Азаттық радиосының тілшісі Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Гранитный кентіне барып қайтты. Сондағы ЕЦ-166/25 түрмесіндегі тұтқындар ереуілін 12 тамыздың түнінде ішкі істер әскері күшпен басып-жаншыған болатын. Тұрғындар түрмеде қалыптасқан жағдай туралы ойларымен бөлісті.
«ФАШИСТЕРДІ ЖОЙҒАНДАЙ ҚЫРҒЫН ЖАСАДЫ»
Атышулы ЕЦ-166/25 түрмесі мен Гранитный кенті өзара тығыз байланысты. Бұл байланыс - қазір жартылай қираған елді мекеннің екі қабатты үйлерінің совет кезеңінде осы ауылдан жарты шақырымдай жерде ғана орналасқан жалпы режимдегі жергілікті колонияда жазасын өтеушілердің қолымен салынғандығынан ғана емес.
Ауыл тұрғындары ұсақ тас дайындап шығаратын жергілікті цехтағы жұмыстан бөлек, негізінен, жергілікті колонияда түрлі қызметтер атқарады. Олар биылғы тамыздағы сияқты бүліктің бұл колонияда сонау 1979 жылы болғанын еске алды. Сол себепті тұрғындардың осы жолғы қайғылы жағдайға байланысты пікірі екіге жарылды.
Жергілікті оқушылар өздері Мәдениет үйі деп атайтын, әлем-жәлем түске боялған, бірақ қараусыз қалған екі қабатты сарайдың баспалдағында тұрып, ауыл тұрғындарымен бірге тәулік бойы колонияда болған оқиғаны көзбен көргендерін айтады. Шамасы, оларға бәрі анық көрінсе керек.
«Зонаны бөлісуге байланысты оңтүстіктің адамдары жергілікті ұры-қарылармен келісе алмай қалды», – дейді зонада жұмыс істейтін
ЕЦ-166/25 түрмесінен адамдарды арнайы автокөлікпен тасымалдады. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл.
әкесінің сөзін мұқият қайталаған сары бала. «Жоқ оларды барабанды даңғырлатып қуалап, зонада ылғи ұрады екен, «түсіріп» жіберетін көрінеді, олар соған шыдамапты» деп әлдебір түсініксіз тілмен жеткізуге тырысады тағы бір бала.Кейінірек, «барабанды даңғырлатып қуалау» мен «түсіріп тастау» дегеннің мәнісін Азаттық радиосының тілшісіне жергілікті жасөспірім (тинейджер) түсіндіріп берді. Оның айтуынша, күн сайын, таңғы сағат алты болар-болмастан қас қарайғанға дейін, қырық градустық аязға да, ыстық аптапқа да қарамастан, жазасын өтеушілерді алаңқайда ән айтып, сап құрап жүруге және хормен сәлемдесуге мәжбүрлеген. Ал «түсіру» деген сөзді әлгі жасөспірім ешқандай аударманы қажет етпейтін дене қимылымен көрсетті.
Түрмедегі ереуілге байланысты қойған сұраққа жергілікті қарт зейнеткердің «Тәртіптің босаңдығы, міне, неге соқтырады! Біздің кезімізде бәрі басқаша болатын» деп қатқыл дауыспен нығарлаған жауабы тілшіні таңдандырды. Кейін ол кісінің осы зонада 36 жыл жұмыс істегенін естіп, ұстанымына берік қарияның совет надзирателі кейпін әлі де жоғалтпағанын ұқтық.
Орындықта отырған бір әйелдің бейтаныс адамның мамандығын естіген бойда, оны бірден «қорқақ» дегені, «Солдаттар оларды фашистерді қырғандай қырып-жойғанда қайда қарап отырдыңдар?» деген сөзі де Азаттық радиосының тілшісін тағы бір мәрте таңқалдырды.
Бұл кісіні, әсіресе, түрмедегі бүлік жөнінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түрмедегі жағдай жөнінде тігісін жатқыза баяндап берген мәліметін жұртқа қайталап айтудан танбаған қазақстандық телеарналардың телесюжеттері ерекше шамдандырыпты.
Оның пікірінше, колониядағы бүлікке ЕЦ-166/25 түрмесінің басшылығы кінәлі, себебі «тәртіптің сақталуын қадағалаған, әрине, дұрыс, бірақ адамдарды фашистерді жойғандай, себепсізден-себепсіз қуалай беруге болмайды». Кейін, жазасын өтеушілердің сөзіне құлақ асудың орнына, тіпті, оқ атып, атой салған.
