Украина ДХР мен ЛХР-ды мойындаған Пхеньянмен дипломатиялық қатынасты үзді

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.

Украина сыртқы істер министрлігі елдің шығысындағы сепаратистік құрылымдар – өзін республика жариялап алған "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасын" мойындаған Солтүстік Кореямен дипломатиялық қатынасты үзді.

"Пхеньянның бұл шешімін Украинаның аумақтық тұтастығына қол салу, Украина Конституциясы мен БҰҰ талаптарын бұзу деп қабылдаймыз", - делінген мәлімдемеде.

"Ресейдің Солтүстік Корея секілді жабық елдерден басқа одақтасы қалмады. Украина елдің тұтастығына қол сұққандарға өте қатал жауап қайтарады", - деді Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба.

Солтүстік Кореяның ДХР мен ЛХР-ды мойындағанын алдымен "Донецк халық республикасы" мәлімдеген. Кейін Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері бұл мәліметті растады.

Солтүстік Корея Украинадағы жікшілдер жариялаған ДХР мен ЛХР-ды мойындаған Ресей мен Сириядан кейінгі үшінші ел.

Мәскеу одақтастарының бірі Қазақстан ДХР мен ЛХР-ды мойындаудан бас тартқан. Маусымда Санкт-Петербургтегі экономика форумында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан Украина шығысындағы сепаратистік аймақты мойындамайды деп мәлімдеген.

Осыған дейін Қазақстан басшылығы түрлі алаңдарда Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейтінін айтқан. Бірақ ол Ресеймен әріптестіктен бас тартпаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Қазақстанға постсоветтік құрсаудан босап, іргесі берік, дамыған елге айналатын кез келді"Каспий құбыр желісі консорциумы Ресейдің Қазақстанды жазалау құралына айналды ма?Шойгу сепаратистік "ЛХР азат етілгенін", Украина Луганск облысының соңғы қаласынан шегінгенін хабарладыВВС сайты Ресейдің Украинамен соғыста өлген төрт мың жауынгерінің аты-жөнін анықтады"Қазақстанды кемсітуге тырысады". Мәскеу Тоқаевтың мәлімдемесіне қалай жауап береді?