Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өзі құрылғалы бері мемлекеттің 230 миллиард теңгесін қайтарғанын мәлімдеді. Комиссия биыл 5 маусымда құрылған.
Комиссия ірі көлемде, оның ішінде шетелде ақшаны жылыстату белгілері бар ең резонанс істерді тергеу ерекше бақылауда екенін атап өтіп, бұл іске байланысты Қайрат Сатыбалдыұлы, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды, Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев және Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға қатысы бар "Опаратор-РОП" басшыларының аты-жөнін атаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Әлия Назарбаеваның қатысы бар компания "иесіне" іздеу жарияланды. Билік құнды ақпарат үшін ақша бермекСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарған.
Қайрат Боранбаев тергеу барысында "ҚазМұнайГаз" АҚ Қаржы мониторингі агенттігінің 11,3 миллиард теңгеге жуық шығынын өтеген.
"Тергеп-тексеру органы "Қазақтелеком" , "Көліктік сервис орталығы" және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 млрд теңгені өтетті. "Опеаратор-РОП" ісі бойынша шамамен 180 млрд теңгені жымқырудың жолы кесілді, оның шамамен 100 млрд теңгесі жеңіл автокредитке бағытталды", - дейді комиссия ақпараты.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне жөніндегі іс бойынша Гонконг пен БАӘ-ден шамамен 3 млн АҚШ доллары қайтқан.
Комиссия мемлекет меншігіне құны 30 миллиард теңге болатын нысандарды қайтаратынын мәлімдеді. Оның ішінде құны 12 миллиард теңге тұратын "Қазақстан" санаторийі, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың Шығыс Қазақстандағы жерлері аталған.
5 маусымда, конституцияға өзгерістер енгізу туралы фереферендум өткен күні Қазақстан президенті ҚасымЖомарт Тоқаев "шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтаратын" комисия құрылатынын мәлімдеген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Сот Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімін тағы бір айға ұзартты ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының қамау мерзімі ұзартылды.