КӨП СЕБЕПТІҢ БІРІ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ
Жазасын бұрындары өтеп болғандар мен жергілікті тұрғындардың, белгілі құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің мәліметіне сәйкес, ЕЦ – 166/25 колониясы өз ішінде қатаң тәртіптер орнатылған 2003 жылдан бастап «қызыл» атана бастаған. Бұл ретте, колония әкімшілігі ГУЛАГ-тік ескі принципті ұстанған және жазасын өтеушілердің «құқық тәртібін сақтау секциясына» мүше, «белсенділер» деп аталған бір тобы қарапайым тұтқындардың қитығына тиіп, үнемі қорлап отырған.
Жазасын өтеушіні ұрып-соғу немесе зорлау үшін «белсендінің» әкімшілік тарапына жазылған баяндау хаты жеткілікті болған. Бұған байланысты
Бүліктен кейін тұтқындардың туған-туыстары ЕЦ-166/25 түрмесі басшылығымен кездесе алмады. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл.
мәлімет сыртқа шығып кетсе немесе тексерулер жүргізілсе, әкімшілік оның бәрін «жазасын өтеушілер арасындағы төбелеске» сілтей салады екен.Жергілікті жасөспірім оларға деген соншалықты жеккөрінішпен жерге шырт түкіре білдіріп, әңгіме барысында «белсенділерді» тілдік нормаға жатпайтын бірнеше сөздермен сипаттады. Оның бұл сөздері Азаттық радиосына берген сұхбатында ереуілдің алғашқы күні-ақ қайғылы жағдайға кінәлі ретінде түрме әкімшілігі мен құқықтық тәртіпті сақтау секциясы мүшелерін атаған, үкіметтік емес «Талмас» ұйымының мүшесі Вадим Курамшиннің жорамалын растап берді.
Оның пікірінше, «үлгілі» деп аталатын ЕЦ-166/25 колониясындағы қатаң және көп жағдайда мағынасыз тәртіптерді ұзақ уақыт бойы жасыру - ондағы қалыптасқан жағдайды толықтай жұрт назарынан оқшаулаудың, сыртқа шығатын бүкіл поштаны тексерудің арқасы.
Қайғылы жағдайға себеп болған екінші фактор - түрме қызметкерлері арасындағы анағұрлым жеңілдігі бар жағдайларға ауыстырудан бастап, кездесулер мен туған-туысқа телефон шалу, тексерушілердің көзін қуантатын сәлемхаттарды қолды болмай тұрып алу деген сияқты нәрселердің бәріне ақша бопсалайтын жемқорлық әрекеті.
ЕЦ-166/25 түрмесіндегі ереуіл басылғаннан кейін баспасөз құралдарымен бірге оқиға болған жерге келген, жазасын өтеушілердің туыстары да осы жорамалға байланысты әңгімелерді жиі айтумен болды.
Вадим Курамшиннің жергілікті тұрғындар тарапынан нақтыланған мәліметіне сәйкес, колония қызметкерлері зона аумағында сотталушылардың күшімен көліктерге техникалық қызмет көрсету, бояу сияқты басқа да жұмыстар атқарылатын станция ашқан.
Естеріңізге сала кетейік, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов ЕЦ-166/25 түрмесінде «сотталушылардың екі тобы арасында төбелес болып, қайшылықты жағдай туғанын» мәлімдеген еді. Алайда, басқа дерек көздері қайшылықты жағдайдың жерлестік ұстанымына байланысты емес, тек қана «белсенділер» мен «мұжықтар» арасында туындағанын айғақтайды.
АҚПАРАТТЫ ҚҰРСАУДА ҰСТАУ
Сонымен, ереуілді тәулік бойы бақылаған ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, оқиға былай өрбіген:
Тамыздың 9-ы күні кешкі сағат 8 шамасында жазасын өтеушілердің бір бөлігі өз барактарында баррикада құрған. Шатырға «Мұнда бізді өлтіріп жатыр» деп қанмен жазылған жаймалар ілген. Олардың «Журналистердің келуін талап етеміз» деген жалғыз талабы да шатырға ілінген және де журналистердің ереуіл басталған дейін оқиға орнынан табылмауы бағанағы әйелдің Азаттық радио тілшісіне ашулы түрде сын айтуына себеп болған.
Тұрғындардың сөзімен айтсақ, 10 тамыз күні, таңға қарай зона түгелдей қоршауға алынған және баракқа кіруге деген бірінші талпыныс сәтсіздікпен аяқталған. Ауылға кіретін жолдардың барлығын полиция алғашқы сағаттардан бастап-ақ жауып тастаған, арнайы қызмет өкілдері ары-бері өткен некен-саяқ адамдардың бәрін тінтіп отырған.
Бұл күндерде тіпті алтын өндіретін, Васильковский кен-байыту комбинатының қызметкерлеріне арналған қызметтік және маршруттық автобустардың да жүрісі тоқтатылған. Азаттық радиосына бұл туралы жазасын өтеуші Жандыр Сапарғалиевтің әпкесі, Гранитный кентіндегі ереуіл жөнінде кешкі жаңалықтардан естісімен Батыс Қазақстаннан ұшып келген Даурия Ахметжанова айтып берді.
