көбейген. Шамамен 45 млн бала тойып тамақ ішпегендіктен және қажетті қоректі заттар алмағандықтан қатты жүдеген. Бұл әлем балаларының 6,7 пайызына тең. Алайда әлемде балалардың 5,7 пайызы немесе 39 млн баладан семіздік байқалған.

Аштықтан зардап шеккендердің жартысынан астамы Азия елдерінде, үштен бірі Африкада, қалған бөлігі Латын Америка және Кариб бассейнінде тұрады.

Коронавирус індеті басталғалы бері жағдай нашарлаған. Украинадағы соғыс пен климаттың өзгеруіне байланысты жағдай барған сайын ушығып барады, деп түйіндейді БҰҰ.

Ресей мен Украина - астық, тыңайтқыш және май дақылдарын өндіретін әлемдегі ең ірі өндірушілер. Соғыс халықаралық тасымал тізбегіне нұқсан келтіріп, астық, тыңайтқыш және энергия тасымалының қымбаттауына әсер еткен.

Бұдан бөлек, табыс көлемі төмен елдерде тасымал тізбегіне климаттың өзгеруінен туындаған табиғи апаттар да әсер етіп жатыр.

Осы факторлардың барлығы әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. Есеп авторлары 2030 жылға қарай, тіпті халықаралық экономика қалпына келсе де, әлем халқының 8 пайызы аштыққа ұшырайды. Бұл БҰҰ-ның аштықпен күрес бағдарламасы қабылданған 2015 жылғы көрсеткішпен шамалас.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресей басқыншылығының салдарынан әлемде аштыққа ұшырайтындар 18 миллионға көбейеді"Соғыс қылмыстары", "бомбаланған ауруханалар", аштық қаупіАуған халқына суық пен аштық қаупі төніп тұр