Батыс Қазақстан облысы орталығы Орал қаласының тергеу соты 31 желтоқсанда "Халық жемқорлыққа қарсы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, заңгер Аслан Өтеповті екі айға тұтқындауды сұраған тергеу органының өтінішін орындаған. Бұл туралы "Уральская неделя" газеті хабарлады.
Басылымның жазуынша, тергеу орындары Өтеповті 30 желтоқсанда ұстаған. Тергеушілер Өтепов жергілікті кәсіпкерден 800 мың теңге заңсыз алған, кейінірек тағы 300 мың теңге талап еткен деген болжам ұстанады. Өтеповтің үстінен Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабымен іс қозғаған.
Ал күдіктінің адвокаты Руслан Шағатаев Өтепов заң кеңесін беретін палата мүшесі болғандықтан, кәсіпкерге заң кеңесін көрсеткен дейді. Адвокат мұны Оралдағы құқық қорғау, прокуратура және сот органдары өкілдерін белсенді сынап жүрген Өтеповке қарсы ұйымдастырылған арандату деп есептейді.
Аслан Өтепов бұған дейін әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларында медицинада пайдаланылатын есірткі заттарын заңсыз таратуға жергілікті билік органдарының қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Емін-еркін сатылады". Оралда құрамында есірткі бар дәрілерді заңсыз сататындарға тыйым болмай отырОрал әкімдігі "есірткіге қарсы" митингіге келісім беріп, екі күннен соң бас тарттыОрал тұрғындары биліктен психотропты заттарды саудалауға тыйым салуды талап етті "Көз алдымда солып бара жатты". Нашақордың анасының әңгімесі"Трамадолға" тыйым қажет