Әскерилердің оқшаулап тастағанына және шабуылды бастау қаупіне қарамастан, жазасын өтеушілер өз дегендерінен қайтпай, журналистердің келуін талап еткен. Алайда, 11 тамыз күні әскери құрама бөлімінен бронетранспортер мен арнайы қызмет өкілдері келіп жеткен.
Шабуыл басталмас бұрын, баспасөзді ұзақ уақыт бойы күткен жазасын өтеушілер барак шатырына шығып, үстеріне жанармай құйған. Бірақ шабуылшыларды бұл да тоқтата алмаған.
Біз сөйлескен тұрғындардың барлығы, сондай-ақ, ЕЦ-166/25 түрмесіндегі шабуылды бақылаған, жазасын өтеушілер туыстарының бір бөлігі алғашқы оқтың 12 тамызға қараған түні атылғанын айтады.
«Кенеттен бір нәрсе жарқ ете қалды да, артынша өрт басталды. Қарулы шабуыл кезінде тұтқындардың бірі өз-өзін өртеп жіберді де шатырдан жердегі солдаттың төбесіне секірді. Ал жазасын өтеушілердің бір тобы өзінің де, шабуылдаушылардың да үстіне жанармай құюға тырысты, бірақ таңға қарай бәрі аяқталды», – деп әңгімелейді ауылдың ішіне кіруге деген талпынысы, өз сөзіне қарағанда, екі күн бойы сәтсіз аяқталған Көкшетау тұрғыны.
БӘРІН ЖАСЫРУҒА ТЫРЫСАДЫ
«Жазасын өтеушілердің көмек сұраған жан айқайын ұзақ уақыт бойы жасырып келдік», – дейді өзге де ауылдастарымен бірге тамыздың 11-інен 12-сіне қараған түнін ұйқысыз өткізген тағы бір тұрғын. Сотталғандардың туысқандары әскерилердің шабуылынан кейін ондаған жедел жәрдем көліктерінің сотталушыларды әр машинаға бес-алты адамнан тиеп алып, Көкшетау қаласының ауруханаларына алып кеткенін айтады.
Олардың пікірінше, сотталушылар ең ауыр жарақатты қарулы шабуыл барысында алды, сол себепті де әскерилер өздерінің күш қолданғандарын жасыру үшін оларды жақындарымен хабарластырмай қойған.
Олардың айтуынша, полиция қаланың барлық ауруханаларын қоршап алып, туыстары мен журналистердің бірде-бірін зардап шеушілерге жібермей отыр.
Қарулы шабуылдан кейін де Гранитныйда ешкім баспасөз өкілдері келеді деп күтпеген екен. Жергілікті тұрғындармен екі сағаттық әңгімелесуден кейін, Азаттық радиосының тілшісі колонияның өткізу-бақылау бөлімшесіне жіберу туралы, полиция көлігіндегілерге өтініш айтқан. Алайда оған колонияға кіру түгілі, тура сол жерден суретке түсірудің өзіне рұқсат етілмеген.
Тіпті сотталушылардың туыстарының өзі ішке ену барысында үлкен қарсылыққа тап болған, қаны қарайған әйелдер ашына балағаттаған соң ғана полиция олардың өткізу-бақылау бөлімшесіне өтуіне рұқсат еткен.
БАЛАЛАР МУЛЯЖЫ
Алайда Азаттық радиосы тілшісінің түрмеге қатарлас саяжайдағы серуені қынжыларлықтай аяқталды. Ол адам нанбастай жағдайда адасып кетіп, ЕЦ – 166/25 түрмесінің кіреберісінде ескертпе жазуы да, қарауыл да, полиция автокөлігі де
ЕЦ-166/25 түрмесінің шаруашылық ауласында әскери ұрыс тәсілдеріне жаттығуға арналған муляждар бар. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл.
жоқ шаруашылық ауласынан бір-ақ шықты.Бір қызығы, әдетте әскерилер мен радиотехникалық арнайы қондырғыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын әскери автофургондар мен әскери шатырлар колония аумағында қарулы шабуылдан соң да құрулы тұрған. Дегенмен, арнайы бөлімнің әскери әдіс-тәсілдерін жасап жаттығатын адам пішіндес қуыршақтары тілшіні қатты таңырқатты.
Фотосуреттерді қарай келе, Азаттық радиосының тілшісі солдаттарың газтұтқы киген ересек адамдардың муляжымен қатар балалар муляжын да ұрып жаттыққандарын байқап, қатты таңданды.
Мән-жайды қысқаша анықтағаннан кейін полицейлер "бұдан кейін түрме маңайында адасып кетпе" деген тілектерін білдіріп, тілшіні қайтадан ауылға әкеліп салды.
