Дүйсенбі күні Алматыда тұсаукесерін өткізген жаңа агенттіктің құрылтайшысы мен ұжымы бұл жобаның артында қаржылық топтардың да, биліктің де мүддесі жоқ екенін айтты.
«Қаз ТАГ-тың» құрылтайшылары - Қазақстанның Журналистер одағы мен Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейтқазы Матаевтың айтуынша, аталмыш ақпарат агенттігін ашуға Ұлттық баспасөз клубы қазақстандық банктердің бірінен несие алыпты.
«Қазақстандықтардың басым бөлігі бүгінгі таңда әлемде болып жатқан оқиғалардың барлығын дерлік ресейлік ақпарат құралдары арқылы біліп отыр. Бұл мәселе біздің бойымыздағы намысымызды оятты. Ақпарат агенттігін ашуымыздың да бір себебі - осы кемшіліктің орнын толтыру. Біз қазірден бастап шетелдік журналистермен келіссөз жүргізіп отырмыз. Алдағы уақытта Тбилиси, Бейрут, Вашингтон сияқты қалаларда өз тілшілеріміз болады», - деді Сейтқазы Матаев.
Жаңадан іргетасы қаланып жатқан «Қаз ТАГ-тың» Астана мен Алматы қалаларында кеңселері ашылып, онда 10-нан астам журналист жұмыс істейтін болады. Матаевтың айтуынша, бұл жоба өз шығынын жабу үшін, ақпарат агенттігі алдағы уақытта Қазақстанда және алыс-жақын шетелдерде болып жатқан жаңалықтарды өз оқырманына электронды пошта арқылы ақылы негізде жолдап тұрады.