ҚҰҚЫҚТАР ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАП
«Олардың колониядан қашып кетуге мүмкіндіктері болды. Олар ешкімді кепілге алмады, колония аумағында ештеңені бомбалаған жоқ. Тек қана өз-өздеріне қол жұмсайтындықтарын айтып қорқытты және өз құқықтарының сақталуы жөнінде небәрі ультиматум қойды. Тіпті жүздеген сотталушыларды жедел жәрдем машинасымен Көкшетау ауруханаларына әкетіп бара жатқанда да біз автошеру алдындағы жол полициясы автомашинасынан өзге, соңдарынан бірде-бір полицейдің немесе солдаттың жүргенін көрмедік», – дейді ереуілшілердің бейбіт пиғылын айтқан туыстары.
Бірақ олар 13 тамызда Гранитный кентінде де, Көкшетауда да, Астанада да зардап шегушілердің тағдыры жөнінде мәлімет берерліктей бірде-бір ресми тұлғамен жолыға алмапты.
13 тамызда Астанада, талап еткендеріне қарамастан, Қазақстан әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марат Шабақбаев та, комитет басшылығының өзге өкілдерінің де бірде-бірі жазасын өтеушілердің
Адам құқығын қорғаушы Вадим Курамшин Қазақстан қылмыстық-атқару комитеті ғимараты алдында. Астана, 13 тамыз 2010 жыл.
туыстарымен кездеспеген.Сотталушылардың туыстары құқықтық-атқару комитетінде өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырған Вадим Курамшиннің пікірінше, ешкімнің құқық қорғаушылармен, жазасын өтеушілердің туыстарымен хабарласа қоюы неғайбыл, өйткені «жүйеге өз жұмыстарының жария болғаны - тиімсіз».
ӨЛІМШІ ХАЛДЕ ҚАЛДЫРДЫ
Азаттық радиосының тілшісіне ереуілшілерге қатысты күш қолданылуын орынды санайтын, Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бастығының міндетін атқарушы Жанат Кешубаевтан түсініктеме алудың сәті түсті.
Оның айтуынша, ереуілшілер «басқа сотталушыларды жаралай бастаған». «Біз жазасын өтеушілердің өмірі мен денсаулығы үшін жауап береміз, сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы бөлімшелерді кіргізу ұйғарылды», – дейді ол. Сонымен бірге, Жанат Кешубаев 81 сотталушының жарақат алып, 1 адамның қаза тапқандығын айтады. Бірақ сұхбат алынып жатқан тұста (12 тамыздың түс мезгілі) ең аз дегенде үш адамның қаза тапқандығы белгілі болған.
Вадим Курамшиннің пікірінше, тірідей жанып кеткен жазасын өтеушіні ғана емес, қалған екеуін де құтқарып қалуға болатын еді, бірақ «ақпарат тарап кетпес үшін әкімшілік зардап шегушілердің ауруханаға жеткізілгенін қаламады. Тек ауыр жараланған сегіз адамды ғана алып кетті. Қалғандары ұзақ уақыт бойы қансырап жатты. Екі адам солай өлді».
ТАҒЫ ДА СОЛ «ЖАБАЙЫ АРМАН»
Қазір ресми тұлғалар түрмедегі тәртіпсіздіктің бес ұйымдастырушысы анықталғанын мәлімдеді. Оның бірі деп қазір Көкшетау қаласындағы КПЗ-да оқшауланған, спорттың күшке байланысты түрлерінің бірінен жеті мәрте Қазақстан чемпионы Арман Жұмагелдиевтің есімі аталады. Бұл – осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкентте оппозиция лидері Жармахан Тұяқбаевқа жасалған шабуылға жетекшілік еткен «Жабайы Арман».
«Өздері жауапкершіліктен құтылу үшін оларға әйтеуір біреуді кінәлі ғып шығару керек, әділетті сот төрелігіне жүгіну тұрғысында жалпыға бірдей конституциялық құқыққа ие біздің балаларымыздың тағдырына балта шауып отырғандықтары оларға бәрібір», – деп мәлімдеді 13 тамызда Астанада өткен баспасөз-мәслихатында Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Жұмагелдиева.
Оның айтуынша, ұлы ереуілге қатысуға мәжбүр болған, өйткені үш жылдық жазасының екі жарым жылын өтеген соң биыл қыркүйекте шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға тиіс болатын. "Бостандыққа шығуына бір ай мерзім қалғанда ереуіл ұйымдастырудың оған не керегі бар?" дейді Арман Жұмагелдиевтің анасы.
Сотталушылардың туыстары зардап шегушілердің тағдырына байланысты нақты мәліметтің, істің ақ-қарасының әділетті түрде анықталатындығына кепілдік алу үшін тағы да қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығымен кездеспек.